Байланыс формасы

Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі Мемлекеттік нормативті бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 399-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 қаңтарда № 12887 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 232-НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 28.11.2016 № 232-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен, бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 12) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 30 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9778 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ереженің 19-тармағының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі Мемлекеттік норматив бекітілсін.
      2. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                          М. Жайымбетов

Қазақстан Республикасы       
Ұлттық экономика министрлігінің   
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық   
шаруашылық істері және жер ресурстарын
басқару комитеті төрағасының    
2015 жылғы 15 желтоқсандағы     
№ 399-нқ бұйрығымен бекітілген   

Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау
жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив» (бұдан әрі – Мемлекеттік норматив) Қазақстан Республикасында жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу құнын айқындаудың міндетті сабақтастығын белгілейді.
      2. Мемлекеттік норматив инвестициялық-құрылыс процесіне қатысатын барлық субъектілер үшін жобалау жұмыстарының ағымдағы бағадағы құнын айқындауға мүмкіндік беретін бірыңғай әдіснамалық негіз құру үшін негіз болып табылады.
      3. Осы Мемлекеттік нормативте жазылған нормативтік-әдістемелік ережелер кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды салуға, оларды кеңейтуге, реконструкциялауға және техникалық жағынан қайта жарақтандыруға арналған, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялардың есебінен немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен жүргізілетін елді мекендерді аудандық жоспарлау және құрылысын салу жобаларын әзірлеудің құнын айқындаудың міндетті сабақтастығы белгіленеді.
      4. Басқа көздердің есебінен қаржыландырылатын объектілер үшін Мемлекеттік норматив ұсынымдық сипатқа ие болады және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеудің құнын айқындау кезінде анықтамалық материал ретінде пайдаланылуы мүмкін.
      5. Осы Мемлекеттік нормативте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жобалау жұмыстарының құны – жобалау объектілерінің осы түріне жобалаушылардың еңбек шығындары нормативтерінің негізінде сомасы анықталатын объектілерді жобалауды жүзеге асыру үшін қажетті ақша қаражаты;
      2) жобалау жұмыстарының еңбек сыйымдылығы – жобалау жұмыстарының белгілі бір бірліктерін орындауға жұмсалған жұмыс уақытының шығындарын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш;
      3) жобалау жұмыстарына жұмсалатын еңбек шығындарының нормалары – жобалау жұмыстарының бір бірлігіне (табақ, бөлшек, ойық, сызбалар, ғимарат алаңдары және т.б.) жұмсалған жұмыс уақытының мөлшерімен өлшенеді;
      4) жобаның бас инженері, бас сәулетшісі – тиісті біліктілік аттестаты бар, объектіні жобалаудың, салудың, қолданысқа енгізудің және жобалау қуаттарын игерудің барлық кезеңі бойы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге, жобалау-іздестіру жұмыстарына басшылық жасайтын инженерлік-техникалық қызметкер;
      5) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама – көлемдік-жоспарлау, конструкциялық, ұйымдастыру-технологиялық шешімдерді, нақты ғимаратты, құрылысты, объектіні салудың құнын және экономикалық жағынан тиімділігін негіздейтін графикалық, есептік және мәтіндік материалдардың жиынтығы.

2. Негізгі ережелер

      6. Осы Мемлекеттік норматив кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды салуға, оларды кеңейтуге, реконструкциялауға және техникалық жағынан қайта жарақтандыруға арналған, сондай-ақ елді мекендерді аудандық жоспарлау және құрылысын салу жобаларын әзірлеуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құнын айқындау жөніндегі нұсқауларды қамтиды.
      7. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құны Жобалау жұмыстарына жұмсалатын еңбек шығындарының нормалар жинағының (бұдан әрі – Жинақ) тиісті бөлімдерінде көрсетілген жобаны әзірлеуге арналған нормативтік еңбек сыйымдылығы көрсеткіштерінің негізін есептеумен айқындалады.
      8. Мемлекеттік нормативке сәйкес бөлімдер бойынша айқындалатын жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жұмсалатын еңбек шығындарының нормалары:
      1) құрылыс салу алаңының шегінде бас жоспарды жобалауды;
      2) жобалау құжаттамасының сәулет-құрылыс, технологиялық, сметалық және басқа да бөлімдерін, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды салуға арналған жұмыс құжаттамасының тиісті негізгі жиынтықтарын әзірлеуді;
      3) алаңішілік және сыртқы инженерлік желілерді, коммуникацияларды, құрылыстарды және құрылғыларды (электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау, әлсіз тоқты желілер және т.б.) жобалауды;
      4) объектілерді, құрылғыларды және құрылыстарды алаңішілік және сыртқы инженерлік желілерге қосуды қамтиды.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 07.10.2016 № 137-нқ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жұмсалған еңбек шығындарының нормалары негізінде есептелген жобалау жұмыстарының құнына, сондай-ақ, макеттерді қоспағанда, эскиздер, көрсету материалдарын дайындау (келісу үшін қажетті көлемде) қызметтері кіреді.
      10. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жұмсалған еңбек шығындарының нормаларына төмендегілер қосылмаған және қосымша есептемені талап етеді:
      1) жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес бірнеше нұсқада жобалық шешімдерді әзірлеу;
      2) ерекше күрделі конструкциялары және жұмыс жүргізу әдістері бар объектілерді жобалау кезінде арнайы және қосалқы құралдарға, құрылғыларға және қондырғыларға арналған жұмыс сызбаларын әзірлеу;
      3) құрылыстың нормативтік құжаттамасының өзгеруіне байланысты тапсыру-қабылдау актісі бойынша жұмыстарды тапсырыс берушіге тапсырғаннан кейін жобалау-сметалық құжаттаманы түзету;
      4) ғимараттар мен құрылыстардың көркемдік-сәндік шешімдерін әзірлеу (интерьерлер, жеке жиһаз, жабдық, дизайн және жарнама элементтері, арнайы графика, өзге де көркемдік жұмыстар);
      5) конструкцияларды зауытта дайындалған технологиялық құбырларды, сондай-ақ үлгілік емес және стандарттық емес жабдықтарды қоса алғанда, металл конструкцияларының бөлшектік сызбалары сатысында жобалау (жобалау ұйымының тапсырыс берушісі осындай жұмыстарды тапсырған жағдайда);
      6) реконструкциялауға, кеңейтуге немесе техникалық жағынан қайта жарақтандыруға жататын объекті бойынша зерттеп тексеру және өлшеу жұмыстары;
      7) үлгілік емес, стандарттық емес жабдықты дайындауға арналған конструкторлық құжаттама әзірлеу;
      8) жеке индустриялық құрылыс бұйымдарына арналған құжаттаманы әзірлеу;
      9) көрсету макеттерін, буклеттер және басқа иллюстрациялық материалдар дайындау;
      10) жұмыс жүргізу жобасын әзірлеу;
      11) уақытша ғимараттар мен құрылыстар салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу;
      12) жобалау кезіндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкциялық жұмыстар;
      13) іздестіру жұмыстарына жұмсалатын шығындар;
      14) энергия тұтынуды есепке алудың автоматтандырылған жүйелері бойынша жобалау жұмыстары;
      15) алаң сыртындағы желілерге арналған жобалау жұмыстарын әзірлеу;
      16) жеке тұратын, жалпы аудандық (жалпы орамдық) инженерлік құрылыстарды: жеке жылу пунктін, таратқыш трансформаторлық кіші станцияларды, трансформаторлық кіші станцияларды әзірлеу;
      17) дренажды жобалау;
      18) күзет-қорғаныс дератизациялау жүйесін, арнайы күзет сигнализациясы, өрт сөндіру, өртке қарсы желдету, теледидарды ұжымдық қабылдаудың ірі жүйелері, электр байланысы жүйелері мен басқа да арнайы жүйелердің құрылғыларын әзірлеу;
      19) азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайларға байланысты инженерлік-техникалық іс-шаралар әзірлеу;
      20) технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері бойынша техникалық құжаттама әзірлеу;
      21) құрылыс салудың арнайы әдістерін (су деңгейін төмендету, мұздату, топырақты химиялық бекіту және басқа әдістерді) жобалау;
      22) міндетті жобалық шешімдерге қосымша келісімдер алу жөніндегі жұмыстар;
      23) жобалау ұйымдарының құрылыс салуға арналған алаңды (трассаны) таңдауға қатысуы;
      24) авторлық қадағалау;
      25) іске қосу кешендерін әзірлеу;
      26) Жинақтың тиісті бөлімдеріне енгізілген «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімінен басқа, күрделі құрылыс объектісінің қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау.
      11. Осы Мемлекеттік норматив бойынша еңбек шығындарының нормалары негізінде айқындалатын жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құнына, сондай-ақ, мынадай шығыстар енгізілмеген және тапсырыс беруші оларға ақы төлеуге тиіс:
      1) қосылған құн салығы;
      2) әкімшілік персоналдың іссапарларын қоспағанда, объектінің құрылыс ұйымы орналасқан пункттен тыс жобалануына байланысты және жобалық шешімдерді жергілікті жерде қабылдау талап етілетін іссапар шығыстары.
      12. Сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттама әзірлеудің нормативтік құнына төмендегі қызметтер кірмейді және тапсырыс беруші оларға қосымша ақы төлеуге тиіс (қажет болған жағдайда немесе шарт бойынша тапсырыс берушінің қосымша тапсырмалары болғанда):
      1) жобалауға арналған тапсырманы дайындау;
      2) бастапқы деректер мен техникалық шарттарды келісу;
      3) жобалау-сметалық құжаттаманы шет тілінен және басқа шет тіліне аудару;
      4) жобалау-сметалық құжаттаманың міндетті төрт данадан тыс қосымша сандарын дайындау.
      13. Сараптама жұмыстарын жүргізу құны (мемлекеттік сараптама, экологиялық сараптама және т.б.) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құнына кірмейді.

3. Жобалау жұмыстарының құнын айқындаудың негізгі қағидаттары
және әдістері

      14. Құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құны жобаланатын объектілердің: қуатының, ұзақтығының, құрылыс көлемі мен алаңының және т.б. негізгі көрсеткіштері (бұдан әрі – жобаланатын объектілердің негізгі көрсеткіштері деп аталатын) негізге алынып айқындалады.
      15. Жобалау жұмыстарының құны Сжоб, теңге, мына формула бойынша анықталады (1):

      мұнда:
      ЕШНжалп – негізгі өндірістік персоналдың жұмыс құжаттамасын әзірлеуге жұмсаған еңбек шығындарының жалпы нормалары, адам-сағат;
      П(ki) – Мемлекеттік нормативке сәйкес 123-қосымшаларға сай түзету (дәлдеу) коэффициенттерінің туындысы. Түзету коэффициенттерінің туындысы (реконструкциялау коэффициентінсіз) 2,0-ден аспауға тиіс;
      k1(2) – сатылық коэффициенті: k1 – жобаны әзірлеуге жұмсалатын еңбек шығындары нормаларының жұмыс құжаттамасын әзірлеуге жұмсалатын еңбек шығындары нормаларына қатынасы және k2 – жұмыс жобасын әзірлеуге жұмсалатын еңбек шығындары нормаларының жұмыс құжаттамасын әзірлеуге жұмсалатын еңбек шығындары нормаларына қатынасы;
      Зп – Қазақстан Республикасындағы жобалау жұмыстарын жүргізудің жоспарланатын кезеңіне (қаржы жылына) жобалаушыларға орташа сағаттық еңбек ақы төлеу. Орташа сағаттық еңбек ақы Зп төлеуді Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган, қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілдері мына формула (2) бойынша анықтайды:

Зп. =   ,(2)

      мұнда:
      Зп орт.ай – жоспарлау кезеңінің алдындағы соңғы 12 ай ішіндегі экономикалық қызметтің (кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет) тиісті түрі үшін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша орташа айлық жалақының шамасы, теңге;
      Tжұм.ай – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бір айға тең кезең ішінде жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы, сағат;
      АЕКағым – ағымдағы жылғы айлық есептік көрсеткіш, теңге;
      АЕКалд.жыл – алдыңғы жылдағы айлық есептік көрсеткіш, теңге;
      Kж – жобалау жұмыстары құнының құрылымындағы негізгі өндірістік персонал жалақысының үлесі, kж = 0,35.
      16. Негізгі өндірістік персоналдың ЕШНжалп жобасын әзірлеуге жұмсаған еңбек шығындарының жалпы нормалары мына формула бойынша анықталады (3):

ЕШНжалп = ЕШНө.п. + ЕШНжоб.бас., (3)

      мұнда:
      ЕШНө.п. – ** «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына, Жинақтың тиісті бөлімдеріне, сондай-ақ, жобалау жұмыстарын басқаруға жұмсалатын еңбек шығындарын қоспағанда, осы Мемлекеттік нормативтің 2 және 3-тармақтарына сәйкес бекітілген, мемлекеттік нормативтермен көзделген құрамда және көлемде жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жұмсалатын негізгі өндірістік персоналдың еңбек шығындарының нормалары, адам-сағат;
      ЕШНжоб.бас. – жобаның бас инженерлерінің, жобаның бас сәулетшілерінің және жобалау жұмыстарын басқару жөніндегі басқа да санаттардағы мамандардың нормативтік еңбек шығындары, адам-сағат, мына формула бойынша қабылданады (4):

ЕШНжоб.бас. = ЕШНп.п.  0,1, (4)

      17. ЕШНө.п. мына формула бойынша анықталады (5):

ЕШНө.п. = a + в Х, (5)

      мұнда:
      a және в – жобаланатын объект негізгі көрсеткішінің белгілі бір аралығына арналған тұрақты шамалар;
      Х – жобаланатын объектінің негізгі заттай көрсеткіші: қуаты, өнімділігі (өнеркәсіптік объектілер үшін), ұзақтығы (желілік объектілер үшін), сыйымдылығы, алаңы және басқа көрсеткіштер.
      Х негізгі көрсеткіші Жинақтың тиісті бөлімінің кестесінде көрсетілген, берілген мәндердің шегінен тыс шыққан жағдайда, Х негізгі көрсеткіші экстраполяция әдісімен – басқа бөлікке таратылған аралықтың берілген бөлігіне арналған функцияның жақын мәні ретінде анықталады, атап айтқанда:
      1) объект қуатының көрсеткіші Жинақтың бөлімінде, ЕШНө.п.  келтірілген кестелік көрсеткіштен аз болған жағдайда, оның жобалануы мына формула бойынша анықталады (6):

ЕШНө.п. = а + в (0,4 Хmin + 0,6 Хбер) , (6)

      мұнда:
      а және в – көрсеткіштің ең аз мәнінің кестесі бойынша қабылданатын тұрақты шамалар;
      Хmin – кестеде келтірілген ең аз көрсеткіш;
      Хбер – жобаланатын объектінің белгіленген көрсеткіші.
      2) объект қуатының көрсеткіші Жинақтың бөлімінде, ЕШНө.п.      келтірілген кестелік көрсеткіштен көп болған жағдайда, оның жобалануы мына формула бойынша анықталады (7):

ЕШНө.п. = а + в (0,4 Хmax + 0,6 Хбер), (7)

      мұнда:
      а және в – көрсеткіштің ең көп мәнінің кестесі бойынша қабылданатын тұрақты шамалар;
      Хmax – кестеде келтірілген ең жоғары көрсеткіш;
      Хбер – жобаланатын объектінің белгіленген көрсеткіші.
      18. Жоба алдындағы құжаттаманы әзірлеу қажет болған жағдайда, оның құны жобалаудың жалпы құнының 15-тен 20 % дейінгі мөлшерінде қосымша қабылданады (жоба және жұмыс құжаттамасы).
      19. Мемлекеттік нормативтің бөлімдерінде өндірістік және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер мен кешендердің жаңа құрылысын жеке жобалауға жұмсалатын еңбек шығындарының нормалары келтірілген.
      20. Объектілерді реконструкциялауға және техникалық жағынан қайта жарақтандыруға арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу құны жобаланатын объектінің негізгі көрсеткішінің мәні негізге алына отырып, Жинақтың еңбек шығындарының нормалары бойынша анықталады, оған жобаның реконструкцияланатын объектілерінің бөлімдері мен бөліктеріне, бірақ азаматтық мақсаттағы объектілер бойынша 1,5 аспайтын, және өндірістік мақсаттағы объектілер бойынша 2,0 аспайтын 3-қосымшада келтірілген коэффициенттер ескеріле отырып, оны реконструкциялау, техникалық жағынан қайта жарақтандыру нәтижесінде қол жеткізілуге тиіс.
      Инженерлік желілерді салудың орнына реконструкциялауды қолдану деп коммуникациялардың қуаты мен өнімділігі өзгерген (яғни құбырлардың диаметрі, кабельдердің қимасы ұлғайса), құбырлардың жаңа тиімді материалдары, оқшаулағыш қолданылған, сондай-ақ коммуникациялардың орналасқан жері, трассаның белгіленуі, тарту тәсілдері және инженерлік желілерді басқа көздерге жалғау немесе қосу арқылы олардың схемасы өзгерген кезде оларды қайта төсеу жағдайларын есептеу қажет.
      20-1. Объектілерді күрделі жөндеуге арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу құны күрделі жөндеуге жататын жобаның бөлімдері мен бөліктеріне 0,5 төмендетуші коэффициентін ескере отырып, оны күрделі жөндеу нәтижесінде қолжеткізілуі тиіс жобаланатын объектінің негізгі көрсеткішінің мәнін ескеріп, Жинақтың бағалары бойынша айқындалады.
      Ескерту. 3-тарау 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 07.10.2016 № 137-нқ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      21. Кәсіпорынды кеңейтуге арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу құны жаңа құрылысқа арналған құжаттама құны сияқты анықталады.
      22. Көп рет қолданылатын жобаларды (үлгілік жобаларды) әзірлеу құны Жинақтың 1,5 дейінгі коэффициенттер қолданылатын еңбек шығындарының нормалары бойынша анықталады.
      23. Үлгілік жобаларды немесе оларға елелулі өзгерістер енгізбестен (жобалау құжаттаманың жалпы көлеміне қатысты 10%-дан кем) қайта қолданылатын жобаларды бекіту құны жеке жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құнына 0,35 коэффициенті қолданылатын Жинақтың еңбек шығындары нормалары бойынша (39-бөлім бойынша тұрғын үй-азаматтық маңызы бар объектілерді қоспағанда) анықталады.
      Үлгілік жобаларды немесе оларға елелулі өзгерістер енгізе отырып (жобалық құжаттаманың жалпы көлеміне қатысты 10%-дан артық) қайта қолданылатын жобаларды бекіту құны:
      - 10-20% – жеке жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеудің құнына 0,45;
      - 20-30% – жеке жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеудің құнына 0,55;
      - 30-40% – жеке жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеудің құнына 0,65;
      - 40-50% – жеке жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеудің құнына 0,70 коэффициенті қолданылатын Жинақтың еңбек шығындары нормалары бойынша анықталады.
      24. Цехтардың, ғимараттардың және құрылыстардың айналы бейнедегі үлгілік жобаларын үлгілік жобада көзделген орналасуына қатысты бекіту кезінде, бекіту құнына 1,2 коэффициенті қолданылады.
      25. Құрылысты кезектер бойынша салу кезінде кәсіпорындар мен құрылыстардың жұмыс жобаларын (жобаларды) әзірлеу құны жекелеп алынғанда әрбір кезектің негізгі көрсеткіштері негізге алынып, Жинақ еңбек шығындарының нормалары бойынша анықталады. Бұл ретте, құрылыстың бірінші кезегін жобалау құнына жұмыс жобасын (жұмыс жоба құжаттамасынсыз) немесе барлық кейінгі кезектер жобасын әзірлеу құнының 20% дейін қосылады.
      26. Бірнеше үй-жайлардан, олардың топтарынан, әртүрлі қоғамдық және тұрғын үй мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстардан тұратын көп функционалды ғимараттар және қала құрылысы кешендері жөніндегі жобалау құжаттамасын әзірлеу құны кешенді немесе көп функционалды ғимаратты құрайтын әрбір ғимарат, құрылыс бойынша Жинақтың тиісті бөлімдеріне сәйкес жеке-жеке анықталады және кейін сомалар қосылады.
      4 және одан да көп функцияларды біріктіретін көп функционалды ғимараттарды жобалау құны 1,2 дейінгі коэффициентпен анықталады.
      26-1. Building Information Modeling (бұдан әрі – BIM) технологияларды қолдана отырып жобалау құжаттамасын әзірлеудің құны BIM-модельдерді құру арқылы әзірленген жобаның бөлімдері бойынша 1,2 коэффициентін қолданып, Жинақтың нормалары бойынша айқындалады.
      Ескерту. 3-тарау 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 07.10.2016 № 137-нқ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      27. Жоғары сәулеттік маңызы бар бірегей объектілер мен кешендердің санатына жатқызылған объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу құны Жинақ еңбек шығындарының нормалары бойынша анықталады; бұл ретте, әзірленуі күрделі болатын жұмыс түрлерінің құнына 1,2 коэффициенті қолданылады.
      28. Қолданыстағы нормативтік құжаттарда көзделгендерге қарсы қысқартылған құрамда және көлемде (жобалауға арналған тапсырма өзгерген кезде жобалау-сметалық құжаттаманың өзгеруі; жобаның қосымша нұсқаларын немесе жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес әзірленетін жекелеген технологиялық, конструкциялық, сәулеттік және басқа да шешімдер әзірлеу), сондай-ақ бұрын пайдаланылған материалдарды пайдалану кезінде орындауға жататын жобалау жұмыстарының құны жобалау-сметалық құжаттаманың салыстырмалы құнына сәйкес оны әзірлеуге жұмсалған еңбек шығындарының нормалары бойынша анықталады.
      28-1. Жобалау-сметалық құжаттама бойынша үш жыл ішінде және оны әзірлеуді аяқтаудан кейін үш жылдан астам уақытта құрылыс басталмаса және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-16) тармақшаларына сәйкес жаңа сараптама жүргізу мен қайта бекіту талап етілсе, бұрын әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманы қайта қарау бойынша жобалау жұмыстарының құны 0,35 төмендету коэффициентімен айқындалады.
      Ескерту. 3-тарау 28-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 07.10.2016 № 137-нқ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      29. Еңбек шығындарының нормаларында ескерілген жобалау құжаттамасы жекелеген бөлімдерінің құны Жинақтың бөлімдерінде келтірілген салыстырмалы құн кестелері бойынша анықталады және оны жұмыстарды өз күштерімен орындау кезінде де, сондай-ақ қосалқы мердігерлік жобалау ұйымдарымен келісім бойынша жұмыстардың бір бөлігін оларға беру кезінде де жобалаудың әрбір кезеңі бойынша жалпы құн шегінде жобалау ұйымы нақтылауы мүмкін.
      Мемлекеттік нормативте салыстырмалы құн кестелерінде бөлініп көрсетілмеген жобалау жұмыстарының басқа да түрлерінің салыстырмалы құны осындай түрде анықталуы мүмкін.
      Нормалар жинағында келтірілген жаңа құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеудің салыстырмалы құнының кестелері жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құнына қолданылмайды. Жобалау жұмыстарының осы түрлерін әзірлеудің салыстырмалы құнын анықтауды (белгілі бір жалпы құнның шегінде), ол бір жобалау ұйымының күшімен орындалған кезде орындалатын жұмыстардың еңбек сыйымдылығыіне қарай осы ұйым жүргізеді. Қосалқы мердігерлік жобалау ұйымдарын тарту арқылы орындалатын жұмыстар бойынша жобалау жұмыстарының салыстырмалы құны осы ұйымдармен келісім бойынша белгіленеді.
      30. Жобаланатын объект бөлім құнының кестесінде келтірілген негізгі көрсеткіштің ең аз көрсеткішінен төмен немесе ең көп көрсеткішінен жоғары мәнді иеленген жағдайда, жұмыс құжаттамасын әзірлеудің құны 17-тармақта келтірілген формулаларға (6, 7) сәйкес экстраполяциялау жолымен айқындалады.
      31. Жинақтағы нормалар олар үшін келтірілмеген және ұқсастығы бойынша қабылданбайтын объектілердің құрылысына арналған жобалау құжаттамасының еңбек шығындарының нормалары еңбек шығындары бойынша жеке есеппен анықталады (Мемлекеттік нормативке 4-қосымшаға сәйкес №3П нысаны бойынша).
      32. Мемлекеттік нормативте көзделмеген қосымша жобалау жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын еңбек шығындарының нормалары жекелеген жобалау процестері мен операцияларына, жобалау жұмыстарының жеке өлшегішіне жұмсалатын еңбек шығындарының элементтік нормалары бойынша, немесе олар болмаған жағдайда – жобалаушылардың іс жүзіндегі еңбек шығындарының негізінде (Мемлекеттік нормативке 4-қосымшаға сәйкес №3П нысаны бойынша) анықталады.

4. Жобалаудың еңбек сыйымдылығына әсер ететін қосымша факторлар
ескерілетін жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі
мемлекеттік норматив

      33. Жаңа құрылыс объектілерін қоршаған ортаға енгізудің ерекше жағдайларында (тарихи ортадағы, қорғалатын ландшафт аймағындағы, күрделі тығыз орналасқан учаскедегі және т.б.) оны жобалау кезінде сәулет-құрылыс бөлігі, оның ішінде бас жоспар мен абаттандыру бойынша, сондай-ақ инженерлік құрылыстарға, коммуникацияларға жобалау жұмыстарының құны Мемлекеттік нормативтердің 4-қосымшасында келтірілген, бірақ 1,3 аспайтын коэффициенттер ескеріле отырып, белгіленеді.
      34. Күрделі жағдайларда кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды салуға арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу құны Мемлекеттік нормативтке 1 және 3-қосымшаларға сәйкес түзету коэффициенттері белгіленген тиісті нормативтік құжаттарды әзірлеуге, жобалау жұмыстарының құнын қолданып, Жинақтың еңбек шығындарының нормалары бойынша анықталады.
      Екі және одан да көп күрделі факторлар болған кезде коэффициенттер әрбір фактор үшін қолданылады.
      35. Қауіпті физикалық-геологиялық процестер мен құбылыстардан (қар көшкіні, сел, қопарылыстар және т.б.) арнайы қорғаныс құрылыстарын жобалаудың құны еңбек шығындары бойынша құнды есептеу жолымен нақты жағдайлар негізге алына отырып анықталады және қосымша ақы төленеді.
      36. Импорттық инженерлік және технологиялық жабдықтарды немесе неғұрлым жетілдірілген жаңа үлгідегі жабдықтарды қолдану көзделетін объектілер бойынша жобалау жұмыстарының құны олардың құнына осы жабдықтарды қолдану әсер ететін бөлімдер бойынша 1,2 коэффициенттерімен, өнеркәсіптік өндіріс объектілері бойынша 1,5 коэффициенттеріне дейін қабылданады.
      37. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – ББӘ) және/немесе Тапсырыс беруші халықаралық тәжірибені ескере отырып, жобаланатын Қазақстан Республикасындағы аналогтары жоқ жобаны іске асыруды әзірлеу үшін шетелдік жобалау ұйымын тарту қажеттілігі туралы шешім қабылдаған кезде жобалау жұмыстарының құны мынадай тәртіппен есептеледі:
      1) жобаның технологиялық бөлімін әзірлеуге арналған шығындар мамандардың сандық, біліктілік құрамын ескере отырып, жобалаудың технологиялық үрдістері бойынша еңбек шығындарының ведомосін қалыптастыру жолымен бағаланатын шетелдік жобалаушылардың ресми жарияланған статистикалық деректері мен еңбек сыйымдылығы бойынша жобалау ұйымының шыққан елі жобалаушыларының орташа айлық жалақысының шамасын ескере отырып, есептелген ББӘ және/немесе тапсырыс беруші бекіткен калькуляция бойынша айқындалады;
      2) өзге де бөлімдерге арналған шығындар бағадан проценттердегі жобалау-сметалық құжаттамасының құны ұсынылатын бөлумен кестелердің көмегімен жобаның технологиялық бөлімін әзірлеу бойынша жұмыстарға арналған құнды азайтумен осы Мемлекеттік нормативтің 15-тармағына сәйкес айқындалады.
      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 07.10.2016 № 137-нқ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      38. Жобалау ұйымдарының бас жобалаушылардың функцияларын жүзеге асыруына байланысты шығындары, қосалқы мердігерлікке мамандандырылған жобалау ұйымдарын тарту қажет болған жағдайда, қосалқы мердігерлік жобалау ұйымдарына берілетін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құнының 5 % дейінгі мөлшерінде анықталады және оларға қосымша ақы төленеді.
      39. Жинақтың еңбек шығындарының нормалары бойынша жобалау жұмыстарының құнын анықтау кезінде жобалаудың әртүрлі факторлары болған және осыған байланысты бірнеше коэффициенттер қолданылған жағдайда, жалпы коэффициент оларды көбейту жолымен анықталады.

Қазақстан Республикасында құрылысқа  
арналған жобалау жұмыстарының құнын  
айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке
1-қосымша                

нысан

    Жобалауды күрделендіретін факторлар болған кездегі түзету
                        коэффициенттері

Жобалауды күрделендіретін факторлар

Коэффициент

«жоба» сатысында

«жұмыс жобасы» және «жұмыс құжаттамасы» сатыларында

Шөгетін және ісінетін топырақтар; карстық және қар көшкіні құбылыстары; құрылыс алаңының тау-кен қазбаларының үстінде, су басатын аймақтарда орналасуы

1,05

1,2

Сейсмикалығы 7 балл

1,05

1,2

Сейсмикалығы 8 балл

1,1

1,3

Сейсмикалығы 9 балл

1,1

1,4

Қазақстан Республикасында құрылысқа  
арналған жобалау жұмыстарының құнын  
айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке
2-қосымша                

нысан

    Реконструкциялау түрлері бойынша Кр коэффициентінің мәні

Реконструкциялау (техникалық қызмет көрсету) бойынша жұмыстардың түрлері

Реконструкциялау коэффициенттерінің мәні Кр


Азаматтық мақсаттағы объектілер


1

Объектілерді реконструкциялау


1.1

Жабындарды, инженерлік мақсаттағы жүйелерді ауыстырып, қасбеттерді өзгертпей объектінің мақсатын сақтау

1,05-1,10

1.2

бұл да, қасбеттерді өзгертіп, терезе конструкцияларын және іргетастарды қайта орнату

1,10-1,20

1.3

бұл да, көлемін өзгертумен, тіреуіш конструкцияларды және іргетастарды күшейтумен

1,20-1,30

1.4

бұл да, ішкі қаңқаны орнатумен, ішкі қоршауларды ішінара ауыстырумен және қосымша іргетастар орнатумен

1,30-1,40

1.5

бұл да, ғимараттың астына коллекторлар, өтпе жолдар, тоннельдер салумен

1,40-1,50

2

Азаматтық мақсаттағы объектілер кешенін реконструкциялау


2.1

Қосымша құрылыстар салмастан, жеке тұрған ғимараттарды бірыңғай технологиялық процеспен біріктіру кезінде

1,05-1,10

2.2

бұл да, өтпе галереялары, көлік байланыстары және т.б. түріндегі қосымша құрылыстар салумен

1,10-1,15

2.3

бұл да, төменгі қабаттар бойынша біріктіретін кеңістік салу арқылы

1,15-1,20

2.4

Бір ғимаратта әртүрлі мақсаттағы екі немесе одан да көп объектілер салу кезінде

1,10-1,15

3

Құрылыс салынған аумақтарды реконструкциялау


3.1

Босатылатын учаскелердегі бар қорды және жаңа құрылысты толқынды түрде көшіру әдісімен реконструкциялауды үйлестіру арқылы құрылыс салу тығыздығын ұлғайту



- 2 кезеңдік көшіру кезінде

1,15


- 3 және одан да көп көшіру кезеңдерінде

әрбір кезеңге 0,05 қосу

3.2

Бұрын өндірістік, коммуналдық, қойма мақсатында пайдаланылған аумақтарда жаңа құрылыс салу

1,10-1,15


Өндірістік мақсаттағы объектілер


4

Өндірістік мақсаттағы объектілерді
реконструкциялау1) 
(жеке тұрған объектілер)


4.1

Қасбеттерді өзгертпестен, технологиялық процесі бар көлемнің шегінде жетілдірумен байланысты үй-жайларды ішінара қайта жоспарлай отырып реконструкциялау

1,05-1,10

4.2

Жабындарды ауыстырмастан терезе қуыстарының орналасу орындарын ішінара өзгерте отырып, үй-жайлар бар көлемнің шегінде ішінара реконструкциялау

1,10-1,20

4.3

бұл да, жабындарды өзгертумен және тіреуіш конструкцияларды және іргетастарды күшейтумен

1,20-1,30

4.4

бұл да, ғимараттың көлемін өзгертумен, ішкі қаңқаны орнатумен

1,30-1,40

4.5

бұл да, пайдаланылып отырған жерасты құрылғысын жасаумен

1,40-1,50

5

Өндірістік мақсаттағы объектілердің кешенін реконструкциялау


5.1

Қасбеттерді және инженерлік қамтамасыз ету жүйелерінің орналасу орындарын өзгертпестен, технологиялық процесі бар көлемнің шегінде жетілдіруге байланысты үй-жайларды ішінара қайта жоспарлай отырып реконструкциялау

1,10-1,20

5.2

Жабындарды ауыстырып, тіреуіш конструкцияларды және іргетастарды күшейте отырып реконструкциялау

1,20-1,30

5.3

бұл да, ғимараттың көлемін өзгертумен, қаңқаны орнатумен

1,30-1,40

5.4

бұл да, пайдаланылып отырған жерасты кеңістігін жасаумен

1,40-1,50

5.5

Біріктіргіш құрылыстарды салмастан және өндірістің бейінін сақтай отырып, жеке тұрған объектілерді бірыңғай технологиялық процеске енгізу кезінде

1,05-1,10

5.6

бұл да, инженерлік, көліктік коммуникациялар мен өтпе галереялары түріндегі біріктіргіш құрылыстарды салу арқылы

1,15-1,20

5.7

бұл да, жеке тұрған ғимараттарды төменгі қабаттардың шегінде бірыңғай кеңістікпен біріктіру арқылы

1,20-1,25

5.8

Жабдықтарды жұмыс істеп тұрған қуаттардың шегінде ауыстыру арқылы өндірісті реконструкциялау

1,15-1,30

5.9

бұл да, кәсіпорынның өндірістік қуаттарын ұлғайту арқылы

1,30-1,50

6

Инженерлік құрылыстар мен коммуникацияларды реконструкциялау


6.1

Жүріс бөлігін кеңейтумен және өткізу қабілетін ұлғайтумен қала жолдарын, көшелерін, магистралдарын реконструкциялау

1,20-1,30

6.2

Жұмыс істеп тұрған коммуникациялар мен жылу желілерінің арналары жағдайында жабындарды, қабырғаларды, арақабырғаларды ауыстырып, коллекторларды реконструкциялау

1,20-1,40

6.3

Инженерлік желілердің қуатын, өнімділігін, құбырлардың диаметрін және т.б. өзгертумен реконструкциялау

1,1-1,3

7

Азаматтық қорғаныс объектілері


7.1

Азаматтық қорғаныс баспанасын бейбіт уақытта жаңа мақсатта пайдалану үшін реконструкциялау, жаңғырту, жетілдіру немесе бейімдеу

1,1-1,2

7.2

Радиацияға қарсы пананы немесе Б типіндегі құрылысты бейбіт уақытта жаңа мақсатта пайдалану үшін реконструкциялау, жаңғырту, жетілдіру немесе бейімдеу

1,1-1,2

7.3

Запастағы қалалық басқару пункттерін (бұдан әрі - ЗҚБП) реконструкциялау, жаңғырту, жетілдіру немесе оны ЗҚБП үшін панаға бейімдеу

1,3-1,5

7.4

Көрсетілген құрылысқа қондырманы жобалау кезінде баспаналарды және азаматтық қорғаныстың басқа құрылыстарын реконструкциялау

1,4-1,6

      Ескертпе:
      1. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорын жағдайында жобалау жұмыстарын орындау кезінде Кр коэффиценттеріне 1.1. түзету индексін қолдану қажет.
      2. Әртүрлі мақсаттағы объектілерді қайта бейімдеу арқылы реконструкциялау кезінде 1,15 коэффициенті енгізіледі.

Қазақстан Республикасында құрылысқа  
арналған жобалау жұмыстарының құнын  
айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке
3-қосымша                

нысан

         Қоршаған ортаға кіріктірудің ерекше шарттарына
           арналған түзету коэффициенттерінің мәндері

Объектіні (құрылысты қоса алғанда) қоршаған ортаға кіріктіру шарттары

Коэффициенттердің мәні

Кесте пункттері бойынша ескертпелер

1

Тарихи ортадағы (тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағындағы немесе оларға тікелей жақын жердегі) объект

1,3

-

2

Қорғалатын ландшафт аймағындағы (бақ-саябақ ансамблдері, саябақтар, қорық аймақтары, скверлер және т.б.) объект

1,2

ескертпені қара

3

Күрделі учаскелердегі объект


-

3.1

Аумақтың тығыздығы (нормативтегіден аз), қолайсыздық тудыратын немесе оларды жою бойынша қосымша іс-шаралар жүргізуді талап ететін қатар орналасқан бар объектілердің болуы

1,1

-

3.2

Жобаланып отырған объектіге тікелей жақын жерде шуды, тербелісті және т.б. азайту бойынша қосымша іс-шараларды талап ететін қала көлігінің (жерүсті және жерасты) кернеу режимінің болуы

1,05

-

3.3

Табиғатты қорғау мақсаттарында жер массасының ауқымды көлемін (жерді рекультивациялау, археологиялық қазбалар кезінде) ауыстыру қажеттілігі

1,2

Жұмыстардың көлеміне қарай тапсырыс берушімен келісім бойынша

3.4

Инженерлік желілерді, жолдарды (3-тен астам) қайта төсеу қажеттілігі

1,12

Қайта салынатын коммуникацияларды жобалау құнына

     Ескертпе
     1 Арттыру коэффициентін ғимараттардың, құрылыстың сәулет-құрылыс бөлігін жобалау құнына қолдану.
     2 Бірнеше факторлар үшін ортақ арттыру коэффициенті бөлшек бөліктер мен бірліктер сомасы сияқты есептеледі, бірақ 1,3 шамасынан аспауға тиіс.

Қазақстан Республикасында құрылысқа  
арналған жобалау жұмыстарының құнын  
айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке
4-қосымша                

нысан

№3П нысан

                ___________________________________қосымша
                    (шартқа, қосымша келісімге)

                      Жобалау жұмыстарына арналған
                   еңбек шығындарының № ведомосі

_____________________________________________________________________
     Объектінің (кәсіпорынның, ғимараттың, құрылыстың), жобалау
       кезеңінің, сатысының, жобалау жұмыстары түрінің атауы

Жобалау ұйымының атауы:

Тапсырыс беруші ұйымының атауы:

Р/с

Орындалатын жұмыстардың тізбесі

Орындаушылар

Еңбек шығындары, адам-сағат

Саны

Лауазымы, мамандығы, біліктілігі


























Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады