"Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 18-04/1030 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 13 қаңтарда № 12859 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11227 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларында:
      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «35. Комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауға және бес адамнан кем болмауға тиiс.
      Конкурстық комиссияның шешімдері отырысқа оның мүшелерінің кемінде 2/3 қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі және хаттамамен ресімделеді.»;
      49-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      «49. Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне байланысты, осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, өтінімге қосымша келесі құжаттар тіркеледі:
      1) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу мақсатында (ащы-тұзды су айдындарын қоспағанда) Каспий, Арал теңіздері, Зайсан, Балқаш көлдері, Бұқтарма, Шүлбі, Шардара, Алакөл көлдері жүйесі, Ертіс өзені, Қапшағай су қоймасы, Жайық, Қиғаш, Сырдария өзендері үшін:
      осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен өңдеу* жөніндегі негізгі құрал-жабдықтардың, технологиялық жабдықтар мен өзге де материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама (бұдан әрі - негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама) (түпнұсқа);
      ескертпе: *өңдеу осы Қағидалардың 49-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген су айдындары үшін балық шикізатын өңдеуді (оның ішінде термикалық), бөлшектеуді (қабыршығынан аршуды, бөлшектеп бөлуді, сүбе етін алуды, басын кесіп алуды, терісін сыпыруды, етін тартуды, ішек-қарнынан тазартуды), қақтауды, суықтай ыстауды, ыстықтай ыстауды, балық ұнын (майын) (бар болса) өндіруді білдіреді.
      Қатысушы негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама берген кезде балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулау мен өңдеу бойынша мәлімделген технологиялық жабдықтардың қуаты балық шаруашылығы учаскесінің немесе су айдынының әлеуетті қуатынан кем болмауға тиіс, ол мына формула бойынша анықталады:

      V=VL/SY, мұнда:

      SY – соңғы үш жылдын су айдынындағы орташа учаскелерінің саны;
      VL - соңғы үш жылда су айдынында балық ресурстарын аулаудың белгіленген лимитінің орташа көлемі;
      SY – мына формула бойынша анықталады:

      SY=(Y1+Y2+Y3)/3, мұнда:

      Y1, Y2, Y3 – конкурс өткізу жылының алдындағы үш жылда учаскелерінің саны.
      VL мына формула бойынша анықталады:

      VL=(L1+L2+L3)/3, мұнда

      L1, L2, L3 – конкурс өткізу жылының алдындағы үш жылда аулаудың заңнамаға сәйкес белгіленген лимиттері.
      конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннен бір айдан ерте берілмеген қатысушының атына тіркелген аулаушы және көліктік флот, оның ішінде шағын көлемді флот туралы мемлекеттік кеме тізілімінен көшірме (түпнұқса);
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген) 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша балық өнімінің экспорты үшін есеп нөмірінің болуы туралы растама (көшірме);
      2) кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру мақсатында басқа балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
      негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама (түпнұсқа);
      конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннен бір айдан ерте берілмеген қатысушының атына тіркелген аулаушы және көліктік флот, оның ішінде шағын көлемді флот туралы мемлекеттік кеме тізілімінен көшірме (түпнұқса);
      3) ащы-тұзды су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
      жинау және бастапқы өңдеуден өткізу үшін меншігінде құралдардың болуы туралы мәліметтер (түпнұсқа);
      негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама (түпнұсқа);
      4) жергілікті маңызы бар балықтардың қырылып қалу қаупі төнген су айдындары мен (немесе) учаскелері үшін:
      осы Қағидаларға 6-2-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы мелиоративтік жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама (бұдан әрі – мелиорациялық жұмыстардың жүргізілуі туралы анықтама) (түпнұсқа);
      5) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
      конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннен бір айдан ерте берілмеген қатысушының атына тіркелген жүзу құралдары туралы мемлекеттік кеме тізілімінен көшірме (түпнұсқа);
      балық шаруашылығы және туризм саласында мамандардың болуын растайтын құжаттар (жасалған еңбек шарттары мен дипломдардың көшірмелері);
      қатысушының жеке меншігінде өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне іргелес жер учаскесінің болуын растайтын құжаттар (көшірме);
      қатысушының жеке меншігінде жер учаскесіндегі инфрақұрылымның болуын растайтын құжаттар;
      қатысушының жеке меншігінде автомобиль көлігінің болуын растайтын құжаттар;
      аулау құралдарының болуы туралы мәліметтер (көшірмесі);
      6) КТБШ үшін:
      ғылыми ұсыныстар негізінде КТБШ құру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу жөнінде үш жылдан аспайтын мерзімге арналған аумақтық бөлімшемен келісімделген және өтінім берушінің басшысы бекіткен балық шаруашылығын дамыту жоспары (түпнұсқа);
      мелиорациялық жұмыстардың жүргізілуі туралы анықтама (түпнұсқа);
      балық шаруашылығы саласында маманның болуын растайтын құжаттар (жасалған еңбек шарты мен дипломның көшірмелері);
      7) шарбақтық балық өсіру шаруашылығы үшін:
      шарбақтық балық өсіру шаруашылығын құру бойынша үш жылдан аспайтын мерзімге арналған балық шаруашылығын дамыту жоспары (түпнұсқа);
      барлық растайтын құжаттар қоса тіркелген балық өсіру үшін меншік құқығында шарбақтың болуы (көшірмесі);
      балық шаруашылығы саласында маманның болуын растайтын құжаттар (жасалған еңбек шарты мен дипломның көшірмелері);
      меншік құқығында тұйықталған сумен жабдықтау қондырғыларында балық өсіру және оны тасымалдау өндірісінің болуы (тірі балық тасу машиналары) (көшірме)»;
      осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 6-1 және 6-2-қосымшалармен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарында:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) салық берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы;
      2) Балық шаруашылығын дамыту жоспарлары бойынша осының алдындағы жылдар үшін берешектің болмауы.
      3. Өтінім жасалған су айдынына және (немесе) учаскесіне байланысты, осы Біліктілік талаптарының 2-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарынан басқа, Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:
      1) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу мақсатында (ащы-тұзды су айдындарын қоспағанда) Каспий, Арал теңіздері, Зайсан, Балқаш көлдері, Бұқтарма, Шүлбі, Шардара, Алакөл көлдері жүйесі, Ертіс өзені, Қапшағай су қоймасы, Жайық, Қиғаш, Сырдария өзендері үшін:
      балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өңдеу жөніндегі негізгі өндірістік құрал-жабдықтардың, технологиялық жабдықтардың және өзге де материалдық-техникалық құралдардың қатысушының меншік құқығында болуы;
      меншік құқығында балық аулау (ұстау) флоты мен кәсіпшілік аулау құралдарының болуы;
      2) ащы-тұзды су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
      жинау және бастапқы өңдеу үшін құралдардың меншік құқығында болуы;
      негізгі құрал-жабдықтардың меншік құқығында болуы;
      3) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу мақсатында басқа балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
      меншік құқығымен жүзу құралдарының және автомобиль көлігінің, өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің жағалауында инфрақұрылымы бар жер учаскесінің болуы;
      4) КТБШ жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
      балық шаруашылығы саласында маманның болуы;
      меншік құқығымен балық өсіру-мелиоративтік техниканың болуы;
      5) шарбақтық балық өсіру шаруашылықтарын жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
      балық өсіру үшін шарбақтардың меншік құқығында болуы;
      балық шаруашылығы саласында маманның болуы;
      тұйықталған сумен жабдықтау қондырғыларында балық өсіру өндірісінің және оны тасымалдау құралдарының (тірі балық тасу машиналары) меншік құқығында болуы.».
      2. «Қатысушының жеке меншігіндегі негізгі құралдардың, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен өңдеу жөніндегі технологиялық жабдықтар мен өзге де материалдық-техникалық құралдардың, сондай-ақ балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құралдардың болуы туралы анықтаманың, балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құралдардың болуы туралы анықтаманың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 250-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8640 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 203 (28142) санында жанияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығына» жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі                      А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі
      _____________Ә. Исекешев
      2015 жылғы 30 қаңтар

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      ____________Е. Досаев
      2015 жылғы 18 желтоқсан

Қазақстан Республикасы         
Ауыл шаруашылығы министрінің     
2015 жылғы 24 қарашадағы       
№ 18-04/1030 бұйрығына        
1-қосымша               

Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы
су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу 
қағидаларына 6-1-қосымша        

Нысан

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен өңдеу жөніндегі негізгі құрал-жабдықтардың, технологиялық жабдықтар мен өзге де материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

1.

Балық шаруашылығы өнімін тоңазытуға, мұздатуға арналған ыдыстар

тонна


2.

Есептік нөмірі №________көрсетілген балықты және басқа су жануарларын терең (түпкілікті) өңдеуге арналған цехтар

тонна/тәулік


3.

Тасымалдау (балық аулау) флоты, оның ішінде:



1) қуаты 40 ат күші және одан жоғары өздігінен жүретін (тұрақты қозғалтқышы бар)

бірлік


2) шағын көлемді, оның ішінде өздігінен жүретін, аспалы қозғалтқышы бар

бірлік


4.

Аулау құралдары, оның ішінде:



1) сүзекі

дана


2) құрма ау, қабада

дана


5.

Басқалар (көрсетілсін)



      Осы анықтамада көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
      Толтыру күні_____________ Өтінім беруші _______________________
           (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе ұйымның атауы)

      Мөр орны
      (Бар болса)              қолы ______________

Қазақстан Республикасы         
Ауыл шаруашылығы министрінің     
2015 жылғы 24 қарашадағы       
№ 18-04/1030 бұйрығына        
2-қосымша               

Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы
су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу 
қағидаларына 6-2-қосымша        

Нысан

Балық шаруашылығы мелиоративтік жұмыстарын жүргізуге
арналған негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

1.

Балық аулайтын жүзу құралдары

бірлік


2.

Аулау құралдары, оның ішінде:



сүзекі

дана


құрма ау, қабада

дана


3.

Балық өсіру-мелиоративтік техника:

бірлік/дана


қамыс шалғылары



жер қазатын техника



аэраторлар



автокөлік және (немесе) тірі балық тасымалдауға лайықталған ыдыстар



4.

Басқалар (көрсетілсін)



      Осы анықтамада көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
      Толтыру күні_____________ Өтінім беруші _______________________
           (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе ұйымның атауы)

      Мөр орны
      (Бар болса)              қолы ______________

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 18-04/245 "Об утверждении Правил проведения конкурса по закреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков и квалификационных требований, предъявляемых к участникам конкурса"

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года № 18-04/1030. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 января 2016 года № 12859

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 18-04/245 «Об утверждении Правил проведения конкурса по закреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков и квалификационных требований, предъявляемых к участникам конкурса» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11227, опубликованный 25 июня 2015 года в информационно-правовой системе «Әділет») следующие изменения и дополнения:
      в Правилах проведения конкурса по закреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков утвержденных указанным приказом:
      пункт 35 изложить в следующей редакции:
      «35. Общее количество членов комиссии должно составлять нечетное число и быть не менее пяти человек.
      Решения конкурсной комиссии считается правомочными, при участии в заседании не менее 2/3 ее членов и оформляются протоколом.»;
      пункт 49 изложить в новой редакции:
      «49. В зависимости от заявляемого рыбохозяйственного водоема и (или) участка, кроме указанных в пункте 47 настоящих Правил документов, к заявке дополнительно прилагаются следующие документы:
      1) для Каспийского, Аральского морей, озер Жайсан, Балкаш, Буктырминского, Шульбинского, Шардаринского, Алакольской системы озер, реки Ертис, Капшагайского водохранилищ, рек Жайык, Кигач, Сырдарья с целью осуществления промыслового рыболовства (за исключением горько-соленных водоемов):
      справка о наличии в собственности основных средств, технологического оборудования и других материально-технических средств по добыче и переработке* рыбных ресурсов и других водных животных, согласно приложению 6-1 к настоящим Правилам (далее – справка о наличии основных средств) (оригинал);
      примечание: *под переработкой подразумевается обработка рыбы-сырца (в том числе термическая), по разделке (очистка от чешуи, порционирование, филетирование, обезглавливание, обесшкуривание, фарширование, потрошение), вяление, холодное копчение, горячее копчение, производство рыбной муки (жира) (при наличии) для водоемов указанных в абзаце первом подпункта 1) пункта 49 настоящих Правил).
      При предоставлении участником справки о наличии основных средств мощность заявленного технологического оборудования по переработке рыбных ресурсов и других водных животных должна быть не менее потенциальной мощности рыбохозяйственного участка или водоема, которая определяется по следующей формуле:
      V=VL/SY, где:
      SY – среднее количество участков на водоеме за последние 3 года;
      VL - средний объем установленного лимита вылова рыбных ресурсов на водоеме за последние три года.
      SY определяется по формуле:
      SY = (Y1+Y2+Y3) /3, где
      Y1, Y2, Y3 – количество рыбохозяйственных участков на водоеме за три года, предшествующие году проведения Конкурса.
      VL определяется по формуле:
      VL= (L1+L2+L3) /3, где
      L1, L2, L3 – установленные в соответствии с законодательством лимиты вылова на три года, предшествующие году проведения Конкурса.
      выписка из государственного судового реестра о зарегистрированных на имя участника добывающего и транспортного флота, в том числе маломерного, выданная не ранее одного месяца, предшествующего дате вскрытия конвертов с конкурсными заявками (оригинал);
      подтверждение о наличии учетного номера для экспорта рыбной продукции по форме, согласно приложению 4 Правил присвоения учетных номеров объектам производства, осуществляющим выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организациям по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок», утвержденных приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 7-1/37 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10466) (копия);
      2) для других рыбохозяйственных водоемов и (или) участков с целью осуществления промыслового рыболовства:
      справка о наличии основных средств (оригинал);
      выписка из государственного судового реестра о зарегистрированных на имя участника добывающего и транспортного флота, в том числе маломерного, выданная не ранее одного месяца, предшествующего дате вскрытия конвертов с конкурсными заявками (оригинал);
      3) для горько-соленых водоемов и (или) участков:
      сведения о наличии собственных орудий для сбора и первичной переработки (оригинал);
      справка о наличии основных средств (оригинал);
      4) для замороопасных водоемов и (или) участков местного значения:
      справку о наличии основных средств для проведения рыбохозяйственных мелиоративных работ, согласно приложению 6-2 к настоящим Правилам (далее – справка проведения мелиоративных работ) (оригинал);
      5) для рыбохозяйственных водоемов и (или) участков с целью осуществления любительского (спортивного) рыболовства:
      выписка из государственного судового реестра о зарегистрированных на имя участника плавательных средствах, выданную не ранее одного месяца, предшествующего дате вскрытия конвертов с конкурсными заявками (оригинал);
      документы, подтверждающие наличие специалистов в области рыбного хозяйства и туризма (копии заключенных трудовых договоров и дипломов);
      документы, подтверждающие наличие у участника в собственности земельного участка, прилегающего к заявленному рыбохозяйственному водоему и (или) участку (копия);
      документы, подтверждающие наличие у участника в собственности инфраструктуры на земельном участке (копия);
      документы, подтверждающие наличие у участника в собственности автомобильного транспорта (копия);
      сведения о наличии орудий лова (копия);
      6) для ОТРХ:
      план развития рыбного хозяйства не более, чем на три года, по осуществлению подготовительных работ по созданию ОТРХ на основании научных рекомендаций и утвержденный руководителем заявителя (оригинал);
      справка проведения мелиоративных работ (оригинал);
      документы, подтверждающие наличие специалиста в области рыбного хозяйства (копии заключенного трудового договора и диплома);
      7) для садкового рыбоводного хозяйства:
      план развития рыбного хозяйства не более, чем на три года, по созданию садкового рыбоводного хозяйства (оригинал);
      наличие на праве собственности садков для выращивания рыб, с приложением всех подтверждающих документов (копия);
      документы, подтверждающие наличие специалиста в области рыбного хозяйства (копии заключенного трудового договора и диплома);
      наличие на праве собственности производства по разведению рыбы в установках замкнутого водоснабжения и ее транспортировке (живорыбные машины) (копия).»;
      дополнить приложениями 6-1 и 6-2, согласно приложениям 1 и 2 к настоящему приказу.
      в Квалификационных требованиях, предъявляемых к участникам конкурса по закреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков, утвержденных указанным приказом:
      пункты 2 и 3 изложить в следующей редакции:
      «2. К участникам Конкурса по закреплению рыбохозяйственных водоемов и (или) участков предъявляется следующее квалификационное требование:
      1) отсутствие налоговой задолженности, задолженности по обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам и социальным отчислениям;
      2) отсутствие задолженности по Планам развития рыбного хозяйства за предыдущие годы.
      3. В зависимости от заявляемого рыбохозяйственного водоема и (или) участка, кроме квалификационных требований, указанных в пункте 2 настоящих Квалификационных требований, участники Конкурса должны отвечать следующим квалификационным требованиям:
      1) для рыбохозяйственных водоемов и (или) участков Каспийского, Аральского морей, озер Жайсан, Балкаш, Буктырминского, Шульбинского, Шардаринского, Капшагайского водохранилищ, рек Жайык, Кигач, Сырдарья с целью ведения промыслового рыболовства (за исключением горько-соленных водоемов):
      наличии на праве собственности участника производственных основных средств, технологического оборудования и других материально-технических средств по переработке рыбных ресурсов и других водных животных;
      наличие на праве собственности рыболовного (добывающего) флота и промысловых орудий лова;
      2) для горько-соленых рыбохозяйственных водоемов и (или) участков:
      наличие на праве собственности орудий для сбора и первичной переработки;
      наличие на праве собственности основных средств;
      3) для других рыбохозяйственных водоемов и (или) участков с целью ведения любительского (спортивного) рыболовства:
      наличие на праве собственности плавательных средствах и автомобильного транспорта, земельного участка, прилегающего к заявленному рыбохозяйственному водоему и (или) участку с инфраструктурой);
      4) для рыбохозяйственных водоемов и (или) участков с целью ведения ОТРХ:
      наличие специалиста в области рыбного хозяйства;
      наличие на праве собственности рыбоводно-мелиоративной техники:
      5) для рыбохозяйственных водоемов и (или) участков с целью ведения садкового рыбоводного хозяйства:
      наличие на праве собственности садков для выращивания рыб;
      наличие специалиста в области рыбного хозяйства;
      наличие на праве собственности производства по разведению рыбы в установках замкнутого водоснабжения и ее транспортировке (живорыбные машины)».
      2. Признать утратившим силу приказ исполняющего обязанности Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 20 августа 2013 года № 250-п «Об утверждении форм справки о наличии в собственности участника основных средств, технологического оборудования и других материально-технических средств по добыче и переработке рыбных ресурсов и других водных животных, а также основных средств для проведения рыбохозяйственных мелиоративных работ, справки о наличии основных средств для проведения рыбохозяйственных мелиоративных работ» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 8640, опубликованный 4 сентября 2013 года в газете «Казахстанская правда» № 265 (27539).
      3. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление для опубликования в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет», а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан» для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Министр сельского хозяйства
      Республики Казахстан                       А. Мамытбеков

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр по инвестициям и
      развитию Республики Казахстан
      _____________ А. Исекешев
      30 ноября 2015 года

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр национальной экономики
      Республики Казахстан
      ______________ Е. Досаев
      18 декабря 2015 года

Приложение 1          
к приказу Министра сельского  
хозяйства Республики Казахстан 
от 24 ноября 2015 года № 18-04/1030

Приложение 6-1        
к Правилам проведения конкурса
по закреплению охотничьих угодий
и рыбохозяйственных водоемов и
(или) участков        

Форма           

                             Справка
   о наличии в собственности основных средств, технологического
     оборудования и других материально-технических средств по
  добыче и переработке рыбных ресурсов и других водных животных

Наименование

Единица измерения

Количество

1

2

3

4

1.

Емкости для охлаждения, заморозки и хранения продукции рыболовства

тонн


2.

Цеха для глубокой (конечной) переработки рыбы и других водных животных с указанием учетного номера №___________

тонн/сутки


3.

Транспортный (рыболовный) флот, в том числе:



1) самоходный (со стационарным двигателем) мощностью 40 лошадиных сил и выше

единиц


2) маломерный, в том числе не самоходный, с подвесным двигателем

единиц


4.

Орудия лова, в том числе:



1) невода

штук


2) сети, вентеря

штук


5.

Другое (указать)



Достоверность сведений указанных в настоящей справке подтверждаю.
Дата заполнения_____________ Заявитель ______________________________
                                (Фамилия, имя, отчество (при наличии)
                                     или наименование организации)

Место печати
(При наличии)

                                               подпись ______________

Приложение 2          
к приказу Министра сельского  
хозяйства Республики Казахстан 
от 24 ноября 2015 года № 18-04/1030

Приложение 6-2        
к Правилам проведения конкурса
по закреплению охотничьих угодий
и рыбохозяйственных водоемов и
(или) участков        

Форма           

                               Справка
              о наличии основных средств для проведения
                 рыбохозяйственных мелиоративных работ

Наименование

Единица измерения

Количество

1

2

3

4

1.

Рыболовные плавательные средства

единиц


2.

Орудия лова, в том числе:



невода

штук


сети, вентеря

штук


3.

Рыбоводно-мелиоративная техника:

единиц/штук


камышекосилки



землеройная техника



аэраторы



автотранспорт и (или) приспособленные емкости для перевозки живой рыбы



4.

Другое (указать)



Достоверность сведений указанных в настоящей справке подтверждаю.

Дата заполнения____________ Заявитель _______________________________
                                (Фамилия, имя, отчество (при наличии)
                                     или наименование организации)

Место печати
(При наличии)

                                               подпись ______________