Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын, ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1037 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12659 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабының 10) және 11) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын, ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісу қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1037 бұйрығымен бекітілген

Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына)
тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік
реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын, ұйымдар
жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша
өлшемдерді ұсыну, қарау және келісу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.12.2019 № 663 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын, ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.

      2. Осы Қағидалар Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне (бұдан әрі – Тіркелім) енгізілген Табиғи монополиялар субъектілерінің, Мемлекеттік органдар көрсететін ақылы қызметтердің Мемлекеттік тіркеліміне (бұдан әрі – Мемлекеттік тіркелім) енгізілген ақылы қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, реттелетін тауар нарығында Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізілген реттелетін тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің (бұдан әрі – Ұйым) еңбек нормаларын (табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік санын қоспағанда) және (немесе) еңбекке ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісудің бірыңғай тәртібін белгілейді.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      еңбек жөніндегі уәкілетті орган – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы орган;

      еңбек (уақыт, өндірім, еңбек сыйымдылығы, қызмет көрсету, сан) нормалары (бұдан әрі – еңбек нормалары) – еңбек шығындарының өлшемі және тиісті біліктілігі бар жұмыскер үшін техниканың, технологияның, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қол жеткізілген деңгейіне сәйкес белгіленеді;

      көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесінің өлшемдері (бұдан әрі – еңбекке ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдер) – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді сақтай отырып, ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу шарттарын айқындау;

      материалдар – еңбек нормаларына және (немесе) еңбекке ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерге нормативтік, есептік және басқа да негіздеме материалдар;

      өтінім – Ұйымның ұйымдарда еңбек нормаларын және (немесе) еңбекке ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді қарау және келісу туралы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға, тиісті қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органына, еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органға ресми мәлімдемесі (өтініші);

      уәкілетті орган – тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдары, ал Ұйым коммуналдық меншікте болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар.

      Осы Қағидаларда қолданылатын басқа да ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Ұйымдарда еңбек нормаларын және (немесе) еңбекке ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.12.2019 № 663 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Еңбек нормаларын келісу туралы өтінімді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және уәкілетті органға Мемлекеттік тіркелімге, Тіркелім мен Тізілімнің республикалық, Тіркелім, Тізілімнің жергілікті бөлімдеріне енгізілген Ұйым ұсынады.

      Еңбекке ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді келісу туралы өтінімді:

      еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға – Мемлекеттік тіркелімге, Тіркелім мен Тізілімнің республикалық бөлімдеріне енгізілген Ұйым;

      еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органға – Тіркелім, Тізілімнің жергілікті бөлімдеріне енгізілген Ұйым ұсынады.

      Өтінімге осы Қағидалардың 3-тарауында жазылған тізбелерге сәйкес қажетті материалдар қоса беріледі.

      5. Ұйым ұсынған өтінімді еңбек жөніндегі уәкілетті орган ол келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде қарайды.

      6. Ұсынылған құжаттарды растау, нақтылау және тексеру үшін еңбек жөніндегі уәкілетті орган:

      1) жұмыс тобын құрады және зерттелетін Ұйымға барып, еңбек нормаларына іріктемелі сараптамалық зерттеу жүргізеді (нормаларды белгілеу жөніндегі тексеру есептерін орындау, нормалардың қауырттығын және оларды орындаудың орта пайызын белгілеу, жекелеген жұмыс, операция түрлері бойынша іріктемелі фотохронометраждық бақылаулар жүргізу және келісуге ұсынылған нормаларды тексеру нәтижесінде белгіленген нормалармен салыстыру) және соның негізінде қорытынды даярлайды. Сараптама нәтижелері бойынша қорытынды тұтастай еңбек нормалары бойынша беріледі;

      2) іріктемелі сараптамалық зерттеу жүргізуге басқа Ұйымдардың, уәкілетті органның еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу мәселелерімен айналысатын мамандарын және (немесе) еңбек жөніндегі нормативтерді әзірлеуді жүзеге асыратын тәуелсіз сарапшыларды тартады;

      3) Ұйымнан соңғы екі жылдағы еңбекке ақы төлеу жүйесі, жұмыс істейтіндердің саны туралы мәліметтер және көлемдік көрсеткіштерді сұратады.

      7. Еңбек нормаларын және (немесе) еңбекке ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді қарау нәтижелері бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті орган:

      жобаларға ескертулер мен ұсыныстар болған кезде Ұйымға оларды пысықтау қажеттігі туралы дәлелді қорытынды жолдайды;

      Ұйым осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген материалдарды ұсынбаған жағдайларда өтінімді қарауға қабылдаудан бас тартады;

      осы Қағидалардың барлық талаптары орындалған кезде Ұйымның еңбек нормаларын және (немесе) еңбекке ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерін келіседі және оларды уәкілетті органға келісуге және Ұйымға бекітуге жібереді.

      8. Ұйым бекіткен еңбек нормаларының (қағаз және электрондық жеткізгіштерде) және (немесе) еңбекке ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдердің (қағаз жеткізгіште) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасы оларды бекіткен сәттен бастап күнтізбелік 10 күннің ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.

      9. Еңбек нормаларын және (немесе) еңбекке ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді еңбек жөніндегі уәкілетті орган және уәкілетті орган үш жылдан аспайтын мерзімге қарайды және келіседі.

3-тарау. Ұсынылатын материалдардың тізбесі және олардың мазмұны

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.12.2019 № 663 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Ұйымның еңбек жөніндегі уәкілетті органға ұсынатын еңбек нормаларын келісу туралы өтініміне мынадай материалдар:

      1) ұсынылып отырған материалдардың тізбесі;

      2) еңбек нормаларының жобасы;

      3) ұсынылған еңбек нормаларының негіздемесі (оларды операцияларға және зерделеніп отырған операцияны оны құраушы элементтерге бөле отырып, технологиялық, еңбек (өндірістік) процестерін хронометраждық бақылаудың нәтижелері; тиісті есептер, функциялардың матрицалары, лауазымдық міндеттер, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер және басқалары);

      4) құжаттық дәлелдемелер немесе еңбекті нормалауды ұйымдастыру саласындағы білікті кадрлармен, мамандармен қамтамасыз етілгенін растайтын әзірлеуші туралы басқа да ақпарат: еңбекті нормалау жөніндегі нормативтік материалдарды әзірлеуді жүзеге асыратын басшы мен жұмыскерлердің жоғары білімінің (экономикалық, инженерлік-экономикалық, техникалық) болуы; басшы мен жұмыскерлердің кәсіптік білімдерін, білімін (диплом, сертификат), ғылыми және практикалық қызметін растайтын құжаттардың болуы, жұмыс орны, өндірістік тәжірибесі және осы саладағы еңбек өтілі туралы мәліметтер;

      5) Ұйым еңбек нормаларының жобасын әзірлеу кезінде қолданатын еңбек нормалары (бар болса);

      6) уәкілетті органның бұрын қолданыста болған техникалық негізделген нормаларды уақытша (еңбек нормалары әзірленгенге дейін) қолдану туралы шешімінің көшірмесі қоса берілуге тиіс.

      11. Ұйымның еңбекке ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді келісу туралы еңбек жөніндегі уәкілетті органға ұсынатын өтініміне мынадай материалдар:

      1) ұсынылып отырған материалдардың тізбесі;

      2) ұжымдық шарттың (бар болса) көшірмесі;

      3) Ұйым жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу және ынталандыру туралы ереже, ол персонал санаттары бойынша лауазымдық айлықақыларға (тарифтік мөлшерлемелерге) сараланған қосымша ақылар мен үстеме ақыларды, өтемақы төлемдерін, сыйлықақы беру жүйесі мен басқа да сыйақыларды қосқанда, еңбекке ақы төлеудің нысаны мен жүйесін қамтуға тиіс. Мемлекеттік кәсіпорындар үшін – уәкілетті орган бекіткен ұйым басшыларын, олардың орынбасарларын, бас бухгалтерлерін ынталандыру туралы ереже қосымша ұсынылады;

      4) ағымдағы жылға ұйым жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу қорын (еңбекке ақы төлеу шығыстарын) бекіту туралы шешімнің көшірмесі;

      5) жұмыскерлердің, оның ішінде әкімшілік персонал бойынша штаттық кестесін бекіту туралы, мемлекеттік кәсіпорындар үшін – басшылардың, олардың орынбасарларының, бас бухгалтерлердің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекіту туралы шешімнің көшірмесі;

      6) бекітілген штаттық кесте мен жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларының (тарифтік мөлшерлемелерінің) мөлшері (оларды разрядтар бойынша бөле отырып) қоса беріледі.

      12. Ұйымның әкімшілік персоналы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 981 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12600 болып тіркелген) бекітілген әкімшілік персоналға жататын жұмыскерлер лауазымдары атауларының тізбесіне сәйкес анықталады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.12.2019 № 663 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Материалдар екі данада ресімделеді, олар кітапшаланған, тігілген, нөмірленген болуға, атауы (мазмұны) бар, тиісті келісу, бекіту және ұзарту грифтері бар титулды парағын қамтуға тиіс. Материалдың әрбір парағына Ұйым басшысы немесе басшысының жетекші орынбасары қол қояды.

      Еңбек нормасының құрылымы бірыңғай және 3 бөлімді: "Жалпы бөлік", "Еңбекті ұйымдастыру", "Нормативтік бөлікті" қамтиды.

      "Жалпы бөлім" бөлімінде:

      1) еңбек нормаларының не үшін арналғандығы;

      2) нормативтердің жұмыскерлердің қандай лауазымдарына, кәсіптеріне, санаттарына белгіленгені;

      3) әзірлеу негізіне не алынғаны (жұмыскерлердің нақты саны, жұмыс көлемі туралы деректер, фотохронометраждық бақылаулардың негізінде жұмыс уақыты шығынын зерттеу материалдары, статистикалық деректер, еңбек нормаларын әзірлеуде пайдаланылған жұмыскерлердің еңбек шығынына әсер ететін сипаттаушы факторлар, сондай-ақ аталған нормативтерге негіздеу үшін қоса берілген басқа нормативтік актілер);

      4) жұмысшылардың кәсіптері мен қызметшілер лауазымдары атауларының Жұмыстар мен жұмысшы әсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының анықтамалығына сәйкестігіне сілтеме;

      5) нормативтердің жұмыс орнына қызмет көрсетуге және тынығу мен жеке қажеттіліктер бойынша уақыт ескеріле отырып әзірленгенін көрсету;

      6) элементтерінің мағынасын аша отырып, келу және тізімдік санының есептеу формулалары келтіріледі.

      "Еңбекті ұйымдастыру" бөлімінде: жұмыстардың қандай нормативтік құқықтық актілерге және нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүргізілетіні; еңбектің ұйымдастырушылық-техникалық жағдайлары (қауіпсіздік шаралары; қолданылатын құрал-саймандар, жабдық, тәсілдер); жинақта көрсетілген жұмыстар қалай жүзеге асырылатыны; жұмыстың бүкіл кешенін жүзеге асыратын орындаушылардың саны (еңбек бөлінісі кезінде); жұмыс аяғында құжаттаманың ресімделуі көрсетіледі.

      "Нормативтік бөлік" бөлімінде жұмыстардың мазмұны (операцияның жалпы атауы және оның оны құраушы элементтерге бөлінуі); орындаушылардың құрамы, орындаушылардың саны келтіріледі.

4-тарау. Келісуге ұсынылатын еңбек нормаларына қойылатын негізгі талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.12.2019 № 663 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Еңбек нормалары прогрессивті, кешенді түрде негізделген, талап етілетін дәлдік деңгейіне сәйкес, жұмысты орындаудың әртүрлі ұйымдастырушылық-техникалық нұсқаларын неғұрлым толық қамтыған, олар бойынша нақты орындаушылардың еңбек шығындары нормаларын есептеуге ыңғайлы болуға тиіс.

      15. Еңбек жөніндегі нормаларды ауыстыру үшін негіздемелер болмаған жағдайда, ұйым еңбек жөніндегі нормалардың түпнұсқасын, оларды негіздеу бойынша материалдар мен түсіндірме жазбаны міндетті түрде ұсынған кезде еңбек жөніндегі уәкілетті орган және уәкілетті орган олардың қолданылу мерзімін үш жылға ұзартады.

      Еңбек нормаларының қолданылу мерзімін ұзартуды еңбек жөніндегі уәкілетті орган және уәкілетті орган түпнұсқасының титулдық парағында еңбек жөніндегі уәкілетті органның және уәкілетті органның нормативтердің қолданылу мерзімін ұзарту туралы хаттарының күні мен нөмірін көрсету жолымен ресімдейді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 21.04.2023 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.12.2019 № 663 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Жұмыскерлер еңбек нормаларын орындау үшін Ұйым Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға жауап беретін еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді.

      17. Еңбек нормалары Ұйымның персоналдың нормативтік санын, еңбек шығындары нормаларын есептеуі үшін негіз болып табылады.

      18. Ұйымдар еңбекке ақы төлеу мәселелерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешеді.

Об утверждении Правил представления, рассмотрения и согласования норм труда и (или) параметров по системе оплаты труда работников организаций, на услуги (товары, работы) которых вводится государственное регулирование тарифов (цен, ставок сборов)

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1037. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 декабря 2015 года № 12659.

      Примечание РЦПИ!
      Настоящий приказ вводится в действие с 01.01.2016 г.

      В соответствии с подпунктами 10) и 11) статьи 16 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила представления, рассмотрения и согласования норм труда и (или) параметров по системе оплаты труда работников организаций, на услуги (товары, работы) которых вводится государственное регулирование тарифов (цен, ставок сборов).

      2. Департаменту труда и социального партнерства Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Нурымбетова Б.Б.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

Министр здравоохранения


и социального развития


Республики Казахстан

Т. Дуйсенова


  Утверждены
приказом Министра
здравоохранения и социального
развития Республики Казахстан
от 28 декабря 2015 года № 1037

Правила
представления, рассмотрения и согласования
норм труда в организациях и (или) параметров по
системе оплаты труда работников организаций,
на услуги (товары, работы) которых вводится
государственное регулирование тарифов
(цен, ставок сборов)

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 11.12.2019 № 663 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила представления, рассмотрения и согласования норм труда в организациях и (или) параметров по системе оплаты труда работников организаций, на услуги (товары, работы) которых вводится государственное регулирование тарифов (цен, ставок сборов) (далее - Правила) разработаны в соответствии с Трудовым Кодексом Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

      2. Настоящие Правила устанавливают единый порядок представления, рассмотрения и согласования норм труда (за исключением нормативной численности субъектов естественных монополий) и (или) параметров по системе оплаты труда Субъектов естественных монополий, включенных в Государственный регистр субъектов естественных монополий (далее - Регистр), государственных органов, оказывающих платные услуги, включенные в Государственный регистр платных услуг, оказываемых государственными органами (далее - Государственный регистр), субъектов рынка, занимающих доминирующее или монопольное положение на регулируемых рынках (далее - Организация), включенных в Государственный реестр субъектов рынка, занимающих доминирующее или монопольное положение на регулируемых рынках (далее - Реестр).

      3. Для целей настоящих Правил применяются понятия:

      уполномоченный орган по труду – уполномоченный государственный орган по труду или местный исполнительный орган в области регулирования трудовых отношений;

      нормы труда (времени, выработки, трудоемкости, обслуживания, численности) (далее – нормы труда) - мера затрат труда и устанавливаются для работника соответствующей квалификации в соответствии с достигнутым уровнем техники, технологии, организации производства и труда;

      параметры по системе оплаты труда работников организаций, на услуги (товары, работы) которых вводится государственное регулирование тарифов (цен, ставок сборов) (далее - параметры по системе оплаты труда) - определение условий оплаты труда работников организаций, с соблюдением государственных гарантий в области оплаты труда, предусмотренных законодательством Республики Казахстан;

      материалы - нормативные, расчетные и другие обосновывающие материалы к нормам труда и (или) параметрам по системе оплаты труда;

      заявка - официальное обращение (заявление) Организации в уполномоченный государственный орган по труду, уполномоченный государственный орган соответствующей сферы деятельности, местный исполнительный орган в области регулирования трудовых отношений о рассмотрении и согласовании норм труда в организациях и (или) параметров по системе оплаты труда;

      уполномоченный орган - государственные органы соответствующих сфер деятельности, а в случае, когда Организация находится в коммунальной собственности, местные исполнительные органы.

      Иные понятия и термины, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок и сроки представления, рассмотрения и согласования норм труда в организациях и (или) параметров по системе оплаты труда

      Сноска. Заголовок главы 2 в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 11.12.2019 № 663 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Заявка о согласовании норм труда представляется в уполномоченный государственный орган по труду и в уполномоченный орган Организацией, включенной в Государственный регистр, в республиканские разделы Регистра и Реестра, в местные разделы Регистра, Реестра.

      Заявка о согласовании параметров по системе оплаты труда представляется:

      в уполномоченный государственный орган по труду - Организацией, включенной в Государственный регистр, в республиканские разделы Регистра и Реестра;

      в местный исполнительный орган в области регулирования трудовых отношений - Организацией, включенной в местные разделы Регистра, Реестра.

      К заявке прилагаются необходимые материалы согласно перечням, изложенным в главе 3 настоящих Правил.

      5. Заявка, представленная Организацией, рассматривается уполномоченным органом по труду в течение тридцати календарных дней с момента ее поступления.

      6. Для подтверждения, уточнения и проверки представленных материалов уполномоченный орган по труду:

      1) создает рабочую группу и проводит выборочное экспертное обследование качества норм труда с выездом в обследуемую Организацию (выполнение проверочных расчетов по установлению норм, установление напряженности норм и средний процент их выполнения, проведение выборочных фотохронометражных наблюдений по отдельным видам работ, операций и сопоставление представленных на согласование норм с нормами, установленными в результате проверки) и готовит на его основе заключение. Заключение по результатам экспертизы выдается в целом по нормам труда;

      2) привлекает к проведению выборочного экспертного обследования специалистов других Организаций, уполномоченного органа, занимающихся вопросами нормирования и оплаты труда и (или) независимых экспертов, осуществляющих разработку нормативов по труду;

      3) запрашивает у Организации сведения о системе оплаты труда, численности работающих и основные объемные показатели за последние два года.

      7. По итогам рассмотрения норм труда и (или) параметров по системе оплаты труда уполномоченный орган по труду:

      при наличии замечаний и предложений к проектам направляет Организации мотивированное заключение о необходимости их доработки;

      отказывает в принятии заявки к рассмотрению в случаях непредставления Организацией материалов, предусмотренных главой 3 настоящих Правил;

      при выполнении всех требований настоящих Правил согласовывает нормы труда и (или) параметры по системе оплаты труда Организации и направляет их в уполномоченный орган на согласование и в Организацию на утверждение.

      8. Один экземпляр, утвержденных Организацией норм труда (на бумажном и электронном носителях) и (или) параметров по системе оплаты труда (на бумажном носителе) на государственном и русском языках направляется в уполномоченный орган по труду в течение 10 календарных дней с момента их утверждения.

      9. Нормы труда и (или) параметры по системе оплаты труда, рассматриваются и согласовываются уполномоченным органом по труду и уполномоченным органом сроком не более чем на три года.

Глава 3. Перечень представляемых материалов и их содержание

      Сноска. Заголовок главы 3 в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 11.12.2019 № 663 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. К заявке о согласовании норм труда, представляемой Организацией в уполномоченный орган по труду должны прилагаться следующие материалы:

      1) перечень представляемых материалов;

      2) проект норм труда;

      3) обоснование представленных норм труда (результаты хронометражных наблюдений за технологическим, трудовым (производственным) процессами, с расчленением их на операции и разделением изучаемой операции на составляющие ее элементы; соответствующие расчеты, матрицы функций, должностные обязанности, положения о структурных подразделениях и другие);

      4) представление документальных доказательств или другой информации о разработчике, подтверждающие: обеспеченность квалифицированными кадрами, специалистами в области организации нормирования труда: наличие высшего образования (экономическое, инженерно-экономическое, техническое) у руководителя и работников, осуществляющих разработку нормативных материалов по нормированию труда; наличие документов, подтверждающих профессиональные знания, образование (диплом, сертификат), научная или практическая деятельность, сведения о месте работы, производственный опыт и стаж работы в данной сфере руководителя и работников;

      5) нормы труда (при их наличии), используемые Организацией при разработке проекта норм труда;

      6) копия решения (приказа) уполномоченного органа о временном использовании (до разработки норм труда) ранее действовавших технически обоснованных норм.

      11. К заявке о согласовании параметров по системе оплаты труда, представляемой Организацией в уполномоченный орган по труду прилагаются следующие материалы:

      1) перечень представляемых материалов;

      2) копия коллективного договора (при его наличии);

      3) положение об оплате и стимулировании труда работников Организации, которое должно включать форму и систему оплаты труда, включая дифференцированные доплаты и надбавки к должностным окладам (тарифным ставкам) по категориям персонала, компенсационные выплаты, систему премирования и иного вознаграждения. Для государственных предприятий - дополнительно представляется положение о стимулировании руководителей, их заместителей, главных бухгалтеров организации, утвержденное уполномоченным органом;

      4) копия решения об утверждении фонда оплаты труда (расходов на оплату труда) работников организации на текущий период;

      5) копия решения об утверждении штатного расписания работников, в том числе по административному персоналу, для государственных предприятий - об утверждении размеров должностных окладов руководителей, их заместителей, главных бухгалтеров в соответствии с действующим законодательством;

      6) утвержденное штатное расписание и размеры должностных окладов (тарифных ставок) работников (с их распределением по разрядам).

      12. Административный персонал организации определяется согласно перечню наименований должностей работников, относящихся к административному персоналу, утвержденного приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 21 декабря 2015 года № 981 (зарегистрирован Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12600).

      Сноска. Пункт 12 в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 11.12.2019 № 663 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. Материалы оформляются в двух экземплярах, должны быть сброшюрованы, прошиты, пронумерованы, содержать оглавление (содержание), титульный лист с соответствующими грифами согласования, утверждения и продления. Каждый лист материалов подписывается руководителем или курирующим заместителем руководителя Организации.

      Структура норм труда едина и содержит 3 раздела: "Общая часть", "Организация труда", "Нормативная часть".

      В разделе "Общая часть" приводится:

      1) предназначение норм труда;

      2) на какие должности, профессии, категории работников установлены нормативы;

      3) что положено в основу разработки (данные о фактической численности работников, объемах работ, материалы изучения затрат рабочего времени на основе фотохронометражных наблюдений, статистические данные, характеризующие факторы, влияющие на затраты труда работников, использованные при разработке норм труда, а также другие нормативные акты с их приложением для обоснования к данным нормативам);

      4) ссылка на соответствие наименований профессий рабочих и должностей служащих Единому тарифно-квалификационному справочнику работ и профессий рабочих и Квалификационному справочнику должностей руководителей, специалистов и других служащих;

      5) указание на разработку нормативов с учетом времени по обслуживанию рабочего места и на отдых и личные надобности;

      6) расчетные формулы явочной, списочной численности с расшифровкой ее элементов.

      В разделе "Организация труда" отражается: в соответствии с какими нормативными правовыми актами и нормативно-технической документацией производятся работы; организационно-технические условия труда (меры безопасности; применяемые инструменты, оборудование, приемы); каким образом осуществляются работы, указанные в сборнике; количество исполнителей (при разделении труда), осуществляющие весь комплекс работ; оформление документации по завершению работ.

      В разделе "Нормативная часть" приводится содержание работ (общее наименование и разделение операции на ее составляющие элементы); состав исполнителей, количество исполнителей.

Глава 4. Основные требования к представляемым на согласование нормам труда

      Сноска. Заголовок главы 4 в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 11.12.2019 № 663 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. Нормы труда должны быть прогрессивными, комплексно обоснованными, соответствовать требуемому уровню точности, наиболее полно охватывать различные варианты организационно-технических условий выполнения работы, должны быть удобными для расчета по ним норм затрат труда конкретных исполнителей.

      15. В случае отсутствия оснований для замены норм труда, уполномоченным органом по труду и уполномоченным органом продлевается на три года срок их действия при обязательном предоставлении организацией оригинала норм труда, материалов по их обоснованию и пояснительной записки.

      Продление срока действия норм труда оформляется путем проставления уполномоченным органом по труду и уполномоченным органом на титульном листе оригинала соответствующих отметок с указанием даты и номера писем уполномоченного органа по труду и уполномоченного органа о продлении срока действия норм.

      Сноска. Пункт 15 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 21.04.2023 № 134 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 5. Заключительные положения

      Сноска. Заголовок главы 5 в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 11.12.2019 № 663 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. Для выполнения работниками норм труда Организацией обеспечиваются условия труда, отвечающие требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан.

      17. Нормы труда являются основой для расчета Организацией нормативной численности персонала, норм затрат труда.

      18. Организации решают вопросы оплаты труда в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.