Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 735 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12752 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-20)-тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 01.04.2020 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар және рұқсат беру талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев

      "Келісілген"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 10 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 735 бұйрығымен
бекітілген

Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 01.04.2020 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптары (бұдан әрі - Қағидалар мен рұқсат беру талаптары) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 23-24)-тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар мен рұқсат беру талаптары жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша аттестаттау орталықтарын аккредиттеу рәсімін регламенттейді және "Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарында мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органның жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша аттестаттау орталықтарының құзыретін ресми мойындау рәсімі;

      2) аккредиттеу туралы куәлік - осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген аттестаттау орталығының мәртебесін куәландыратын белгіленген үлгідегі куәлік;

      3) аттестаттау орталығы - белгіленген тәртіппен уәкілетті органда аккредиттеу рәсімінен өткен заңды тұлға;

      4) инженер-техник жұмыскер - орташа кәсіби немесе жоғары білімі бар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өндірістік процесті ұйымдастыруды және оған басшылық жасауды жүзеге асыратын жеке тұлға;

      5) өтініш беруші - аттестаттау орталығы ретінде аккредиттеуге үміткер мемлекеттік емес заңды тұлға;

      6) уәкілетті орган - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның ведомствосы.

      4. "Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      5. Заңды тұлғалар (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін "электрондық үкіметтің" веб - порталы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш жолдайды www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) нысанындағы рұқсат беру талаптарына сәйкес баяндалған.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағымен анықталған.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      7. Іс-қимыл құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) көрсетілетін қызметті берушінің куәлік алу кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың және рұқсат беру талаптарының 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттармен және рұқсат беру талаптары түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      2) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен осы Қағидалардың және рұқсат беру талаптарының 4-қосымшасында көрсетілген рұқсат беру талаптарына сәйкестігін қарайды - 7 (үш) жұмыс күні ішінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың және рұқсат беру талаптарының 6-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және "жеке кабинетке" жолдайды.

      3) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарау нәтижелері бойынша аккредиттеу туралы куәлікті не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес дәлелді бас тартуды ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды - 2 екі жұмыс күні ішінде.

      8. Осы Қағидалардың және рұқсат беру талаптарының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда куәлікті қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары:

      1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      2) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарайды аккредиттеу туралы куәлікті ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

      9. Аккредиттеу туралы куәлік заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайларда қайта ресімделеді.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      11. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (қайтарып алу) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      12. Қолданыстағы аккредиттеу туралы куәлік болмаса, ұйымның қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.

      13. Аккредиттеуден өткен аттестаттау орталықтары осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 6-қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес нысан бойынша жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарының тізіліміне енгізіледі,онда заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат жиынтығы, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі, штатында мамандардың болуы туралы, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілік шаралары туралы мәліметтер қамтылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) басшысының атына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қаралуға жатады:

      көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Жобалау және құрылыс
салу процесіне қатысушы
инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу
жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру
талаптарына
1-қосымша

"Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) куәлікті беру-10 (он) жұмыс күні;
2) заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде куәлікті қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Аккредиттеу туралы куәлік беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі осы Қағидаларға

1) куәлікті беру кезінде порталға:
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 3-қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес рұқсат беру талаптарына және рұқсат беру талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;
2) куәлікті қайта ресімдеу кезінде порталға:
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 7-қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес нысан бойынша өтініш;
заңды тұлғаны бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде бөлініп шыққан заңды тұлғаның куәлігін қайта ресімдеуге келісімі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген шешімнің электрондық көшірмесі.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің: www.kds.miid.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

  Жобалау және құрылыс
салу процесіне қатысушы
инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу
жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру
талаптарына
2-қосымша
  Нысан

АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК № 00000

      Осы аккредиттеу туралы куәлік

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      _____________________________________________________________берілді,

      (заңды мекенжай)

      жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді

      аттестаттау құқығын жүзеге асыруға берілді

      АККРЕДИТТЕЛДІ

      және көрсетілетін қызметті берушінің тізіліміне енгізілді және уәкілетті органның

      тізіліміне енгізілді. Куәлікті қолдану мерзімі _____________________________________ дейін

      Уәкілетті органның басшысы_______________________________________

      қала ___________                                          20__ж. " " ___________

  Жобалау және құрылыс
салу процесіне қатысушы
инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу
жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру
талаптарына
3-қосымша
  Нысан

ӨТІНІШ

      _________________________________________________________ -ге

      (уәкілетті органның толық атауы)

      ____________________________________________________________-ден

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірінің деректемелері)

      Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді

      аттестаттау жөніндегі аттестаттау орталығы ретінде аккредиттеуді өтінемін

      Мекенжай_________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон, факс, е-mail)

      Банк шоты ______________________________________________________________________

      (шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)

      Филиалдар (өкілдік, объекті, пункті, учаске) __________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (орналасқан жері және деректемелері)

      Қоса берілетін құжаттар _____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ___ парақ қоса беріледі

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға

      куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні;

      өтініш берушіге қызметтің аталған түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;

      барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;

      өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде

      қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді

      пайдалануға келісімін бергендігі расталады.

      Басшы _____________ ______________________________________________________

      (қолы)                        (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" __________

  Жобалау және құрылыс
салу процесіне қатысушы
инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу
жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру
талаптарына
4-қосымша
  Нысан

Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аттестаттау орталықтарын аккредиттеуге қойылатын рұқсат беру талаптары

Р/с

Рұқсат беру талаптары

Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

біліктілікті арттыруға жауапты оқытушылық құрамның болуы

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны, дипломдардың көшірмелері, жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері, өтініш берушімен еңбек қатынастарын растайтын құжаттардың көшірмелері


2

аттестаттау жүргізуге жауапты техникалық құрамның болуы

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны, өтініш берушімен еңбек қатынастарын растайтын құжаттардың көшірмелері


3

оқыту және аттестаттау жүргізу үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде, санитариялық талаптарды қанағаттандыратын, алаңы кемінде 100 (жүз) шаршы метр әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы, бұл ретте тестілеу және оқыту өткізуге арналған үй-жайлар кемінде 45 (қырық бес) шаршы метр болуы қажет.
Бұл ретте тестілеу және оқыту өткізуге арналған үй-жайлар біріктірілуі мүмкін

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар болған кезде: жылжымайтын мүлік объектісін тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, техникалық паспорттың көшірмесі. Өзге де заңды негіздер кезінде: жалдау шартының көшірмесі, жалға берушінің жылжымайтын мүлік объектісін тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, техникалық паспорттың көшірмесі


4

оқыту және аттестаттау жүргізу үшін санитариялық талаптарды қанағаттандыратын материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде кемінде 10 (он) орынның болуы

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


5

инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


6

нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттердің болуы

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


7

оқыту және аттестаттау өткізу үшін бекітілген тест сұрақтарының, бекітілген ішкі қағидалар мен регламенттердің болуы

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


  Жобалау және құрылыс
салу процесіне қатысушы
инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу
жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру
талаптарына
5-қосымша
  Нысан

Мәліметтер нысаны

      1) Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _____________________________________

      2) Лауазымы _______________________________________________________________

      3) Осы ұйымда жұмыс жасайды _______________________________________________

      (тұрақты немесе уақытша көрсету)

      4) Жұмыс өтілі _____________________________________________________________

      (мамандық бойынша және атқаратын лауазымында көрсету)

      5) Оқу орнының атауы ______________________________________________________

      6) Бітірген жылы ___________________________________________________________

      7) Диплом бойынша біліктілігі ________________________________________________

      8) Диплом бойынша мамандығы ______________________________________________

      Әкімшілік-тұрмыстық жайлар туралы мәліметтер

      9) Мекенжайы _____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      10) Үй-жайдың сипаттамасы, алаңы ___________________________________________

      11) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі ________________________

      ________________________________________________________________________________

      12) Жалға алу туралы шарттың нөмірі _________________________________________

      Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер

      13) Атауы _________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      14) Өлшем бірлігі __________________________________________________________

      15) Саны __________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      16) Пайдалану мерзімі _______________________________________________________

      17) Сипаттамасы (маркасы, қуаты), сапалық құрамы _____________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бағдарламалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер

      18) Атауы: ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      19) Өлшем бірлігі __________________________________________________________

      20) Саны__________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      21) Пайдалану мерзімі _______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттер туралы мәліметтер

      22) Атауы: ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      23) Өлшем бірлігі __________________________________________________________

      24) Саны __________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Оқыту және аттестаттау өткізу үшін уәкілетті орган бекіткен тест сұрақтары, бекітілген

      ішкі қағидалар мен регламенттер туралы мәліметтер

      25) Атауы: ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      26) Өлшем бірлігі __________________________________________________________

      27) Саны __________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      28) Ескертпе _______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

  Жобалау және құрылыс
салу процесіне қатысушы
инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу
жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру
талаптарына
6-қосымша
  Нысан

Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аккредиттелген мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарының тізілімі

Р/с

Аттестаттау орталығының атауы

Аккредиттеу туралы куәлік берілген күні мен нөмірі

Аттестаттау орталығының штатында тұратын қызметкер туралы мәлімет

Қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәлімет











  Жобалау және құрылыс
салу процесіне қатысушы
инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу
жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру
талаптарына
7-қосымша
  Нысаны

Өтініш куәлікті қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның

      ________________________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы))

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан

      жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі), заңды тұлғада бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған

      жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      №__________ бастап "___" _________ 20___

      ________________________________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің толық атауы) жүзеге асыруға берілген куәлікті

      келесі негіздеме бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:

      1) заңды тұлға атауының өзгеруі ___________

      2) заңды тұлғаның орналасқан жерін өзгерту ________

      Заңды тұлғаның мекен-жайы_________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін - ел, пошталық индексі, ОБЛЫСЫ, қаласы, ауданы, елді мекені,

      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық пошта ________________________________________________________

      Телефондар _______________________________________________________________

      Факс _____________________________________________________________________

      Банктік шот _______________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қоса беріледі _ парақ.

      Осымен расталады, бұл:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға

      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;

      өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбаған;

      барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады;

      өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде ақпараттық

      жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.

      Басшы __________ _________________________________________________________

      (қолы)                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Толтыру күні: "__" __________ 20__ жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады