Ішкі сауда статистикасы бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 қаңтарда № 12918 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 20.12.2022 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған ішкі сауда статистикасы бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру жөніндегі әдістеме бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасы осы бұйрықты жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

Ә. Смайылов


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің
Статистика комитеті
төрағасының
2015 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 209 бұйрығымен
бекітілді

Ішкі сауда статистикасы бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру жөніндегі әдістеме

      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 20.12.2022 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ішкі сауда статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілген статистикалық әдістемеге жатады.

      2. Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро) және оның аумақтық бөлімшелері жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу кезінде ішкі сауда статистикасы бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру мақсатында қолданады.

      3. Осы Әдістеме келесі халықаралық ұсынымдарға сәйкес әзірленген:

      1) Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Статистика комитеті әзірлеген 2008 жылғы "Бөлшек және көтерме сауда статистикасы бойынша халықаралық ұсынымдар";

      2) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекетаралық Статистика комитеті (ТМД Статкомитеті) 2011 жылы әзірлеген "Бөлшек сауда айналымын статистикалық байқау және оның нақты көлем индексін есептеу жөніндегі әдіснамалық ұсынымдар".

      4. Осы Әдістемеде ұғымдар Заңда анықталған мәндердегі ұғымдар және олардың анықтамалары пайдаланылады:

      1) бөлшек саудада сату бағасының индексі – бөлшек сауда кәсіпорындарында халыққа өткізілетін тауарларға бөлшек сауда бағаларының өзгерісін сипаттайтын және бөлшек сауда тауар айналымының құрылымы бойынша есептелген көрсеткіш;

      2) көтерме саудада сату бағасының индексі – бұл көтерме сауда кәсіпорындары әртүрлі пайдаланушыларға оларды одан әрі кәсіби пайдалануға немесе бөлшек саудада қайта сату үшін өткізілетін тауарларға, өнімдерге бағаның өзгерісін сипаттайтын көрсеткіш;

      3) қызметтің қайталама түрі – үшінші тұлғалар үшін тауар және қызметті өндіру мақсатында жүзеге асырылатын, негізгіден басқа қызмет түрі;

      4) қызметтің негізгі түрі – қосылған құны субъект жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі;

      5) құқықтық бірлік – бұл заңды мәртебе берілген бірлік;

      6) сауда үстемесі – сатушы бағасының тауарларды сату және пайданы алу бойынша шығындарды өтеуді қамтамасыз ететін элементі;

      7) статистикалық бірлік – статистикалық мақсатта пайдалану үшін құқықтық негізде құрылған абстрактілі бірлік;

      8) тауар қорлары – сауда кәсіпорындарында, қоймаларда, белгілі күнге жолда болатын ақшалай немесе заттай көріністегі тауарлар саны;

      9) тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің тұрақты тізбесіне бағаның орташа деңгейінің уақыт ішіндегі өзгерісін сипаттайтын көрсеткіш.

2-тарау. Қамту саласы және ішкі сауда статистикасы бойынша тауарайналым көлемін анықтау

      5. Ұлттық статистикалық тәжірибеде ішкі сауда статистикасының есепке алу саласына бөлшек сауда, көтерме сауда, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу бойынша қызметтер, тамақ өнімдері және сусындармен қамтамасыз ету бойынша қызметтерді ұсыну кіреді.

      6. Ішкі сауда статистикасы олардың мөлшеріне, ұйымдастырушылық–құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Экономикалық қызмет түрі номенклатурасының (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) "Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер және мотоциклдерді жөндеу" G секциясына жататын құрылымдық бірліктер қызметінің сипаттамасы мен түрлерін көрсетеді. Қоғамдық тамақтандыру қызметтері жеке "Тамақ өнімдерін және сусындарды ұсыну бойынша қызметтер" болып жіктеледі.

      7. G секциясы барлық тауарлар түрлерінің көтерме және бөлшек саудасын (яғни түрін өзгертпей сату) және тауарларды сатумен байланысты көрсетілетін қызметтерді қамтиды. Сондай-ақ бұл секцияға автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтері кіреді.

      8. Бөлшек саудаға сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет жатады.

      9. Көтерме саудаға кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет жатады.

      10. Сыйақы үшін көтерме сауда (комиссиялық агенттер арқылы) респонденттің делдалдық қызметі нәтижесінде алынған кіріс (сыйақы) ретінде анықталады.

      11. Ұлттық статистикалық бизнес тіркелімде (бұдан әрі – тіркелім немесе СБТ) статистикалық бірліктердің бірнеше түрі пайдаланылады. Ішкі сауда статистикасында келесі бірліктер қолданылады:

      1) "Кәсіпорын" статистикалық бірлігі – бұл өзінің қызметін бір немесе бірнеше орында коммерциялық немесе коммерциялық емес негізде жүзеге асыратын құқықтық бірліктердің ең аз комбинациясы;

      2) "Жергілікті бірлік" (ЖБ) статистикалық бірлік – ол кәсіпорын орналасқан жерден тыс орналасқан кәсіпорынға немесе кәсіпорын бөлігіне (цех, зауыт, дүкен, бюро, шахта) сәйкес келеді. Яғни, жиналатын деректердің географиялық бөлінісін алу мақсатында бір орыннан артық жерде қызмет жүргізетін кәсіпорындарды сәйкесінше бөлу қажеттілігі туындайды. Бұл анықтама тек бір белгіні ғана қамтиды, себебі онда бірліктің жүзеге асыратын қызмет түріне сілтеме жоқ.

      12. Негізгі көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде қызмет түрі ЭҚЖЖ "Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер және мотоциклдерді жөндеу" G секциясы болып табылатын жергілікті бірліктер зерттеуге жатады.

      Бір жергілікті бірлік ретінде ең төмен географиялық ауданның шегіндегі қандай да бір кәсіпорынның барлық объектілерін есептейді. "Тамақ өнімдері және сусындармен қамтамасыз ету бойынша қызметтерді ұсыну" (ЭҚЖЖ коды 56) қызмет түрі бойынша да ұқсас.

      13. Сауда объектісінің иесі өзінің сауда алаңдарының бөлігін басқа бөлшек саудагерлерге жалға бергендегі "дүкен ішіндегі дүкен" сияқты сауда нысанын (сауда орталығы, сауда үйі типі бойынша) қоспағанда бөлшек сауданың жергілікті бірліктері бөлшек сауда дүкендеріне сәйкес келеді. Бұл ретте, сол үй-жайдағы сауда объектісінің иесі де, өзге де бөлшек сауда сатушылары да жеке статистикалық бірлік ретінде қарастырылады.

      14. Сауда базарлары "дүкен ішіндегі дүкен" сауда нысанына ұқсас жұмыс жасайды. Сауда базарында сауда базарының иесін қоса алғанда, қанша сатушы болса, сонша жергілікті бірліктері бар болады.

      15. Өз өнімін сауда базарларында сататын фермерлер сауда бірлігі ретінде қарастырылмайды. Сату ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен салыстырғанда қосалқы қызмет түрі ретінде қарастырылады.

      16. Ішкі сауда көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі статистикалық ақпарат статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ай сайынғы негізде былайша қалыптастырылады:

      1) жаппай есепке алу:

      есепті айдағы "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп" жалпымемлекеттік статистикалық байқау деректері бойынша орта және ірі кәсіпорындар бойынша;

      2) іріктемелі есепке алу:

      есепті айдағы "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп" жалпымемлекеттік статистикалық байқау деректері бойынша шағын кәсіпорындар бойынша (бас жиынтықтың 10%);

      3) есептік:

      дара кәсіпкерлер бойынша соңғы есепті кезеңдегі дара кәсіпкерлердің қызметі туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың жылдық деректерінің 1/12 бөлігі;

      қызметінің қайталама түрі "Сауда" болып табылатын кәсіпорындар бойынша (санына қарамастан) құрылымдық статистика және соңғы есепті кезеңдегі статистиканың әртүрлі салаларындағы зерттеулерді ескере отырып жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша қайталама қызмет түрі бар кәсіпорындардың жылдық көлемінің 1/12 бөлігі.

      17. Ішкі сауда көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі статистикалық ақпарат статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ай сайынғы негізде былайша қалыптастырылады:

      1) жаппай есепке алу:

      есепті жылдағы "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп" жалпымемлекеттік статистикалық байқау деректері бойынша орта және ірі кәсіпорындар бойынша;

      2) іріктемелі есепке алу:

      есепті жылдағы "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп" жалпымемлекеттік статистикалық байқау деректері бойынша шағын кәсіпорындар бойынша (бас жиынтықтың 30%);

      3) іріктемелі есепке алу:

      есепті жылдағы "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп" жалпымемлекеттік статистикалық байқау деректері бойынша шағын кәсіпорындар бойынша (бас жиынтықтың 10%);

      4) Қосалқы қызмет түрлері бойынша көлемді жете есептеуді бағалау "Сауда" саласы негізгі қызмет түрі болып табылмайтын респонденттерді жылдық зерттеулер негізінде жүзеге асырылады.

3-тарау. Ішкі сауда статистикасының негізгі көрсеткіштері

1. Параграф. Тауарлар мен қызметтерді өткізу көлемі

      18. Тауарлар мен қызметтерді өткізу көлемі қолма-қол және қолма-қол емес есеп айырысумен сатылған тауар, өнім және көрсетілген қызмет үшін алынған ақшалай түсімнің сомасын сипаттайды.

      19. Статистикалық байқаудың мақсаты үшін тауарларды (қызметтерді) өткізу көлемі сауданың үстеме бағасын қамтитын, қосылған құнға салық салусыз, акцизсіз өткізудің нақты бағасында көрсетіледі.

      20. Тауарларды өткізу көлемі сауда бірлігінің өз есебінен сатылған немесе айырбасталған тауарлардың құнын қамтиды.

      Осы айқындамаға шот фактураларға енгізілген, тасымалдауға, орауға жұмсалған барлық өзге шығыстар және сатып алушыға ауыстырылатын басқа шығыстар енгізіледі.

      Бұл көрсеткіштен қайтарылған ақша қаражаты, тұтынушыларға ұсынылатын баға жеңілдігі және қайтарылатын тауарларға ұқсас жеңілдіктер, сонымен қатар қайтарылатын ораманың құны алынып тасталады. Бұл айқындама иелері сауда бірлігінен өз пайдалануы үшін алған тауарларды қамтиды. Бұл тауарлардың құны тиісті нарық бағасымен есептеледі. Егер бұл мүмкін болмаса иелері алған тауарлар сатып алынған құнымен бағаланады.

      Ішкі сауда статистикасында тауарларды өткізу көлемі бөлшек сауда (бөлшек сауда көлемі) және көтерме сауда (көтерме сауда көлемі) бойынша, ал қызметтер көлемі автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және қоғамдық тамақтандыру бойынша анықталады.

      21. Көтерме сауда айналымына жатқызылатын операцияның міндетті белгісі тауарды жөнелтуге шот фактураның, бөлшек сауда айналымына - кассалық чектің болуы болып табылады (есептеу).

      22. Бөлшек сауда айналымы халыққа қолма-қол немесе қолма-қол емес есептеуге (несие карталары арқылы, банктің есеп шоты бойынша төленген) сатылған тұтыну тауарларының құнын қамтиды.

      23. Бөлшек сауда айналымына мыналар енгізіледі:

      1) сатып алушыларға қолма-қол емес есеп айырысу бойынша төлеммен пошта арқылы жолданған тауарлар құны (байланыс бөлім иесіне жіберілімді тапсырған сәт бойынша);

      2) тауардың толық құны көлемінде кредитке сатылған тауарлардың құны (тауарды сатып алушыға босату уақыты бойынша);

      3) тауарды сату уақыты бойынша толық құны мөлшерінде комиссиялық сауда тәртібінде сатылған (комиссия шарты, тапсырыс немесе агенттік шарт бойынша) тауарлардың құны;

      4) электрондық сауда жүйесі бойынша (Интернет арналары, деректерімен алмасудың электронды жүйесі немесе басқа онлайн жүйелер бойынша) бөлшек сауда фирмалары арқылы сатылған тауарлардың құны;

      5) сауда автоматтары арқылы сатылған тауарлардың құны;

      6) халықтың жеке санаттарына тегін немесе жеңілдікпен сатылған тауарлардың құны (дәрі-дәрмек құралдары, жанармай және басқа тауарлар);

      7) баспа басылымына жазылу бойынша сатылғандар құны (жеткізу құнын есепке алмағанда шот үзіндісінің уақыты бойынша);

      8) тауардың бағасына кірмейтін сату бағасы бар ораманың құны;

      9) халық қайтарған бос шыны ыдыстың құнын алып тастағанда тауармен бірге халыққа сатылған бос ыдыстың құны;

      10) сыйлық карталар (сертификаттар) құны. Сыйлық карталар бойынша сатылым бөлшек сауда сатылымына сыйлық картаны өтеу уақытымен енеді;

      11) кәсіпорындар немесе әлеуметтік қамсыздандыру органдары кейіннен сауда ұйымдарына төлем жүргізуімен бөлшек сауда желісі немесе саудамен айналыспайтын ұйымдардың сауда мекемелері арқылы жалақы, зейнетақы бойынша қарыз есебінен халыққа босатылған тауарлардың құны бөлшек сауда айналымына енгізіледі.

      24. Бөлшек сауда айналымына мыналар енгізілмейді:

      1) қызмет етудің кепілдеме мерзіміне шыдамаған, сатылған тауарлардың құны;

      2) көліктің барлық түрлеріне арналған жол жүру билеттерінің, талондардың, лотерея билеттерінің, телефон карталарының, байланыс қызметіне эксперсс-төлем карталарының құны;

      3) бөлшек сауда желісі арқылы өндірістік мақсаттарға пайдалану үшін заңды және жеке тұлғаларға (әлеуметтік саладағы ұйымдар, арнайы тұтынушылар) сатылған тауарлар құны.

      25. Бөлшек сауда, көтерме сауда тауарайналымы құндық көріністе, жеке тауар айқындамалары бойынша заттай көріністе өлшенеді.

      26. Тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну және қамтамасыз ету бойынша қызметтерді өткізу көлемі өзінің кулинарлық өнімін (тағамдар, аспаздық өнімдері, жартылай фабрикаттар) және кулинарлық өңдеусіз сатып алынатын тауарларды (ұннан жасалатын, кондитерлік және нан-тоқаш өнімдері, жемістер, алкогольді және алкогольсіз сусындар және тағы басқа тауарлар) жергілікті жерлерде халыққа тұтыну үшін, сонымен қатар ұйымдар мен дара кәсіпкерлерге халықтың түрлі санатын тамақтандыруды ұйымдастыру үшін сатудан түскен түсімді білдіреді.

      27. Тамақ өнімдері және сусындармен қамтамасыз ету бойынша қызметті ұсыну айналымының құрамына кейін жалақысынан ұстап қалумен кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлеріне; тамақтанудың нақты құны көлеміндегі абонент, талон бойынша; қолма қол есеп айырысу үшін мектеп, колледж, жоғарғы оқу орындары және басқа білім беру мекемелерінің асханасында оқушыларға; тамақтанудың нақты құны көлемінде әлеуметтік саладағы ұйымдарға (ауруханалар, санаторийлер, және басқа мекемелер) халықтың тапсырысы бойынша үйге жеткізуге; кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлердің тапсырыстары бойынша жұмыс орнына жеткізуге; құрлық, әуе, су көлігі бағдарында жүретін көлік кәсіпорындарына; қабылдау, банкеттерге қызмет көрсету үшін босатылған өз кулинарлық өнімінің және кулинарлық өңдеусіз қосалқы тауарлардың құны енгізіледі.

      28. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары үшін көрсетілген қызметтер көлемі дайын тамақты жеткізуді қоса алғанда, оның тауар айналымына теңестіріледі. Сатылған сусындар мен азық-түлік өнімдері материалдық шығындар болып табылады және өндірілген өнім көлеміне енгізіледі.

      29. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтерді өткізу көлемі осы қызмет түрін жүзеге асыратын кәсіпорындар және дара кәсіпкерлердің халыққа көрсеткен жұмыстардың (қызметтердің) құнын көрсетеді.

2-параграф. Тауарлар мен қызметтерді өткізудің нақты көлем индекстері

      30. Ағымдағы бағадағы айналымның құндық көлемдері индексі айналым көлемдерінің өзгеруін екі фактор арқылы – бағаның өзгеруі және сатылған тауарлар санының өзгеруімен сипаттайды. Келесі формула бойынша анықталады:



      мұндағы,


– ағымдағы бағадағы есепті және базистік кезеңдерге тауарларды (қызметтерді) өткізу көлемі.

      31. Тауарлар мен қызметтерді өткізу көлемінің индексі нақты тұлғалануда тиісті баға индекстерінің көмегі арқылы өткізу көлемінің ағымдағы құнын дефляторлау арқылы есептеледі.

      32. Айналымның нақты көлем индексі баға өзгеруінің ықпалынсыз оның тек нақты көлемінің өзгеруі нәтижесінде айналымның өзгеруін көрсетеді.

      Тауарларды (қызметтерді) өткізудің нақты көлем индексін есептеу үшін есепті және базалық кезеңдегі айналымдар салыстырылады, яғни базистік кезең ретінде алынған бір кезеңдегі бағада (тұрақты бағада):



      мұндағы,


– тауарларды (қызметтерді) өткізу айналымының нақты көлем индексі;

– баға индексі айналымның сәйкес дефляторы.

3-параграф. Тауарлық-материалдық қорлар

      33. Тауарлық-материалдық қорлар кәсіпорынның меншігіндегі, мекеменің өзінің аумағында не басқа жерде тұрған барлық тауарлық-материалдық қорлар құнын қамтиды. Мұнда қосалқы бірліктерде, кедендік немесе тауар қоймаларында сақтаудағы, тасымалдау үдерісіндегі тауарлық-материалдық қорлар енгізіледі. Басқа тұлғалардың меншігіндегі, бірақ осы бірлікте өңдеу үшін сақталудағы материалдарды алып тастау қажет.

      34. Тауарлық-материалдық қорлар жүргізілген өндірістік шығыстарды және тауарлық-материалдық қорларға кіретін тауарлардың кез келген мерзімді ысыраптарын шегерумен тауарлық-материалдық қорларға енгізілетін тауарлар құнына сүйене отырып өлшенеді. Тауарлық-материалдық қорлар кез келген баж салығын және сатып алушы төлейтін салықтарды қосумен, қосылған құнға салықты, ақшалай қайтарымды немесе сатушы ұсынатын, не нарық бағасы бойынша (өлшемдерге, көлік шығыстары мен сауда үстемесіне салықты алып тастаумен), егер өнімді бірліктің өзі өндірсе өндірістің өзіндік құны бойынша жеңілдіктерді алып тастаумен сатып алу бағалары бойынша есептеледі.

      35. Ішкі сауда статистикасында тауар қорларының көлемі республика және өңірлер бойынша құндық көріністе өлшенеді.

      36. Тауар қорларын есепке алу және талдау үшін келесі статистикалық көрсеткіштер жүйесі қарастырылады:

      1) есепті кезеңнің басына және соңына тауар қорларының көлемі;

      2) тауар қорлары көлемінің өзгеруі (DЗ) келесі формула бойынша есептеледі:

      DЗ= Зс- Зб

      мұндағы,

      Зс, Зб – есепті кезеңнің соңына және есепті кезеңнің басына қорлар;

      3) тауарлық қорлар құрылымы, бұл топ жеке тауарлардың қорлар көрсеткішімен, құндық көріністегі тауарлар тобы, жалпы қорытындыға пайызбен қатынасы бойынша сипатталады;

      4) нақты уақыт кезеңіне орташа тауар қорлары () формула бойынша есептеледі:



      орташа тауар қорлары бір айға қарағанда ұзақ уақыт кезеңіне (тоқсан, жартыжылдық, жылдық):



      мұндағы,

      n – тауарлар тіркелген күннің саны;

      5) қор сыйымдылығы (3қ);

      Қор сыйымдылығы тауар айналымы бірлігіне қанша тауар қорлары келетінін көрсетеді:



      мұндағы, О – тауарайналымының көлемі.

      6) тауар айналымының тауар қорларымен қамтамасыз етілуі (3oi).

      Бұл көрсеткіш тауар қорларының толық біту мерзіміне дейін жететін сауда күндерінің санын көрсетеді. Сауда күндеріндегі нақты тауар немесе тауарлар жиынтығы бойынша мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы,

      3ki – i - тауардың кезең соңына қорлары;

      mi – i – тауардың бір күндік тауар айналымы, ол мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы, t – талданатын кезеңдегі сауда күндерінің саны.

      37. Тауар қорларының деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу әдістемесі сауда кәсіпорындары бойынша көрсетілген көрсеткіштерді есептеуді көздейді.

4-параграф. Қосымша көрсеткіштер

      38. Ішкі сауда статистикасында қосымша келесі көрсеткіштер қалыптастырылады:

      1) халықтың жан басына шаққандағы бөлшек сауда айналымы бір кезеңдегі халықтың орташа санына тауар айналымның қатынасы ретінде есептеледі;

      2) сауда алаңы бірлігіне есептегенде бөлшек сауданың айналымы тауар айналымын сауда алаңына бөлу арқылы есептеледі;

      3) тауар айналымының (тауар құрылымы) жалпы көлеміндегі топтың немесе жеке тауардың үлес салмағы (бөлігі);

      4) сауда объектілерінің саны.

4-тарау. Деректеркөздері

      39. Сауда бірліктерін статистикалық зерттеу ішкі сауда статистикасын құрастыру үшін ақпараттың негізгі дереккөзі болып табылады. Зерттеу жаппай әдіспен жиынтықтың барлық бірліктеріне пікіртерім жүргізу жолымен немесе бас жиынтықтан ғылыми әдістермен іріктелген бірнеше репрезентативті бірліктен ғана жауап алу жолы арқылы іріктемелі әдіспен өткізіледі.

      40. Ішкі сауда статистикасында жылдық және айлық кезеңділіктегі статистикалық нысандар қарастырылған, олардың негізінде Ұлттық шоттар жүйесі (бұдан әрі – ҰШЖ) мақсаттары үшін сауда секторы бойынша айналым және нақты көлем индексін қоса алғанда ішкі сауда статистикасының негізгі көрсеткіштері қалыптастырылады:

      1) экономикалық қызметінің негізгі түрі 45-47 ЭҚЖЖ "Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу", 56 ЭҚЖЖ "Сусындар және тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша қызметтерді ұсыну" (ай сайын және жыл сайын) болып табылатын шағын, орта және ірі кәсіпорындар бойынша;

      2) экономикалық қызметінің негізгі түрі 45-47 ЭҚЖЖ "Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу", 56 ЭҚЖЖ "Сусындар және тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша қызметтерді ұсыну" (жыл сайын) болып табылатын дара кәсіпкерлер бойынша.

      41. Жекелеген мемлекеттік салалық бағдарламалардың орындалуын мониторингтеу үшін, нысаналы индикаторларды қалыптастыру және өзге де мақсаттар үшін биржалық сауда, электрондық коммерция, сауда базарлары бойынша зерттеулер қарастырылған.

5-тарау. Деректерді редакциялау және импутациялау

      42. Жоқ, дәйексіз немесе дұрыс емес жауаптардың мәселелерін шешу үшін деректерді редакциялау және импутациялау пайдаланылады.

      43. Редакциялау тиімсіз, қарама-қайшы және тым күмәнді немесе мүмкін емес мәндерді анықтау және кейін өзгерту мақсатында деректерді жүйелі тексеруді білдіреді. Бұл рәсім жиналған ақпараттың сапасын қамтамасыз ету үшін шешуші рөл атқарады.

      44. Микроредакциялауға және макроредакциялауға бөлінеді. Микроредакциялау макроредакциядан айырмашылығы агрегатталған деректер тексерілетін алғашқы деректерге шоғырланады.

      45. Редакциялау мынадай тексерулерді қамтиды:

      1) ағымдағы тексерулер: барлық қойылған сұрақтардың нақты қолда бар жауаптарын тексеру үшін пайдаланылады;

      2) дәйектілігін тексеру: алынған жауаптардың ұйғарындылығын тексеру үшін пайдаланылады. Статистикалық нысанның белгілі бір тармағына жауап, осы мақсат үшін келісілген мәндердің ұйғарынды диапазонымен салыстырылады. Мәндердің мұндай ұйғарынды мәнінен тыс болатын кез келген мән қажетті түзету енгізу үшін тексеріледі;

      3) деректердің дұрыстығын тексеру: респонденттерден келіп түскен деректерді статистикалық талдауға негізделген тексерулер жинағы. Көптеген тексерулер белгіленген шекте орналасатын екі ауыспалы шамалар қатынасының нысанын қабылдайды. Деректердің дұрыстығын тексерудің басқа түрі осы және өзге де ауыспалылар қосындысының белгіленген мәнге теңестірілуін белгілейтін арифметикалық тексеру болып табылады.

      46. Деректерді редакциялау енгізу кезінде және кейінгі кезеңдерде жүзеге асырылады. Тексерулердің көп бөлігі әртүрлі бақылау түрлерін (арифметикалық және логикалық, форматты бақылаулар) қолдана отырып бағдарламамен жүзеге асырылады.

      47. Ықпалды немесе ықпалсыз, кездейсоқ немесе жүйелік қателерге бөлінеді.

      48. Тіркеудің кездейсоқ қателері әдетте, респонденттердің сипаттамаларынан, тиянақсыздығы және ұқыпсыздығынан болады. Жүйелік қателер респонденттердің ақпаратты әдейі бұрмалауынан, сұрақтың мағынасын дұрыс түсінбеуінен немесе жауапты жазу қағидаларын бұзуына байланысты пайда болады. Мұның себебі дұрыс қалыптастырылмаған сұрақнамалар немесе нысандар, оларды толтыру жөніндегі жеткіліксіз немесе қате нұсқаулықтар болып саналады.

      49. Респонденттердің ірі кездейсоқ қателері алынған деректерді алдыңғы мәндермен салыстыру немесе алынған деректердің арақатынастарын қонымды шекті мәндермен немесе әкімшілік деректермен салғастыру арқылы деректердің дәйектілігін тексеру көмегімен анықталады.

      50. "Ықпалды" мәндер тізімі есептеуде осы респонденттің қатысуымен тауарайналымның өсу (төмендеу) қарқыны және респонденттің қатысуынсыз алынған қарқынның арасындағы айырмашылық ретінде әрбір есеп бойынша есептелетін мәндердің негізінде, мынадай үлгіде анықталады:

      Т (барлық респонденттер бойынша)=Оt/ Оt-1 *100%,

      Т (респондентсіз)t респондентсіз / Оt-1 респондентсіз *100%,

      R = Т (барлық респонденттер бойынша) – Т(респондентсіз)

      мұндағы,

      R – "ықпалды" бағалау;

      Т – өткізу көлемінің өсу қарқыны;

      О – өткізу көлемі.

      51. Бірінші кезекте "ықпал" (R) деңгейі жоғары респонденттерге тексеру жүргізіледі. R абсолютті мәні бар респонденттер тізімі "тексеруді қажет ететіндер" ретінде белгіленеді.

      52. Редакциялау рәсімін жүргізген кезде ауытқушылық мәндеріне талдау жүргізу қажет. Ауытқушылық көрсеткіштері сипатты анықтайтын мәліметтерді зерттеу барысында алынған нақты, бірақ іріктемелі жиынтықта репрезентативті емес сәйкесінше бағалауды бұрмалауға бейім мәліметтердің ерекше санатын білдіреді. Ауытқушылық мәндері бағалауға маңызды ықпал ететін болғандықтан мәндерін анықтайды және мұқият бақыланады. Егер экстраполяцияның көрсеткіші барынша жоғары болса және іріктеуге ауытқу көрсеткіші қосылған болса, онда қорытынды бағалау талап етілгенінен барынша жоғары болады және ол бір шеткі шамамен анықталатындықтан репрезентативті бола алмайды. Ауытқушылық мәндерін оңай жолмен өңдеу, іріктеудегі оның салмағын өзіне қатысты ғана репрезентативті болу үшін төмендету болып табылады.

      53. Микроредакциялаудан кейін макроредакциялау үдерісіне кіріседі. Осы рәсім олардың үйлесімділігі тұрғысынан алғанда зерттеуге жатпайтын (мысалы, бөлшек сауда айналымының үй шаруашылықтарын шығыстары бойынша зерттеу деректерімен) уақыты бойынша бағалаудың үйлесімділігін, деректердің байланысын қоса алғандағы агрегатталған деректердің талдауын қарастырады. Макроредакциялау әртүрлі іріктеу алдындағы көлемдердің қатынасын анықтау, өткен кезеңдегі деректермен салыстыру, басқа дереккөздерден алынған деректермен салыстыру арқылы жүргізіледі.

      54. Егер макроредакциялаудың қорытындылары қанағаттанарлықсыз болса, онда микроредакциялау рәсіміне қайтып оралады. Егер бағалау қанағаттанарлық болса, онда макроредакциялау жүргізілмейді.

      55. Сауда саласы зерттеулерінің көпшілігінде деректер айқындамаларының болмауы жиі кездеседі, бұл деректерді редакциялауда қиындық тудырады. Есептің (жекелеген сұрақтарға жауап алмау) белгілі бір айқындамасы бойынша немесе респондент мүлдем есеп бермеуінен (бірліктің бас тартуы) деректер болмауы мүмкін. Жоқ деректерді бағалау үшін жауап алынбаған кезде деректерді импутациялау рәсімі (деректерді жүктеу) жүргізіледі.

      56. Деректерді жүктеу рәсімі бір немесе бірнеше қате немесе бір немесе бірнеше жазбалардан алынбаған жауаптарды нақты және іштей келісілген мәндерге ауыстыруды білдіреді.

      57. Деректерді жүктеудің әртүрлі әдістері бар. Оңтайлы әдісті таңдау талдау мақсатына және жоқ деректердің түріне байланысты болады. Кейбір барынша кеңінен пайдаланылатын деректерді жүктеу әдістеріне мыналарды жатқызады:

      1) орташа/неғұрлым ықтималды жүктелген мән: жоқ деректер үшін ауыспалы шаманың орташа мәнін шартты есептеу;

      2) ауыстыру салыстырылатын деректердің болуына негізделеді. Жүктелген деректер осы респондент бойынша тиісті стратадағы деректердің осы айқындамасының орташа өсу (кему) шамасына түзете отырып, алдыңғы жылдағы осындай зерттеудің нәтижесінде алынған мәндер болып табылады. Деректерді алмастырудың бірнеше үлгілері бар. Бірінші модель көрсетілген кезеңдерде респондентте мәндер болған жағдайда пайдаланылады және келесі формула түрінде келтірілген:

      Tt =Tt-1*(Tt-12/Tt-13)

      мұндағы,

      Т – байқалатын ауыспалы (параметр);

      t – есептік ай.

      Модель айрықша маусымдық сипатқа ие тауарларды өткізетін бірліктерге сәйкес келеді. Осы респондент бойынша өткен жылға деректер жоқ болған жағдайда келесі модель қолданылады:

      Tt =Tt-1* ∑iϵ М T ti/∑iϵ М T t-1i

      мұндағы,

      М – кәсіпорындардың осыған ұқсас сипаттамасы бар бірліктер тобы (көпшілік).

      Үшінші модель 1), 2) әдістерді жүзеге асыру мүмкін болмағанда, соңғы кезекте қолданылады:

      Tt =(Tt-1+ Tt-2+Tt-3)/3.

      Деректерді импутациялаудың қажетті мәндер болмаған кезде қолданылатын басқа да әдістері бар, бірақ негізінде 1) немесе 2) әдістерді жатады. Мысалы:

      Tt =Tt-2*(Tt-12/Tt-14).

      58. Респонденттен жауап алмаған кезде (бірліктің бас тартуы) көп жағдайларда қайта өлшеу қолданылады. Іріктемені қайта өлшеу ол тек жауап берген бірліктерді қамтуы үшін жүзеге асырылады.

      59. Есеп бермеген кәсіпорындар көлемін есептеу рәсімі келесі формуламен көрсетіледі:

      Y = Xij*Uij

      мұндағы,

      Y – есеп бермеген кәсіпорындарға ауыспалы (өлшем) көлемі,

      I – қызмет түрінің индикаторы,

      j – кәсіпорын өлшемінің индикаторы,

      X – 1 кәсіпорынға ауыспалы (өлшемнің) орта шамасы,

      U – есеп бермеген кәсіпорындар саны.

6-тарау. Ішкі сауда статистикасының қысқа мерзімді деректері

      60. Бөлшек және көтерме сауда секторы динамикасының айлық және тоқсандық көрсеткіштерін, тіпті егер бұл дәлдік пен егжей-тегжейліліктің төмендеуіне, қамтудың қысқаруына әкеп соқтырса да, қысқа мерзімді статистиканың басымдығы болып табылады. Бастапқы сандар кейінірек қайта қаралады немесе қосымша деректер қол жетімді болғанда және талданғанда түзетіледі.

      61. Қысқа мерзімдегі статистика бойынша статистикалық байқау 2-сауда "Тауарларды өткізу көлемі туралы" айлық нысанының негізінде жүзеге асырылады. Бұл нысан ЭҚЖЖ 45, 46, 47-G секциясына және ЭҚЖЖ 56 I секциясына жататын қызмет түрімен заңды тұлғалар (құрылымдық және оқшауланған бөлімшелерін қоса алғанда) қамтылады.

      62. Дара кәсiпкерлердiң айналымын қамтуды қамтамасыз ету үшiн статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес өңірлік деңгейде дара кәсiпкерлерге ай сайын жете есептеу жүзеге асырылады.

      63. Дара кәсiпкерлерге көлемдi жете есептеу әр өңір үшін жеке жүзеге асырылады.

      64. Есептеу үшін ақпараттық база дара кәсіпкерлердің қызметі туралы жыл сайынғы кезеңділіктегі жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың алғашқы деректері болып табылады.

      65. Жылдық және қысқа мерзімді зерттеулердің нәтижелеріне "Сауда" саласы негізгі қызмет түрі болып табылмайтын көтерме сауда, бөлшек сауда, автомобильдерге қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтер,тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну және қамтамасыз ету бойынша қызметтер кәсіпорындарының өткізу көлеміне жете есептеу жүзеге асырылады. Олар бойынша бағалау құрылымдық статистикадағы кәсіпорындарды жылдық зерттеу негізінде және статистиканың әртүрлі салаларындағы зерттеулерді есепке ала отырып жүзеге асырылады. Алынған айналым барлық айлар бойынша тең үлестермен бөлінеді.

7-тарау. "Сауда" саласы өнімнің жалпы шығарылымын есептеу

      66. Ішкі сауда кәсіпорнының шығарылымы қайта сату үшін алынған тауарлардан түскен сауданың үстеме бағасының жалпы құны ретінде өлшенеді.

      67. Сауданың үстеме бағасы қайта сату үшін сатып алынған тауарларды сату нәтижесінде алынған нақты немесе шартты есептелген баға мен ол қандай да бір басқа тәсілмен сатылған немесе қолданылған сәтте ұқсас тауарларды (сатылғанның орнына) сатып алу үшін кәсіпорын төлеуге тура келген баға арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Кейбір тауарларға сауда үстеме бағалары егер бағалар төмендетілген болса немесе бұзылып немесе ұрланғандықтан сатылмаған болса теріс мәнге ие болады.

      68. Сауданың үстеме бағасы екі факторға – тауар айналымы мен сауда үстеме бағасының қалыпты деңгейіне байланысты. ҰШЖ мақсаттары үшін сауда үстеме бағасы ЭҚЖЖ G секциясының барлық қызмет түрлері бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерді жалпы өткізу көлемінен белгілі бір үлес ретінде айқындалады.

      69. Тауар айналымының нақты көлем индексін жалпы "Сауда" саласы бойынша есептеу үшін индекстер G бөлімінің ең төменгі деңгейінде біріктіріледі. Мұндай біріктірулер базистік жылдағы қызметтің әрбір түрінің тауар айналымының үлесінен анықталатын салмақтау коэффициенттерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

      70. Қоғамдық тамақтандыру қызметінің жалпы өнімі меншік түріне және жұмыс істейтіндердің санына қарамастан (дара кәсіпкерлерді қосқанда), сондай-ақ бақыланбайтын экономика саласындағы қалыптасқан көлемді ескере отырып барлық қызмет өндірушілері көрсеткен қызметтердің құнын білдіреді.

      71. Бақыланбайтын экономиканы (БЭ) бағалау үшін Еуропалық қауымдастықтардың Статистикалық бюросында қолданылатын БЭ түрлерін жіктеуге кестелік тәсіл қолданылады. Кесте негізі 7 компонентке бөлінеді. Салалық статистика шеңберінде БЭ есепке алу N3 және N7a компоненттері бойынша жүзеге асырылады.

      N3 компонентіне заңнамаға сәйкес тіркелуге міндетті емес өндірушілер жатқызылады. Бұл санатқа жеке тұтынуы үшін, жеке негізгі капиталды қалыптастыру, тұрғын үйді салу мен жөндеу үшін тауарларды өндіретін үй шаруашылықтары жатады. Немесе өндірушіде шағын нарықтық шығарылым бар, бірақ ол кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті болатын бекітілген деңгейден төмен.

      72. N3 компоненті бойынша ақпарат көзі болып D-004 "Үй шаруашылықтарынан шығыстары мен кірістері бойынша тоқсан сайынғы сұрақнама" нысаны бойынша үй шаруашылықтарын зерттеу қорытындысы қызмет етеді.

      73. Өнімнің жалпы шығарылымы ЭҚЖЖ 45-47 және 56 кодтары бойынша жіктелген, қызмет көрсету түрлері бойынша есептелетін БЭ саласындағы шығарылымның барлық түрлері бойынша есепке алынған кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлердің өнім шығаруын жинақтау арқылы есептеледі:

      Vs = Vc + Vic + Vue + Vdh, (3)

      мұнда,

      Vs - қызмет көрсетулер көлемі бойынша жалпы шығарылым;

      Vc - шағын, орта және ірі кәсіпорындардың қызмет көрсету көлемі;

      Vic - дара кәсіпкерлер қызмет көрсету көлемі;

      Vue - бақыланбайтын экономика бойынша қызмет көрсету көлемін бағалау;

      Vdh - үй шаруашылықтарының көлемі.

      Кәсіпорындар қызмет көрсету көлемі есеп берген кәсіпорындар қызмет көрсету көлемін және есеп бермеген кәсіпорындардың көлемі бойынша бағалауды (статистикалық себептер бойынша бақыланбайтын экономика) қамтиды.

      Шағын, орта, ірі кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлердің қызмет көрсету көлемі жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың қорытындысы бойынша қалыптастырылады.

      N7 кіші типі бойынша бақыланбайтын экономикаға жете есептеу қызметтің әрбір түрі бойынша жалпы шығарылым үшін микро деңгейде мына формула бойынша жүргізіледі:

      Y = Xij * Uij , (4)

      мұнда,

      Y - жете есептеу көлемі,

      I - қызмет түрінің индикаторы,

      J - кәсіпорын мөлшерінің индикаторы,

      X - 1 кәсіпорынға арналған агрегаттың орташа шамасы,

      U - есеп бермеген кәсіпорындар саны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады