Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктеме коэффициентін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 691 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12723 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 253 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 20.02.2018 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 557-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктеме коэффициентін есептеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіннің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына" жіберілуін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 ж 28 желтоқсандағы
№ 691 бұйрығымен бекітілген

Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктеме
коэффициентін есептеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктеме коэффициентін есептеу қағидалары 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Cалықтық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 557-бабы 1-тармағының 12) тармақшасын іске асыру мақсатында пайдаланылатын салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктеме коэффициентін есептеу тәртібін айқындайды.

      2. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктеме коэффициенті шаруашылық субъектісіне салық жүйесі әсерінің сипаттамаларын көрсетеді.

2. Салықтық жүктеме коэффициентін есептеу тәртібі

      3. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) салықтық жүктеме коэффициентінің есебі, Салық кодексінің 99-бабында көзделген түзетулерді есепке алмастан заңды тұлғаның жылдық табысының (дара кәсіпкердің табысының) жиынтығына есептелген және (немесе) есептеп шығарылған салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қатынасы ретінде, түзетуді есепке алмастан мынадай формула бойынша айқындалады:

      САК = С и МТ/ЖТС Х 100%,

      мұнда:

      САК–салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктеме коэффиценті;

      С және МТ - күнтізбелік жыл ішінде есептеп шығарылған және (немесе) есептелген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы:

      төлем көздерінен ұсталған корпоративтік және жеке табыс салығын;

      тауарлар импорты кезінде төленген қосылған құн салығы мен акциздерді;

      күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша бюджетке төлененуге тиісті барлық салық соммасының және (немесе) артық төлемдердің теріс мәнде орын алған жағдайда, қосылған құн салығын қоспағанда;

      ЖТС-Салық кодексінің 99-бабында көзделген түзетулерді және есептік салықтық кезің ішінде жиынтық түрінде алынған түзетулерді және дара кәсiпкердiң табысын есептемегенде, заңды тұлғаның жылдық жиынтықтағы табыс сомасы.

      4. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепті шетелдік валютада ұсынған жағдайда, декларацияда көрсетілген ЖТС сомасы, салықтық есеп берілген күні белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланылып ұлттық валютада қайта саналады.

3. Қорытынды ережелер

      5. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтық жүктеме коэффициенті түрлі салықтық кезеңдерде нақты салық төлеушінің есептеп шығарған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жиынтығында талдау жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметінің соңғы нәтижесін салық салу жүйесі әсерінің деңгейін көрсетеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады