"Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 116 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1173 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 қаңтарда № 12884 болып тіркелді

      «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 116 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10513 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 сәуірдегі № 61 (27937) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы                      А. Рау

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы
      _______________ М. Құсайынов
      2015 жылғы 21 желтоқсан

Қазақстан Республикасының   
Инвестициялар және даму    
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1173 бұйрығына     
1-қосымша          

Қазақстан Республикасының   
Инвестициялар және даму     
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 6 ақпандағы    
№ 116 бұйрығына 1-қосымша   

Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі

р/с № Рұқсат беру талаптары: Рұқсат беру талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар Ескертпе

1

2

3

4

1. Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:

1

Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы немесе стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығы бойынша (салалар бойынша) жоғары білімінің болуы не егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмейтін жағдайда, мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.
Мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде он жыл жұмыс өтілі болған кезде орта білімнен кейінгі білімге рұқсат етіледі.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі қосымшасына және рұқсат беру талаптарына сәйкес (бұдан әрі – рұқсат беру талаптары).


2

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл, олардың ішінде мәлімделетін аттестаттау бағытында кемінде екі жыл немесе мәлімделетін аттестаттау бағытында жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.


3

Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.
Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 80 сағатты құрайды.
Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде академиялық 40 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді.
Қазақстан Республикасында жаңа аттестаттау бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау курстарын өту үшін жағдайлар болмайтын кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс курстар өтуге кемінде академиялық 40 сағат көлемінде жол беріледі.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.

Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – бір жыл.

4

Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған немесе халықаралық сарапшы-аудитор ретінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттерінде  аттестатталған және аталған бағытта кемінде үш жыл жұмыс істеген сарапшы-аудиторда практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өту.
Аттестаттарының қолданысы тоқтатылған немесе мерзімі өтіп кеткен немесе аттестаттары жойылған сарапшы-аудиторларды қоспағанда, бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғалардың тағылымдамдан өтуі қажет етілмейді.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес, мәлімделетін бағытта тағылымдамадан өтуі туралы (әр түрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп немесе сәйкес мәлімделетін аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өтуді аттестаттау бағыттары бойынша даярлық (қайта даярлық) бойынша курстарды тыңдаудан соң жүзеге асырады.

Бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғаларға мәлімделетін аттестаттау саласындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынады.

2. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:

1

Келесі мамандықтардың біреуі бойынша жоғары білімінің болуы*: техникалық ғылымдар және технология; жаратылыстану ғылымдары (механика, физика, ядролық физика, химия, биология, экология); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (менеджмент); әскери іс және қауіпсіздік (өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері); денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету(медицина) (қоғамдық денсаулық сақтау, фармация); ауылшаруашылық ғылымдары, ветеринария не егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмейтін жағдайда, мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.
Тамақ өнімдері менеджменті жүйелеріне қауіпсіздігінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудитор мәлімделетін аттестаттау саласында немесе аралас білім салаларында жоғары білімі бар тұлға болуы мүмкін.
Ақпараттық қауіпсіздіктің менеджмент жүйелеріне сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудитор мәлімделетін аттестаттау саласында немесе аралас білім салаларында жоғары білімі (техникалық ғылымдар және технологиялық, жаратылыстану ғылымдары) бар тұлға болуы мүмкін.
Фармацияда тиісті практикалар бойынша менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудитор: өндірістік практикаға тиесілі (GMP), дистрибьюторлік практикаға тиесілі (GDP) және дәріханалық практикаға тиесілі (GPP) жоғары фармацевтік білімі бар тұлға болуы мүмкін.
Мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде он жыл жұмыс өтілі болған кезде орта білімнен кейінгі білімге рұқсат етіледі.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.


2

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл және мәлімделетін аттестаттау бағытында кемінде екі жыл немесе мәлімделетін аттестаттау бағытында жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.


3

Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.
Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 80 сағатты құрайды.
Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде академиялық 40 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді.
Қазақстан Республикасында жаңа аттестаттау бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау курстарын өту үшін жағдайлар болмайтын кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс курстар өтуге кемінде академиялық 40 сағат көлемінде жол беріледі.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.

Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл.

4

Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған немесе халықаралық сарапшы-аудитор ретінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттерінде  аттестатталған және аталған бағытта кемінде екі жыл жұмыс істеген сарапшы-аудиторда практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өту.
Аттестаттарының қолданысы тоқтатылған немесе мерзімі өтіп кеткен немесе аттестаттары жойылған сарапшы-аудиторларды қоспағанда, бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғалардың тағылымдамдан өтуі қажет етілмейді.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес, жалпы ұзақтығы жиырма жұмыс күнінен кем емес мәлімделетін бағытта тағылымдамадан өтуі туралы (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) кемінде 4 (төрт) есеп немесе сәйкес мәлімделетін аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өтуді аттестаттау бағыттары бойынша даярлық (қайта даярлық) бойынша курстарды тыңдаудан соң жүзеге асырады.

Бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғаларға мәлімделетін аттестаттау саласындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынады.

3. Көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:

1

Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы немесе стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығы бойынша (салалар бойынша) жоғары білімінің болуы не егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмейтін жағдайда, мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.
Мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде он жыл жұмыс өтілі болған кезде орта білімнен кейінгі білімге рұқсат етіледі.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.


2

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл, олардың ішінде мәлімделетін аттестаттау бағытында кемінде екі жыл немесе мәлімделетін аттестаттау бағытында жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.


3

Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.
Көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 80 сағатты құрайды.
Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде академиялық 40 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді.
Қазақстан Республикасында жаңа қызмет бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау курстарын өту үшін жағдайлар болмайтын кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс курстар өтуге кемінде академиялық 40 сағат көлемінде жол беріледі.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.

Көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл.

4

Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған немесе халықаралық сарапшы-аудитор ретінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттерінде  аттестатталған және аталған бағытта кемінде үш жыл жұмыс істеген сарапшы-аудиторда практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өту.
Аттестаттарының қолданысы тоқтатылған немесе мерзімі өтіп кеткен немесе аттестаттары жойылған сарапшы-аудиторларды қоспағанда, бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғалардың тағылымдамдан өтуі қажет емес.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес, мәлімделетін бағытта тағылымдамадан өтуі туралы (әр түрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп немесе сәйкес мәлімделетін аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өтуді аттестаттау бағыттары бойынша даярлық (қайта даярлық) бойынша курстарды тыңдаудан соң жүзеге асырады.

Бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғаларға мәлімделетін аттестаттау саласындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынады.

4. Аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары: 

1

Жоғары білімінің болуы.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.


2

Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін аккредиттеу саласындағы немесе аккредиттеу жөніндегі органның тартылған (соңғы бес жылдың ішінде кемінде жылына үш рет) бағалаушысы немесе техникалық сарапшысы ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.


3

Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.  Аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 80 сағатты құрайды.
Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде академиялық 40 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді.
Қазақстан Республикасында жаңа қызмет бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау курстарын өту үшін жағдайлар болмайтын кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс курстар өтуге кемінде академиялық 40 сағат көлемінде жол беріледі.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.

Аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл.

4

Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және кемінде үш жыл аталған бағытта жұмыс істеген сарапшы-аудиторда мәлімделетін аттестаттау саласында практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуі.
Аттестаттарының қолданысы тоқтатылған немесе мерзімі өтіп кеткен немесе аттестаттары жойылған сарапшы-аудиторларды қоспағанда, бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғалардың тағылымдамдан өтуі қажет емес.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес, мәлімделетін бағытта ағылымдамадан өтуі туралы (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) кемінде 3 (үш) есеп  немесе сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өтуді аттестаттау бағыттары бойынша даярлық (қайта даярлық) бойынша курстарды тыңдаудан соң жүзеге асырады.
Бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғаларға мәлімделетін аттестаттау саласындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынады.

5. Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары:

1

Келесі мамандықтардың біреуі бойынша жоғары білімінің болуы*: техникалық ғылымдар және технология, егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмейтін жағдайда, мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.

жоғары бiлiм туралы дипломның көшiрмесi


2

Кемінде жалпы екі жыл жұмыс өтілі.

жұмыс өтілін растайтын жұмыс орнынан анықтама немесе еңбек кiтапшасынан үзiндi көшiрме ұсынылуға тиiс


3

Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.
Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 80 сағатты құрайды.
Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде академиялық 40 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді.

оқу орталығы куәлiгiнiң не жеке тұлғаның теориялық даярлығын растайтын сертификаттың көшiрмесi

Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – бір жыл.

4

Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және кемінде үш жыл аталған бағытта жұмыс істейтін сарапшы-аудиторда практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуі.

тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі жұмыстарды жүргiзуге өзінің қатысқанын растайтын жеке тұлғаның тағылымдамадан өткенi туралы он есептiң көшiрмесi

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өтуді аттестаттау бағыттары бойынша даярлық (қайта даярлық) бойынша курстарды тыңдаудан соң жүзеге асырады.

6. Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:

1

Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы не егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмейтін болса, ондай жағдайда мәлімделетін қызмет ету бағытында кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.


2

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл немесе мәлімделетін қызмет ету бағытында жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.


3

Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.
Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау немесе біліктілігін арттыру бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 40 сағатты құрайды.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.

Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл.

4

Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және кемінде екі жыл аталған бағытта жұмыс істеген сарапшы-аудиторда мәлімделетін аттестаттау саласында практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуі.
Қазақстан Республикасында тағылымдамадан өту үшін жағдайлар болмайтын жағдайда, тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары рұқсат етіледі.
Аттестаттарының қолданысы тоқтатылған немесе мерзімі өтіп кеткен немесе аттестаттары жойылған сарапшы-аудиторларды қоспағанда, бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғалардың тағылымдамдан өтуі қажет емес.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес, мәлімделетін бағытта тағылымдамадан өтуі туралы кемінде 3 (үш) есеп  немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары немесе сәйкес мәлімделетін аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өтуді аттестаттау бағыттары бойынша даярлық (қайта даярлық) бойынша курстарды тыңдаудан соң жүзеге асырады.
Бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғаларға мәлімделетін аттестаттау саласындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынады.
Ұсынымда мәлімделген аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның кәсіби біліктілігі мен дағдылары көрсетілуге тиіс.


* Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес.

Сәйкестікті растау, аккредиттеу,  
тауарды шығарған елді, Кеден одағы  
тауарының немесе шетел тауарының    
мәртебесін айқындау жөніндегі     
сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат
беру талаптары мен олардың сәйкестігін
растайтын құжаттар тізбесіне қосымша 

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны
_______________________________________________________________
                  (мәлімделетін аттестаттау бағыты)

Толтырылған күні_____________________________________________________

1. Жеке деректері:

Тегі_________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болған кезде) _____________________________________
Туған жылы __________________________________________________________
Жеке тұлғаны куәләндыратын құжат (нөмірі, кім және қашан берді)
_____________________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі____________________________________________
Білімі_______________________________________________________________
Аяқтаған оқу орнының атауы___________________________________________
Аяқтаған жылы _______________________________________________________
Білімі туралы құжаттың (диплом) нөмірі_______________________________
(шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаты болған
кезде, Қазақстан Республикасының аумағында заңнамамен белгіленген
тәртіппен білім беру туралы құжатты нострификациялау туралы
мәліметтерді көрсету)
Диплом бойынша мамандығы ____________________________________________
Диплом бойынша біліктілігі __________________________________________
Ғылыми дәрежесі (бар болған кезде)___________________________________
Аттестаты (бар болған кезде)_________________________________________
                                     (сарапшы-аудитордың)
20 __ жылы «___» _________ № _______________________________берілген.
Жұмыс орны __________________________________________________________
Лауазымы ____________________________________________________________
телефоны  ___________________________________________________________
Тұрғылықты мекенжайы ________________________________________________

2. Жұмыс өтілінің бар екендігі туралы деректер:

Күні

Ұйым атауы, лауазымы

Негізгі міндеттемелері

басталуы

аяқталуы





3. Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу бойынша жұмыстарға қатысқандығы (практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуі) туралы деректер:

Жұмыстар жүргізу кезеңі

Тексерілетін ұйымның атауы және мекенжайы

Орындалған жұмыстар тізбесі




4. Даярлық (қайта даярлық) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы деректер:

Күні

Оқыту түрі

Мамандану (қызмет бағыты)

Куәліктің нөмірі және берілген күні

Оқытуды өткізген оқу орталығы






___________________________
       Қолы, күні

Қазақстан Республикасының   
Инвестициялар және даму    
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы 
№ 1173 бұйрығына       
2-қосымша           

Қазақстан Республикасының   
Инвестициялар және даму     
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 6 ақпандағы     
№ 116 бұйрығына 2-қосымша   

Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 16-бабы 5-тармағына, 16-1-бабы 4-тармағына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) сарапшы-аудиторларды аттестаттау (бұдан әрі - аттесттау) – сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел  тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғалар дайындығының теориялық және практикалық деңгейінің техникалық реттеу саласындағы, сондай-ақ стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың белгіленген талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;
      2) уәкілетті орган – техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2. Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау тәртібі

1-Параграф. Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі аттестаттау

      3. Аттестаттау үшін уәкілетті орган сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі аттестаттау комиссияларын құрады.
      4. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау комиссиясы кемінде бес адамнан құралады. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау комиссиясының құрамына уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіргізіледі.
      5. Сәйкестікті растау жөнiндегi аттестатты алу үшін, сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлға уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:
      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі - өтініш);
      сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны;
      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша тағылымдамадан өткені туралы саны мынадай есептер:
      өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша (әр түрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп немесе аттестаттаудың мәлімделетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;
      жалпы ұзақтығы жиырма жұмыс күнінен кем емес менеджмент жүйесі бойынша (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) - кемінде төрт есеп немесе аттестаттаудың мәлімделетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;
      персонал бойынша – кемінде үш есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары немесе аттестаттаудың мәлімделетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.
      6. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау комиссиясының құрамы бес адамнан кем болмауы қажет. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi комиссияның құрамына тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар, уәкiлеттi органның, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де ұйымдардың өкiлдерi енгізіледі. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау комиссияның төрағасы оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен сайланады.
      7. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi аттестатты алу үшін, сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлға уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) өтiнiш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
      3) жоғары бiлiм туралы дипломның көшiрмесiн;
      4) оқу орталығы куәлiгiнiң немесе жеке тұлғаның теориялық даярлығын растайтын сертификаттың көшiрмесiн;
      5) тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі жұмыстарды жүргiзуге оның қатысқанын растайтын жеке тұлғаның тағылымдамадан өткенi туралы он есептiң көшiрмесiн;
      6) кемiнде екi жыл жалпы жұмыс өтілін растайтын жұмыс орнынан анықтама немесе еңбек кiтапшасынан үзiндi көшiрмені ұсынады.
      8. Құжаттар жиынтығы уәкілетті органға тігілген және нөмірленген түрінде ұсынылады.
      9. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау құжаттар уәкілетті органға келіп түскен сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі және мынадай кезеңдерді:
      1) ұсынылған құжаттардың жиынтықтылығын тексеруді;
      2) сәйкестікті растау және тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау бойынша комиссиясының қоса берілген құжаттармен өтініштерді қарауды;
      3) уәкілетті органның сарапшы-аудитор ретінде аттестаттау туралы немесе дәлелді бас тарту туралы шешімдер шығаруын;
      4) сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі аттестатын ресімдеуді және оны сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың тізіліміне енгізуді қамтиды.
      10. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор ретінде аттестаттау туралы шешім қабылдаған кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестаты беріледі; тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестаты осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
      11. Аттестатты беру туралы шешім сәйкестікті растау бойынша сарапшы-аудиторларды аттестаттау комиссиясының және тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау комиссиясының оңды шешімі негізінде уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.
      12. Аттестатты беруден бас тарту мынадай:
      1) дәйексіз деректер ұсыну;
      2) сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкессіздігі;
      3) мәліметтері техникалық реттеу саласындағы заңнама нормаларына қайшы келетін, тағылымдамалардан өткені туралы есептер ұсыну жағдайларында жүзеге асырылады.
      Электрондық құжат нысанында дәлелді бас тартуды аттестат беру үшін белгіленген мерзімдерде сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға уәкілетті орган береді.

2-Параграф. Аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттесттау

      13. Аккредиттеу жөнiндегi аттестатты алу үшін, сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлға уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      өтініш;
      аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны;
      аккредиттеу бойынша тағылымдамадан өту туралы есеп (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) – кемінде үш есеп немесе аттестаттаудың мәлімделетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынады.
      Құжаттар жиынтығы уәкілетті органға тігілген және нөмірленген түрінде ұсынылады.
      14. Уәкілетті орган сарапшы-аудитордың аттестатын беруге құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толық екендігін тексереді.
      Сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлға құжаттардың толық жиынтығын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінішті қарастырусыз қайтарады.
      15. Құжаттардың толық жиынтығын ұсынған жағдайда уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде оларды, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 1-бабы 11-тармағына сәйкес сарапшы-аудиторларды аттесттау жүргізетін аккредиттеу органына жібереді.
      16. Аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау үшін аккредиттеу органы аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия құрады.
      17. Аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау комиссиясы бес адамнан құрылады. Аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау комиссиясының құрамына аккредиттеу органының, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және бағыттар бойынша сарапшы-аудиторлар кіргізіледі.
      18. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау құжаттардың аккредиттеу органына келіп түскен сәтінен бастап он  жұмыс күні ішінде жүргізіледі және мынадай:
      1) аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау комиссиясының қоса берілген құжаттарымен өтініштерді қарауы;
      2) аккредиттеу органының сарапшы-аудитор ретінде аттестаттау туралы немесе дәлелді бас тарту туралы ерікті нысанда сараптық қорытынды шығаруы;
      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатын ресімдеу үшін сараптамалық қорытындыны уәкілетті органға жіберу кезеңдерін қамтиды.
      19. Аттестатты беру туралы шешім аккредиттеу органының сараптамалық қорытындысы негізінде уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.
      20. Аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес сарапшы-аудиторларды аттестаттау бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
      21. Аттестатты беруден бас тарту мынадай:
      1) дәйексіз деректер ұсыну;
      2) сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкессіздігі;
      3) мәліметтері техникалық реттеу саласындағы заңнама нормаларына қайшы келетін, тағылымдамалардан өткені туралы есептер ұсыну жағдайларында жүзеге асырылады.
      22. Осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген негіздер бойынша аттесттат беруден бас тарту жағдайында, аккредиттеу органы осы Қағиданың 18-тармағында көрсетілген мерзімде, бас тарту туралы сараптамалық қорытынды дайындайды және оны уәкілетті органға жібереді.
      23. Бас тарту туралы сараптамалық қорытындыны алған соң уәкілетті орган электрондық құжат нысанында дәлелді бас тарту қалыптайды.

3-Параграф
Қорытынды ережелер

      24. Аттестаттарының қолданысы тоқтатылған немесе мерзімі өтіп кеткен немесе аттестаттары жойылған сарапшы-аудиторларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі бұрын аттестатталған сарапшы-аудиторлар тағылымдамадан өту туралы есептердің орнына осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес мәлімделетін аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есепті ұсынады.
      25. Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
      26. Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды қайта аттестаттау аттестаттан айырылу күнінен бастап екі жыл өткен соң жүргізіледі.

Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды 
шығарған елді, Кеден одағы тауарының     
немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау
қағидаларына 1-қосымша            

нысан

_____________________________________________________________________
               (аттестаттау органының толық атауы)
               __________________________________
                      (аттестаттау бағыты)

               бойынша сарапшы-аудиторға үміткер

_____________________________________________________________________
         (Т.А.Ә., лауазымы, жұмыс орны, мекенжайы, телефоны)

Өтінім

____________________________________________________________________
                        (аттестаттау бағыты)

бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу
жүйесінің сарапшы-аудиторы ретінде аттестаттауды өтінемін.

      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы
заңнамамен белгіленген сарапшы-аудиторларға қойылатын талаптарды
толығымен орындауға міндеттенемін.

      20___ж. «___»___________ ақпараттық жүйелерде жазылған, заңмен
қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісемін (қолы).

      Қоса берілетін құжаттар:

      Қолы, күні

Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды   
шығарған елді, Кеден одағы тауарының     
немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау 
жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау
қағидаларына 2-қосымша             

нысан 

Тағылымдамадан өткені туралы № _____ ЕСЕП

_____________________________________________________________________
                   (мәлімделетін аттетаттау бағыты)
_____________________________________________________________________
(сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
                         (есептің мәтіні)
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға (тағылымдамашы) _____________
___________________________________       ___________________________
     (тегі және аты-жөні)                              (қолы)

Тағылымдама басшысының пікір-мінездемесі:

Бағалау саласы

Бағалау (қанағаттанарлық, қанағаттарлықсыз)

Білімі:


Қазақстан Республикасы заңнамаларының негізі


Қазақстан РЕспубликасының стандарттау жөніндегі негізін қалайтын нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік құжаттары


Жұмыстар мен тексерістер жүргізу әдістері мен процедуралары, тексерілетін нысандар сипаттамалары, оларды бағалау, есептер, қажетті құжаттар және жұмыс нәтижелері бойынша қорытындылар дайындау


Білімді іс жүзінде қолдана білу


Жеке қасиеттерін іске асыру


Жалпы баға


Тағылымдама жетекшісі
____________________________________________________________________
(сарапшы-аудитор, тегі, аты, әкесінің аты, аттестаттың тіркеу нөмірі,
____________________________________________________________________
Сарапшы-аудитор ретіндегі қызмет бағыты, лауазымы, жұмыс орны, жұмыс
өтілі)
___________________________        __________________________________
(тағылымдама басшысының қолы)      (тағылымдама басшысының тегі және
                                                аты-жөні)

Ұйым басшысы
___________________________       ___________________________________
(ұйым басшысының қолы)           (ұйым басшысының тегі және аты-жөні)

      М.О.

      Ескертпе:
      Есеп мәтінінде көрсетеді:
      1) тағылымдамадан өткен күнді, тағылымдамадан өткен ұйымның атуын және мекежайын (Қазақстан Республикасының Аккредиттеу субъектілері тізбесінде тіркелген ұйымның аккредиттеу аттестатының нөмірі және қолданылу кезеңі);
      2) жұмыстардың ережелер мен процедураларды айқындайтын қандай құжаттарға сәйкес жүргізілгенін;
      3) тексерілген тексеру нысанының сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы шешімнің ненің негізінде қабылданғаны туралы құжаттар көрсетілген жұмыстарды жүргізу тәртібі (сертификаттау/мәлімдеу рәсімдерінің қорытындысы, сынақ хаттамаларының және өзге құжаттардың нөмірлері);
      4) сәйкестік сертификатын беру/беруден бас тарту туралы қабылданған шешім (тексерілетін ұйымның атауы және мекенжайы).

Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды  
шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе
шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды аттестаттау қағидаларына
3-қосымша                 

нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ
МИНИСТРЛІГІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУ, АККРЕДИТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ
САРАПШЫ-АУДИТОР
АТТЕСТАТЫ

___________________________
сарапшы-аудиторлар тізілімінде
20__ жылы «___» ___________
№ ____ болып тіркелген
20__ жылғы «___» ___________
дейін жарамды

      Осы аттестат _____________________________сарапшы-аудиторларға                                (Т.А.Ә.)
қойылатын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы
заңнама талаптарына сәйкестігін және ________________________________
бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталғанын куәландырады.
      Аттестат 20__ жылы «___» _______________________жөніндегі
сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі
негізінде берілді.

      ____________________                _______________________
           (қолы)                               (Т.А.Ә.)

Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды  
шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе
шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды аттестаттау қағидаларына
4-қосымша                 

Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ
МИНИСТРЛІГІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

ТАУАРДЫ ШЫҒАРҒАН ЕЛДІ, КЕДЕН ОДАҒЫ ТАУАРЫНЫҢ НЕМЕСЕ ШЕТЕЛ
ТАУАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІН АЙҚЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ
САРАПШЫ-АУДИТОР
АТТЕСТАТЫ

___________________________
сарапшы-аудиторлар тізілімінде
20__ жылы «___» ___________
№ ____ болып тіркелген
20__ жылғы «___» ___________
дейін жарамды

      Осы аттестат _____________________________сарапшы-аудиторларға
                            (Т.А.Ә.)
қойылатын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу
саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін және
______________________ бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына
аттестатталғанын куәландырады.
      Аттестат 20__ жылы «___» _______________________жөніндегі
сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі
негізінде берілді.

      _________________                  _________________________
          (қолы)                                 (Т.А.Ә.)

Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды 
шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе
шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды аттестаттау қағидаларына
5-қосымша                  

Сарапшы-аудиторларды аттестаттау бағыттары

      1. Өнімнің сәйкестігін растау:
      1) машина жасау;
      2) автокөлік құралдары;
      3) металлургия;
      4) радиотехника, электртехникалық және кабельдік;
      5) электронды;
      6) байланыс және телекоммуникация құралдары;
      7) программалық құралдар және деректер базасы;
      8) жеңіл өнеркәсіп;
      9) құрылыс материалдары мен құрастырылымдары;
      10) ағаш өңдеу тауарлары;
      11) тамақ өнеркәсібі;
      12) ауыл шаруашылығы өндірісі;
      13) химия
      14) тұрмыстық химия;
      15) парфюмерлік-косметикалық;
      16) минералдық тыңайтқыштар;
      17) мұнай және отын шикізаты;
      18) қару-жарақ (қызметтік-штаттық, азаматтық) және оның оқ-дәрілері;
      19) жарылғыш заттар және олардың негізіндегі бұйымдар және өзге өнім түрлері;
      20) пиротехникалық.
      2. Көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау:
      1) автомай құю стансалары мен мұнай өнімдерінің базалары;
      2) қонақ үй;
      3) қоғамдық тамақтану;
      4) шаштараз;
      5) автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
      6) туристік және экскурсиялық;
      7) теміржол көлігіндегі экспедиторлық қызметтер;
      8) химиялық тазарту.
      9) автокөліктегі экспедиторлық қызметтер
      3. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау.
      4. Персоналдың сәйкестігін растау.
      5. Аккредиттеу

Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды  
шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе 
шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды аттестаттау қағидаларына
6-қосымша               

Нысан 

Сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп____________________________________________________________________
(аттестаттау бағыты)

Тегі ________________________________________________________________
Аты _________________________Әкесінің аты____________________________
Аттестаты____________________________________________________________
               (сарапшы-аудиторды аттестаттау бағыты)
20___ ж. «_____» ______________  берілген №__________________________
20__ ж. «__» ________бастап 20__ж. «__» _______ дейінгі есептік кезең

Есептік кезең ішіндегі орындалған жұмыстар туралы мәліметтер

Есептік кезең ішіндегі орындалған жұмыстар нәтижесі



_____________________________________________________________________
(негізгі жұмыс орны)
_____________________________________________________________________
(аттестаттың қолданысын тоқтата тұру, жою туралы мәліметтер)
___________________________________________        __________________
(сарапшы-аудитордың тегі және аты-жөні)               (қолы, күні)
___________________________________________        __________________
(ұйым басшысының тегі және аты-жөні)                  (қолы, күні)

      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады