Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 757 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 қаңтарда № 12939 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.03.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8549 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 қарашадағы № 245 (28184) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгі нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы
3 желтоқсандағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10124 болып тіркелген, 2015 жылғы
19 қыркүйектегі № 180 (28658) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «1. Қоса берілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидалар»;
      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу тәртібін айқындайды.»;
      9-тармақтың 2-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанын және
(немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) жалпы ережелер;
      2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі;
      3) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі;
      4) мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар.
      «Жалпы ережелер» бөлімі:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауын (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер атауына сәйкес келетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер атауы көрсетілсін);
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын әзірлеуші орталық мемлекеттік органның атауын (құзыретіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлеу кіретін орталық мемлекеттік органның атауы көрсетілсін);
      3) көрсетілетін қызметті берушінің атауын (осы мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді және (немесе) мемлекеттік қызмет электрондық нысанда көрсетілген жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталына нұсқауды жүзеге асыратын ұйымдарды көрсете отырып, осы мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсететін орталық мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасының шетелдегі
мекемесінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті
атқару органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, жеке және заңды тұлғаның атауы көрсетілсін) қамтиды.
      «Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі» бөлімі:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін (көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға жүгіну сәтінен бастап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алған сәтке дейін белгіленеді);
      Мыналар:
      мемлекеттік қызметті көрсету:
      көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін тапсыру
(көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінулер) мерзімдері;
      көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін тапсыруы үшін барынша жол берілетін күту уақыты (көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына);
      көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты көрсетілсін;
      2) мемлекеттік қызметті көрсету нысанын (мемлекеттік қызметті көрсету тәсіліне – электрондық (толық автоматтандырылған немесе ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түріне байланысты мемлекеттік қызметті көрсету нысаны көрсетілсін);
      3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (мемлекеттік
қызметті көрсетудің нәтижесі ретінде ұсынылатын құжаттың түрі
көрсетілсін, мысалы, анықтама, рұқсат, мәлімдеме, лицензия, сертификат, куәлік, медициналық қорытынды не Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап,
сондай-ақ электрондық және (немесе) қағаз түріндегі мемлекеттік
қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны көрсетілсін);
      4) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті
алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдерін
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны мен төлеу тәсілі (қолма-қол және қолма-қол емес) көрсетілсін);
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесін (жұмыс
күндері, сағаттары, үзіліс уақыты, демалыс күндері, алдын-ала жазылуы туралы ақпарат (алдын-ала жазылу шарттары көрсетілсін), жедел қызмет көрсетілгені туралы ақпарат (жедел қызмет көрсету шарттары көрсетілсін) көрсетілсін);
      Мемлекеттік қызметті орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың,
облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары,
қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округ әкімдері көрсеткен жағдайда
мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін бекітіледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «электрондық үкімет»
веб-порталы арқылы көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызмет
көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін
беру кестесі тәулік бойы (электрондық (толық автоматтандырылған)
нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда
көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек 
заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс
және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге
өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      6) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін (көрсетілетін қызметті алушы:
      көрсетілетін қызметті берушіге;
      «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына;
      «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінген жағдайда
оларға, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті жеңілдіктері бар тұлғалар үшін құжаттар мен талаптардың тізбесі көрсетілсін). Болған жағдайда, құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар пакетін алғанын растайтын құжаттың атауы мен нысаны көрсетілсін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың арнайы нысандарын толтыру қажет болған жағдайда құжаттардың тиісті нысандары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына қоса беріледі (мысалы, өтініш нысаны).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Азаматтарға арналған
үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алған жағдайда
көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен
қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұсынған нысан бойынша пайдалануға жазбаша келісімін береді;
      7) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелерді (мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелердің толық тізбесі көрсетілсін) қамтиды.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық
ұсынбаған жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаға
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартуы туралы қолхат береді.
      «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы
бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы
ауданның, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық
округтер әкімдерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің
және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, «Азаматтарға
арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының және (немесе)
олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі» бөлімі:
      көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін (көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымдарын беру, тіркеу және қарау тәртібі көрсетілсін) қамтиды.
      «Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы
көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар» бөлімі:
      1) халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына жататын тұлғаларға, оның ішінде олардың көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына келу мүмкіндігінің болмауын ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін;
      2) мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын әзірлеген мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады;
      3) электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану мүмкіндігінің болуын;
      4) қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігінің болуын;
      5) болған жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығының нөмірін, өзге телефон анықтама қызметтер нөмірлерін қамтиды.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары осы Қағидаға
4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының үлгі нысаны бойынша әзірленеді.»;
      17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенті жұмыскерлер, құрылымдық бөлімшелер, мекемелер, оның ішінде мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысқан мемлекеттік орган және өзге де көрсетілетін қызметті берушілер, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «электрондық үкімет» веб-порталы арасындағы өзара іс-қимылдардың нақты сипаттамасын қамтиды.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентінің құрылымы:
      1) жалпы ережелер;
      2) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау;
      3) мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау;
      4) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау бөлімдерінен тұрады.
      «Жалпы ережелер» бөлімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің атауын (осы мемлекеттік
қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету
нәтижелерін беруді және (немесе) мемлекеттік қызмет электрондық
нысанда көрсетілген жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталына
нұсқауды жүзеге асыратын ұйымдарды көрсете отырып, осы
мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес көрсететін орталық мемлекеттік органның, Қазақстан
Республикасының шетелдегі мекемесінің, облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар
қаланың жергілікті атқару органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, жеке және заңды тұлғаның атауы көрсетілсін);
      2) мемлекеттік қызметті көрсету нысанын (мемлекеттік қызметті көрсету тәсіліне – электрондық (толық автоматтандырылған (немесе) ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түріне байланысты мемлекеттік қызметті көрсету нысаны көрсетілсін);
      3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі ретінде ұсынылатын құжаттың түрі көрсетілсін, мысалы, анықтама, рұқсат, мәлімдеме, лицензия, сертификат, куәлік, медициналық қорытынды немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап, сондай-ақ қатар электрондық және/немесе қағаз түріндегі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны көрсетілсін) қамтиды.
      «Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау» бөлімі:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме (көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұратуының болуы көрсетілсін);
      2) мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы (мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің, рәсімдер (іс-қимылдар) тәртібін және олардың орындалу дәйектілігін, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімшелер бөлінісінде барлық рәсімдердің (іс-қимылдардың) өту кезеңдері көрсетілсін. Егер мемлекеттік қызмет көрсету процесіне бірнеше құрылымдық бөлімше қатысса, осы құрылымдық бөлімшелердегі мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті жекелеген рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асыру мерзімдері көрсетілсін);
      3) келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі (рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге беру тәртібі көрсетілсін) қамтиды.
      «Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау» бөлімі:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесін;
      2) әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып,
құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің
(іс-қимылдардың) реттілігін сипаттауды (әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету
үшін қажетті барлық рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы келтірілсін) қамтиды.
      «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл
тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау» бөлімі:
      1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығын
сипаттауды («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара
іс-қимылдың реттілігі мен мерзімдері, оның ішінде мемлекеттік
қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті
берушілердің сұратуларын қалыптастыру және жолдау рәсімдері (іс-қимылдары) көрсетілсін). Рәсімдерді (іс-қимылдарды) сипаттау мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар мен ақпараттар тізбесін, сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушінің осындай сұрату жолдауға уәкілетті құрылымдық бөлімшені немесе лауазымдық тұлғаны көрсете отырып, сұратуды дайындау және жолдау тәртібін, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының кіріктірілген ақпараттық жүйеде көрсетілетін қызметті алушының сұратуын тіркеу және өңдеу кезіндегі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмысшыларының іс-қимылдарын сипаттауды;
      2) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алу процесін, оның ұзақтылығын сипаттауды (мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу тәсілі, ұзақтығы мен тәртібі көрсетілсін);
      3) мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасын қоса, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттауды қамтиды.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентінің үлгі нысаны бойынша әзірленеді.»;
      Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының үлгі нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін әзірлеудің үлгі нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі                             Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ________________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы «___» _____________

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика Министрінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 757 бұйрығына   
1-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына  
2-қосымша      

Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы
бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы
аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар,
ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгі нысаны 1. Жалпы ережелер

      1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
      2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
      мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны;
      «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны;
      тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны;
      қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны;
      бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттер саны.
      3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
      2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
      1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
      2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
      3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
      3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
      1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
      2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
      3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
      4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
      1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
      2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
      3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
      4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
      5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика Министрінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 757 бұйрығына   
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына  
3-қосымша      

                                                                нысан

(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, болған жағдайда әкесінің
аты (бұдан әрі – Т.А.Ә) немесе ұйымының атауы)
____________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызметтер көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________;
      2) _______________________________;
      3)....
      ұсынбауыңызға байланысты құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Осы қолхат әр бір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.

      Т.А.Ә. («Азаматтарға арналған үкімет»
      мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. ___________
      Телефон ____________
      Алдым: аты-жөні / мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының қолы

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика Министрінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 757 бұйрығына   
3-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына  
4-қосымша      

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының үлгі нысаны

_____________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

      1. Жалпы ережелер:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын әзірлеуші орталық мемлекеттік органның атауы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің атауы.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі;
      2) мемлекеттік қызметті көрсету нысаны;
      3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      4) мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі;
      6) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер.
      3. Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының және (немесе) олардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметкерлерінің шешімдеріне, өзара іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар.

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика Министрінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 757 бұйрығына   
4-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына  
7-қосымша      

                                                                нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы
_______________________________________________
(Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

      *ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің),
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика Министрінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 757 бұйрығына   
5-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына  
8-қосымша      

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін әзірлеудің
үлгі нысаны
_____________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы)

      1. Жалпы ережелер:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің атауы;
      2) мемлекеттік қызмет көрсету нысаны;
      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме;
      2) мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы;
      3) келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі;
      2) әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігін сипаттау;
      4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау:
      1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеудің ұзақтығы;
      2) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы;
      3) жүгіну тәртібін және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігін сипаттау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады