Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1097 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 қаңтарда № 12948 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2023 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидалар бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлiмшелерінiң жұмысын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 26 қазандағы № 535 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1031 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, Көліктегі полиция департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуін қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Ішкі істер министрлігінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1097 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi қағидалар 1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлiмшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ережесіне сәйкес әзірленген.

2-тарау. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлiністерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөліністер қызметінің мақсаты әйелдердің құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ оларға қатысты құқық бұзушылықтар деңгейін төмендету болып табылады.

      3. Ішкі істер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi бөлiністер:

      1) әйелдердiң конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiне құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз етуді;

      2) әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және олардың жолын кесу мәселелерiнде iшкi iстер органдары бөліністерінің қызметiн үйлестiреді;

      3) әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықты ескерту және алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      4) құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерімен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылықты ескерту және әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою саласында бағдарламалық құжаттарды әзірлеуді және іске асыруға қатысуды;

      5) әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша халыққа құқықтық көмек көрсетуді;

      6) әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу нысандары мен әдiстерiн жетілдіру, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жоюды жүзеге асырады.

      4. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөліністер қызметкерлерінің жұмысы Полиция департаменті және Көліктегі полиция департаменті (бұдан әрі – ПД, КПД), қалалық, аудандық орган бастығының әкімшілік полицияға жетекшілік ететін орынбасары бекіткен тоқсандық жоспарларға сәйкес ұйымдастырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қойылған мiндеттердi iске асыру кезінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлiністердің қызметкерлерi:

      1) әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және алдын алу мәселелерiнде iшкi iстер органдары бөліністерінің қызметін үйлестiрудi жүзеге асырады;

      2) зорлық-зомбылық нысандары, түрлерi мен тәсiлдерi туралы мәлiметтердi жалпылайды және талдайды;

      3) әйелдерге қатысты жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды талдауды жүзеге асырады;

      4) өзге де құқық қорғау органдарына және биліктiң жергiлiктi атқарушы органдарына, мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктерге зорлық-зомбылықты ескерту жөнiндегi проблемалық мәселелердi қарау туралы ұсыныстар енгізеді;

      5) зорлық-зомбылық көріністеріне байланысты құқыққа қарсы әрекеттердi жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды талдайды, сондай-ақ оларды жою бойынша шаралар қабылдайды;

      6) әйелдердiң ар-ожданы мен абыройына, оның отбасының шырқын және қоғамдағы беделiн бұзуға қол сұғатын бұқаралық ақпарат құралдарындағы ашық жарияланымдарға уақтылы ден қояды;

      7) әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және жолын кесу мәселелері бойынша iшкi iстер органдарының бөлiністерімен және басқа да құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;

      8) заңнаманы түсіндіреді, ішкі істер органдарының жеке құрамымен зорлық-зомбылықты жасаған адамдарға мәжбүрлеу шараларын қолдану тетігі бойынша сабақтар мен тренингтерді ұйымдастырады және жүргізеді;

      9) зорлық-зомбылық көрiнiстерiне байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту мәселелерi бойынша жүйелi түрде халық алдында, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлейдi;

      10) мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктерде олардың құзырына кіретін мәселелер бойынша ішкі істер органдарының атынан өкiлдiк етеді;

      11) құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілері және мемлекеттік емес ұйымдар жүргізетін ақпараттық-насихаттық іс-шараларға қатысады;

      12) әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады.

      6. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ), ПД, КПД, қалалық, аудандық органның әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөліністері қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты лауазымды адамдарына:

      1) аумақтық ЖПҚ бөліністерінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі қызметкерлерінің қызметiне ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық ету, оларға практикалық көмек көрсету, олардың заңдар мен өзге нормативтiк құқықтық актiлер талаптарын орындауын бақылау;

      2) әйелдердiң құқықтары мен мүдделерiн қорғаумен айналысатын мемлекеттiк органдармен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасасуды қамтамасыз ету;

      3) әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты анықтау мен оның жолын кесу жөнiндегi жедел-профилактикалық iс-шараларды ұйымдастыру және жүргiзу;

      4) әйелдерге қатысты жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жай-күйіне, құрылымына, динамикасына талдау жүргізуді жүзеге асыру, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссияға, барлық деңгейдегі құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдарға ақпараттар дайындау;

      5) құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдардан, қоғамдық бiрлестiктерден алынған статистикалық деректердi жалпылау және талдау;

      6) ІІМ-нің, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, Көліктегі ІІД ЖПҚ-ның жедел кеңестерiнде қарау үшін материалдар дайындау, сондай-ақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту мен оның жолын кесу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырудың нысандары мен әдiстерiн жақсартуға бағытталған ұсынымдарды, әдiстемелiк ұсынымдарды, шолулар мен басқа да басқару шешiмдерiн дайындау;

      7) IІМ, ІІД, Көліктегі ІІД-нің мүдделi қызметтерiмен бiрлесе отырып, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлiністердің қызметкерлерін iрiктеудi, орналастыруды, тәрбиелеуді мен кәсiби шеберлiгiн арттыруды жақсарту жөнiндегi жұмысты жүргiзу;

      8) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың және әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою саласындағы заңнаманы жетілдіру процесіне қатысу жүктеледі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлiністер қызметінің нәтижелері туралы есеп

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аумақтық бөлiністер қызметiнiң нәтижелерi туралы тоқсан сайынғы ақпарат баяндау жазбамен ресімделеді, ол есеп беру кезеңiнен кейiнгi айдың 5-і күніне ПД, КПД-ге ұсынылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жиынтық баяндау жазбалары есеп беру кезеңiнен кейiнгi айдың 10-ы күніне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетіне жолданады. Баяндау жазбаға қызметті жетекшілік ететін ПД, КПД бастығының орынбасары қол қояды және мынадай қызмет бағыттары бойынша ақпаратты қамтуы тиіс:

      1) қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды баяндай отырып, әйелдерге қатысты қылмыстардың, қылмыс жасаған адамдардың мінездемесін және зорлық-зомбылыққа ұшыраған жәбірленушілер санаттарының жай-күйін талдау;

      2) отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша статистикалық мәліметтерді және әйелдердің құқықтары, мүдделері мен еркіндіктеріне қол сұғатын адамдарға қатысты қабылданып жатқан профилактикалық шараларды талдау және жинақтау;

      3) тексеру нәтижелерін жинақтай отырып, әйелдердің суицид фактілеріне талдау жасау;

      4) зорлық-зомбылық құрбандарының конституциялық құқықтары мен еркiндiктерiн қорғауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдармен, үкiметтiк емес ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасасу туралы;

      5) әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiндегі қабылданып жатқан шаралар туралы;

      6) зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету мәселелерi бойынша дағдарыстық орталықтармен өзара iс-қимыл жасасу туралы;

      7) халыққа құқықтық және психологиялық көмек көрсету туралы;

      8) сауалнама жүргізу арқылы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты зерттеу бойынша жұмыс туралы;

      9) ішкі істер органдарының басқа бөліністерімен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жолын кесу бойынша өзара iс-қимыл жасасу туралы.

      Ішкі істер министрлігіне жолданатын жиынтық баяндау жазбада әрбір санамаланған тармақшалар жеке блокпен ұсынылуы тиіс.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөліністердің жұмыс нәтижелері тоқсан сайын ІІД, Көліктегі ІІД бастығы немесе олардың орынбасарлары жанындағы жедел кеңесте қаралады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады