Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12665 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабы 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрi Б.Б. Нұрымбетовқа жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1019 бұйрығымен
бекітілген

Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

      Ескерту. Қағида мен мерзімдері жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.04.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 16-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқау беру және білімін тексерудің тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайланылады:

      1) арнайы кәсіптік құзыреттер – белгілі бір салада еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тиімді кәсіби қызмет үшін ұйымның басшылары мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарға қажетті құзыреттер;

      2) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      3) еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген жұмыскерлердің қорғалу жай-күйі;

      4) жалпы кәсіптік құзыреттер – еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тиімді кәсіби қызмет үшін ұйымның басшылары мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарға қажетті құзыреттер;

      5) желілік технология – оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді, білім алушылардың оқытушымен және бір-бірімен интерактивтік өзара іс-қимыл нысандарын, сондай-ақ Интернет желісін пайдалану негізінде оқу процесін әкімшілендіруді қамтитын технология;

      6) қауіпсіздік нормалары – жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен критерийлерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

      7) қашықтан оқыту – педагог пен білім алушылардың қашықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып өзара іс-қимыл жасауы кезінде жүзеге асырылатын оқыту;

      8) құзырет – еңбек функциясын құрайтын бір немесе бірнеше кәсіби міндеттерді орындауға мүмкіндік беретін дағдыларды қолдану қабілеті;

      9) мультимедиа – пайдаланушыға әртекті деректермен (графикамен, мәтінмен, дыбыспен, бейнемен) жұмыс істеуге мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені;

      10) оқу орталығы – басшыларға және жауапты жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды жүргізетін ұйым;

      11) рұқсат беру наряды – белгіленген нысандағы арнайы бланкіде ресімделген және жұмыс мазмұнын, орнын, оның басталу және аяқталу уақытын, оны қауіпсіз орындау шарттарын, қажетті қауіпсіздік шараларын (оның ішінде радиациялық, өрт қауіпсіздігі және газдалған жұмыс орындарында), бригада құрамы мен жауапты жұмыскерлерді айқындайтын, жұмысты қауіпсіз жүргізуге арналған тапсырма.

2-тарау. Жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту және білімін тексеруді өткізу тәртібі

      3. Жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту және білімін тексеру жылына бір реттен сиретпей өткізіледі.

      4. Жұмысқа қабылданған адамдар, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстырылатын жұмыскерлер кейіннен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруді жүргізе отырып, жұмыс беруші белгілеген мерзімде, бірақ еңбек шарты жасалғаннан немесе басқа жұмысқа ауысқаннан кейін бір айдан кешіктірмей оқудан өтеді.

      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімдерін тексеруден өтпеген жұмыскерлер жұмысқа жіберілмейді.

      Жұмыскер басқа жұмыс орнына не басқа құрылымдық бөлімшеге ауысқан не лауазымы, мамандығы, кәсібі, біліктілігі шегінде басқа механизмде немесе агрегатта жұмыс тапсырылған кезде қайта оқыту және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеру талап етілмейді.

      5. Ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты жұмыскерлерінің тізімін, оқыту жүргізіліп жатқан жұмыстар мен кәсіптер тізбесін, сондай-ақ оқытудың тәртібін, нысанын жұмыс беруші кәсіптің сипатына, жұмыстардың түріне, өндірістің ерекшелігі мен еңбек қауіпсіздігі жағдайына қарай, жұмыскерлер өкілдерімен (олар болған кезде) келісе отырып белгілейді.

      6. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруге жататын жұмыскерлерді жұмыс беруші оны өткізу басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей ескертеді.

      7. Жұмыстардың, лауазымның, кәсіптің осы түрі бойынша үш және одан да көп жыл, ал қауіптілігі жоғары жұмыстарда бір жылдан астам үзілісі бар жұмыскерлер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен білімін тексеруден өзіндік жұмысы басталғанға дейін өткізіледі.

      8. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту (сабақтар, дәрістер, семинарлар) жұмыс берушіде тиісті салалардың мамандарын, кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар инженерлік-техникалық жұмыскерлерді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаты бар ұйымның еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтері жөніндегі техникалық инспекторларын тарта отырып жүргізіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2023 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқу бағдарламалары осы ұйымның ерекшелігін ескере отырып, теориялық және өндірістік оқытуды көздейді және оны жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.

      10. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша, еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне өндірістік оқыту ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға жауапты жұмыскерлерінің басшылығымен оқу сыныптарында, шеберханаларда, учаскелерде, цехтарда өткізіледі.

      11. Еңбек қауіпсіздігінің заңнамада белгіленген арнайы талаптары қойылатын жұмыстармен байланысты жекелеген өндірістерде жұмыскерлер қосымша арнайы оқудан өтеді.

      12. Жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша мәселелері бойынша оқыту еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексерумен (емтиханмен) аяқталады.

      13. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерді тексеруді жұмыс берушінің актісімен құрылатын, кемінде үш адамнан тұратын емтихан комиссиясы өткізеді және комиссия төрағасы мен осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген мамандардың ішінен комиссия мүшелерінен тұрады. Емтихан комиссиясының жұмысына жұмыскер өкілдерінің (бар болса) қатысуы міндетті.

      14. Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негізде жүзеге асырылады.

      15. Емтихан комиссиясының жұмыс тәртібі жұмыс берушінің актісінде белгіленеді.

      16. Жұмыскерлердің білімдерін тексеру нәтижелері хаттамамен ресімделеді. Емтихан комиссиясының білімді тексеру жөніндегі отырысының хаттамасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделеді. Хаттамаға төраға және емтихан комиссиясының мүшелері қол қояды.

      17. Білімін тексеруден сәтті өткен жұмыскерге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қағидаларды, нормалар мен нұсқаулықтарды білуін тексеру жөніндегі куәлік беріледі.

      18. Жұмыскер қанағаттанарлықсыз деген баға алған кезде білімін қайта тексеру бір айдан кешіктірмей белгіленеді. Жұмыскер қайта оқудан өтеді және білімін тексеруге дейін жұмыскер Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 48-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен жұмыстан шеттетіледі.

3-тарау. Басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан өткізу тәртібі

      19. Басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар (бұдан әрі – жауапты жұмыскерлер) оқу орталықтарында күндізгі немесе "on-line" режимінде желілік технология бойынша қашықтықтан нысанында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жалпы немесе арнайы кәсіптік құзыреттерді дамыту бойынша оқытудан өтеді.

      20. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жауапты жұмыскерлерді оқыту және білімдерін тексеру оқу орталығында:

      1) кәсіпкерлік субъектілерінің санатын ескере отырып, жалпы кәсіптік құзыреттерді дамыту бойынша бір рет жүзеге асырылады және қайта өтуді талап етпейді;

      2) экономикалық қызмет түрін, өндірістік еңбек жағдайларын есепке ала отырып, арнайы кәсіптік құзыреттерді дамыту бойынша үш жылда бір рет жүзеге асырылады.

      21. Оқу орталығының мыналарды:

      1) аудио-бейнетехникамен жабдықталған оқу сыныбын (меншікті немесе жалға алынған);

      2) тестілеу үшін компьютерлерді және мультимедианы;

      3) оқытудың әртүрлі тақырыптары бойынша көрнекі құралдарды;

      4) оқу-әдістемелік материалдарды (мерзімді басылымдар) қамтитын материалдық-техникалық базасы бар.

      Қашықтықтан оқыту кезінде оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу орталығында:

      1) оқу контенті мен білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әкімшілік ақпараты бар парақтардан тұратын білім беру порталының;

      2) оқытуды "оn-lіne" режимде желілік технология бойынша (бейнеконференция) жүргізу мүмкіндігі бар мультимедиалық сыныптардың болуы талап етіледі.

      22. Жауапты жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту (сабақтар, дәрістер, семинарлар) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша оқу және білімін тексеруден өткені туралы сертификаты бар мамандарды (келісу бойынша), бейінді оқу орындарының оқытушыларын, заңгерлер мен инженерлік-техникалық жұмыскерлерді және ірі өнеркәсіп ұйымдарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің мамандарын тарта отырып жүргізіледі. Оқу процесіне еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның маманын (келісу бойынша) тартылуы мүмкін.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2023 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Ұйымдар жауапты жұмыскерлердің тізімдерін және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен білімдерін тексеруді жүргізу кестелерін жасайды, олар жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.

      24. Жауапты жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жалпы және арнайы кәсіптік құзыреттерді дамыту жөніндегі оқыту оқу тақырыптары, оқыту нысандары, сондай-ақ сағат саны туралы ақпаратты қамтитын Оқу бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.

      25. Жауапты жұмыскерлердің жалпы және арнайы кәсіптік құзыреттерін дамыту жөніндегі оқу бағдарламаларын оқу орталықтары Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия ұсынатын оқу бағдарламасының негізінде әзірлейді және оқу орталықтарының басшылары бекітеді.

      Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның ұсынымдары еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      26. Жауапты жұмыскерлер үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жалпы кәсіптік құзыреттерді дамыту бойынша оқыту ұзақтығы мыналарды құрайды:

      ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – кемінде 72 академиялық сағат;

      орта кәсіпкерлік субъектілері үшін –кемінде 40 академиялық сағат;

      шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері үшін – кемінде 24 академиялық сағат.

      27. Жауапты жұмыскерлер үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша арнайы кәсіби құзыреттерді дамыту бойынша оқыту ұзақтығы мыналарды құрайды:

      ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – кемінде 40 академиялық сағат;

      орта кәсіпкерлік субъектілері үшін –кемінде 24 академиялық сағат;

      шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері үшін – кемінде 16 академиялық сағат.

      28. Жауапты жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде оқыту еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексерумен (тестпен) аяқталады.

      Жауапты жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеру күндізгі немесе "on-line" режимінде қашықтықтан оқыту форматында оқу орталығының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып жүргізіледі.

      Жауапты жұмыскерлердің білімін қашықтықтан форматта "on-line" режимінде тексеру оларды оқу орталығының ақпараттық жүйесі сәйкестендіргеннен кейін жүргізіледі.

      29. Білімді тексеру үшін оқу орталығы өндірістік ерекшеліктерді, мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын және оқу бағдарламаларын ескере отырып, емтихан тестілерін әзірлейді.

      Тест сұрақтары оқу бағдарламасының әр тақырыбы бойынша құрастырылады. Бұл ретте тесттегі сұрақтардың жалпы саны 80-нен аспайды.

      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімді тексеруден өтудің шекті мәні тест бойынша дұрыс жауаптардың кемінде 70%-ын құрайды.

      Тестерді орындау үшін жалпы уақыт

      60 минутты құрайды. Тесттерді орындауға бөлінген уақыт өткеннен кейін тестілеу автоматты түрде аяқталады.

      30. Емтихан комиссиясы тестілеу нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеруден өтті;

      2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдері қайта тексерілуге тиіс.

      31. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын білуін тексеру нәтижелері құрамында кемінде үш адам бар оқу орталығы басшысының актісімен құрылатын емтихан комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді.

      Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негізде жүзеге асырылады.

      32. Емтихан комиссиясының білімді тексеру жөніндегі отырысының хаттамасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделеді. Хаттамаға емтихан комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.

      33. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеруден өткен жауапты жұмыскерлерге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат беріледі.

      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жалпы кәсіптер құзыреттерді дамыту бойынша жауапты жұмыскерлерді оқытудан өту кезінде сертификат мерзімсіз қолданылады, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша арнайы кәсіптік құзыреттерді дамыту бойынша сертификат тест тапсырған күннен бастап үш жыл қолданылады.

      34. Жұмысқа қабылданған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты жұмыскерлер тағайындалған күннен бастап бір айдан кешіктірмей еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өтеді.

      35. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеруден өтпеген жауапты жұмыскерлер оны қайта өткенге дейін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 48-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі.

      36. Жауапты жұмыскерлер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін кезектен тыс тексеруден мынадай жағдайларда:

      1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде жаңа нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілген, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде;

      2) жұмыс берушінің шешімі бойынша жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық процестер пайдалануға енгізілген кезде;

      3) жұмыс берушінің шешімі бойынша жауапты жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстырылған немесе ол еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қосымша білімді талап ететін басқа лауазымға тағайындалған кезде;

      4) жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша соңы адам өлімімен немесе ауыр (мүгедектікпен) аяқталған топтық жазатайым оқиғалар орын алған кезде, сондай-ақ авария, жарылыс, өрт немесе улану кезінде;

      5) жұмысында бір жылдан астам уақыт үзіліс болған кезде өтеді.

      37. Емтихан комиссиясының шешіміне байланысты дауларды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе сот қарайды.

      38. Ұйымдарда жауапты жұмыскерлерді оқудан және білімін тексеруден уақтылы өтуін бақылауды жұмыс беруші жүзеге асырады.

4-тарау. Жұмыскерлерге, басшыларға және еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша нұсқау беруді жүргізу тәртібі мен мерзімдері

      39. Нұсқау беру сипаты мен жүргізілу уақытына қарай былай бөлінеді:

      1) кіріспе;

      2) жұмыс орнындағы алғашқы;

      3) қайталама;

      4) жоспардан тыс;

      5) нысаналы.

      40. Нұсқаулықтар күндізгі нысанда немесе қашықтықтан "on-line" режимінде желілік технология бойынша жүргізіледі.

      41. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқау жұмысқа қабылдаған кезде жұмыскерлердің (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау курсы бойынша оқытуға жататын басшы айқындаған қызметкерлердің санаттарын қоспағанда) біліміне, осы кәсіп немесе лауазым бойынша жұмыс өтіліне қарамастан жүргізіледі.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2023 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Кіріспе нұсқау беруді қауіпсіздік нормаларының талаптарын, стандарттарды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды, сондай-ақ өндірісте қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша жұмыс берушінің талаптарын ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі әзірлеген және жұмыс беруші бекіткен бағдарлама бойынша жүргізеді.

      43. Ұйымдағы (кәсіпорындағы) кіріспе нұсқау беруді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызмет немесе осы міндеттер жұмыс берушінің актісімен жүктелген адам жүргізеді.

      Кіріспе нұсқау беруді жүргізу туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кіріспе нұсқау беруді тіркеу журналына нұсқау беруші мен нұсқау беруді алушының қолдарын міндетті түрде қойғыза отырып, жазылады.

      44. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау беруді қауіпсіздік нормаларының талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды, сондай-ақ өндірісте қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша жұмыс берушінің талаптарын ескере отырып, ұйымның өндірістік және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары әзірлеген және бекіткен бағдарламалар бойынша жүргізеді.

      45. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау беруді еңбектің қауіпсіз тәсілдерін практика жүзінде көрсете отырып, әрбір жұмыскерге жеке жүргізіледі.

      46. Еңбек міндеттері жабдықты қолдану, пайдалану, қызмет көрсету, сынау, реттеу және жөндеумен, электрлендірілген немесе басқа да механикаландырылған қол құралын пайдаланумен, шикізаттар мен материалдарды сақтаумен және қолданумен байланысты емес адамдар оқытуды ұйымдастырушының шешімімен жұмыс орнында бастапқы нұсқау беруден өтуден босатылады. Жұмыс орнында бастапқы нұсқау беруден өтуден босатылатын жұмыскерлердің кәсіптері мен лауазымдарының тізбесін жұмыс беруші бекітеді.

      47. Қайталама нұсқау беруден жұмыскерлер біліктілігі, білімі, өтілі, орындайтын жұмысының сипатына қарамастан кемінде жартыжылдықта бір рет (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау курсы бойынша оқытуға жататын басшы айқындаған қызметкерлердің санаттарын қоспағанда) жұмыс уақытында өтеді.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2023 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Қайталама нұсқау беруді алынған білім мен дағдыларды бекіту үшін жұмыс орнындағы бастапқы нұсқау беруге ұқсас өткізеді.

      49. Қайталама нұсқау беру бір типті жабдыққа қызмет көрсететін жұмыскерлерге жеке немесе топта және жалпы жұмыс орны шегінде жүргізіледі.

      50. Жоспардан тыс нұсқау беру жеке жұмыскерге немесе кәсібі бір жұмыскерлер тобына жүргізіледі.

      51. Жоспардан тыс нұсқау беру:

      1) қолданысқа еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жаңа немесе өңделген қауіпсіздік нормалары, қағидалар, нұсқаулықтар енгізілген кезде;

      2) технологиялық процесс өзгерген, жабдықтар, құрылғылар мен құралдар, бастапқы шикізат, материалдар және еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да факторлар ауыстырылған немесе жаңартылған кезде;

      3) жұмыскерлер жарақаттануға, аварияға, жарылысқа немесе өртке, улануға алып келген немесе алып келетін еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзған кезде;

      4) бақылау және қадағалау органдарының талабы бойынша жүргізіледі.

      52. Жоспардан тыс нұсқау беру жеке жұмыскерге немесе кәсібі бір жұмыскерлер тобына жүргізіледі.

      Нұсқау беру көлемі мен мазмұны оны жүргізу қажеттігін тудырған себептер мен жағдайларға байланысты әрбір нақты жағдайда жауапты жұмыскерлермен айқындалады.

      53. Мақсатты нұсқау беру мамандық бойынша міндеттермен тікелей байланысты емес біржолғы жұмыстарды (жүк арту, түсіру, аумақты жинау, ұйымнан, цехтан және учаскеден тыс біржолғы жұмыстар) орындаған кезде, авариялар, стихиялық апаттар мен катастрофалардың зардаптарын жою кезінде, рұқсат беру наряды бойынша жұмыс жүргізген кезде жүргізіледі.

      54. Кіріспе нұсқау беруді қоспағанда, нұсқау берулер ауызша сұрау немесе тестілеумен білімін тексерумен, сондай-ақ қажеттілік болған кезде жұмыстың қауіпсіз тәсілдері бойынша меңгерген дағдыларын тексерумен аяқталады.

      Білімдерін нұсқау беруді жүргізген жауапты жұмыскер тексереді.

      55. Қанағаттанғысыз білім көрсеткен жұмыскерлер өзіндік жұмысқа жіберілмейді және нұсқау беруден қайта өтеді.

      56. Нұсқау беру жүргізген жұмыскер жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс, мақсатты нұсқау беруді жүргізу және жұмыс істеуге рұқсат беру туралы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқау беруді тіркеу журналына (бұдан әрі – Нұсқау беруді тіркеу журналы) нұсқау беруші мен нұсқау алушының қолдарын міндетті түрде қойғыза отырып, жазады.

      Нұсқау беруді тіркеу журналы Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, қағаз немесе электрондық түрде жүргізіледі. Нұсқау беруді тіркеу журналын электрондық түрде жүргізу кезінде оларға енгізілген мәліметтер электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады.

      Жоспардан тыс нұсқау беруді тіркеу кезінде оның жүргізілу себебі көрсетіледі.

      Ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі қағаз түріндегі нұсқау беруді тіркеу журналдарын нөмірлейді, тігеді және жұмысты тікелей басқарушыларға (ұста, цех бастығы) қолын қойғызып береді.

      57. Рұқсат беру наряды бойынша жұмыс жүргізетін жұмыскерлерге жүргізілетін мақсатты нұсқау беру рұқсат беру нарядында немесе жұмыстарды жүргізуге рұқсат беретін басқа құжаттамада белгіленеді.

      58. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау беруді, қайталама, жоспардан тыс және мақсатты нұсқау берулерді жауапты жұмыскерлер (ұста, бөлім, цех бастығы, тікелей басшы) жүргізеді.

      59. Жұмыскерлер жұмысқа тағылымдамадан өткеннен кейін, теориялық білімі мен жұмыстың қауіпсіз дағдыларын меңгергендігі тексерілгеннен кейін жіберіледі.

  Жұмыскерлерді, басшылар
мен еңбек қауіпсіздігін және
еңбекті қорғауды қамтамасыз
етуге жауапты адамдарды еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
мәселелері бойынша оқытудан,
нұсқау беруден және білімін
тексеруден өткізу қағидалары
мен мерзімдеріне
1-қосымша

      Нысан

Оқу орталығының атауы

Наименование учебного центра

С Е Р Т И Ф И К А Т

      "___________________________________________________________"
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
"_________________________________"
курсы бойынша оқу бағдарламасын успешно закончил(а)
өткендігін куәландырады программу обучения по курсу
"____________________________________"
Комиссия төрағасы Оқу орталығының басшысы
Председатель комиссии _____________ ____________ _____________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
(бар болса) қолы фамилия, имя, отчество
фамилия, имя, отчество (при его наличии) подпись
(при его наличии) подпись
қала __________________ город ___________________
Тіркеу № ______________ Рег. № __________________
20__ жылғы ______________ ______________ 20___ года

  Жұмыскерлерді, басшылар
мен еңбек қауіпсіздігін және
еңбекті қорғауды қамтамасыз
етуге жауапты адамдарды еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
мәселелері бойынша оқытудан,
нұсқау беруден және білімін
тексеруден өткізу қағидалары
мен мерзімдеріне
2-қосымша

      Нысан

      __________________________________________________________________
(ұйымның, кәсіпорынның атауы)

     
Жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеру жөніндегі емтихан комиссиясы отырысының хаттамасы


      20___ жылғы "_________" __________________________
Мына құрамдағы комиссия:
Төраға ____________________________________________________________
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Комиссия мүшелері _________________________________________________
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20___ жылғы "____"______________ №____ бұйрықтың негізінде емтихан
қабылдап, мынаны анықтады:__________________________________
білімін тексеру түрі (мерзімді, қайталама)

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Ұйым атауы

Лауазымы

Білімін тексеру туралы белгі (өтті, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімін қайта тексеруге жатады)

Ескертпе

1

2

3

4

5






      Комиссия төрағасы ____________________________________ ___________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Комиссия мүшелері ___________________________________ ___________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
_______________________________________ ___________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

  Жұмыскерлерді, басшылар
мен еңбек қауіпсіздігін және
еңбекті қорғауды қамтамасыз
етуге жауапты адамдарды еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
мәселелері бойынша оқытудан,
нұсқау беруден және білімін
тексеруден өткізу қағидалары
мен мерзімдеріне
3-қосымша

      Нысан

      Мұқабасы

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қағидаларды, нормалар мен нұсқаулықтарды білуін тексеру жөніндегі КУӘЛІК

      Келесі парақтары

      ____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Лауазымы: _________________________________________________________
Жұмыс орны:_______________________________________________________
__________________________ бойынша емтихан тапсырғаны туралы берілді.
Негіздеме: 20__ жылғы___________ №____ хаттама
Емтихан комиссиясының төрағасы ___________________________ _______
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Комиссия мүшесі _________________________________________ _______
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
м.о.
Емтихандарды қайта тапсырғаны туралы мәліметтер
Лауазымы: _________________________________________________________
Жұмыс орны: ______________________________________________________
___________________________ бойынша емтихан тапсырғаны туралы берілді.
Негіздеме: 20__ жылғы_____________ №____ хаттама
Емтихан комиссиясының төрағасы ___________________________ _______
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Комиссия мүшесі _________________________________________ _______
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
м.о.

  Жұмыскерлерді, басшылар
мен еңбек қауіпсіздігін және
еңбекті қорғауды қамтамасыз
етуге жауапты адамдарды
еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау мәселелері
бойынша оқытудан, нұсқау
беруден және білімін
тексеруден өткізу қағидалары
мен мерзімдеріне
4-қосымша

      Нысан

      Кіріспе нұсқау беруді тіркеу
ЖУРНАЛЫ

__________________________________________________________________
(ұйым, кәсіпорын, оқу орны)

      Мұқабасы

      Басталуы: 20____жылғы ____________

      Аяқталуы: 20____жылғы ____________

      Мазмұны:

Күні

Нұсқау берілетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Нұсқау берілетін адамның кәсібі, лауазымы

Жұмыс орны

Нұсқау берілетін адамның қолы

Нұсқау беруді жүргізген

қолы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

1

2

3

4

5

6

7

8









  Жұмыскерлерді, басшылар
мен еңбек қауіпсіздігін және
еңбекті қорғауды қамтамасыз
етуге жауапты адамдарды
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау мәселелері бойынша
оқытудан, нұсқау беруден
және білімін тексеруден
өткізу қағидалары мен
мерзімдеріне
5-қосымша

      Нысан

Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқау беруді тіркеу журналы

      Мұқабасы

      _______________________________________________ ұйым, кәсіпорын

      Басталуы: 20____жылғы ____________

      Аяқталуы: 20____жылғы ____________

      Келесі беттер

Күні

Нұсқау берілетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Нұсқау берілетін адамның кәсібі, лауазымы

Нұсқаудың түрі (алғашқы, жұмыс орнындағы, қайталама, жоспардан тыс)

Жоспардан тыс нұсқау беруді жүргізу себебі

Нұсқау берушінің тегі, аты-жөні, лауазымы

қолы

Нұсқау берушінің

Нұсқау алушының

1

2

3

4

5

6

7

8

9











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады