Жобаларды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1293 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 ақпанда № 12965 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, Жобаларды іріктеу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жобаларды іріктеудің өлшемшарттары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтінім мен сауалнама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 335 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7214 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 18 қазандағы № 501-502 (26894) жарияланған);

      2) "Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтінім мен сауалнама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 335 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 412 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9008 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 18 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.К. Хаиров):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1293 бұйрығына 1-қосымша

Жобаларды іріктеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы жобаларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ол арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде қызметін жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) арнайы экономикалық аймақ - қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын, дәл белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі;

      2) арнайы экономикалық аймақтың басқару органы – басқарушы компания, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесі немесе дербес кластерлік қор;

      3) арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысының, өтініш берушінің, арнайы экономикалық аймақ қатысушысының жобасы (бұдан әрі – жоба) – қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін қазіргі заманғы өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті өндірістер құруды көздейтін іс-шаралар кешені;

      4) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт (бұдан әрі - қызметті жүзеге асыру туралы шарт) - арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бірнеше қатысушылары және арнайы экономикалық аймақтың басқару органы арасында жасалатын арнайы экономикалық аймақтың аумағында арнайы экономикалық аймақ қатысушысының немесе қатысушыларының қызмет түрлерін, осындай қызметті жүзеге асыру шарттарын, тараптардың құқықтары, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейтін шарт;

      5) қызметтің басым түрлері - арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын қызмет түрлері;

      6) өтініш беруші - арнайы экономикалық аймақтың басқару органына қызметтің басым немесе қосалқы түрлерін жүзеге асыруға арналған өтінімді беретін тұлға;

      7) уәкілетті орган - арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті
жүзеге асыруға өтінім берушілердің жобаларын іріктеу қағидалары

      1. Өтініш берушілердің арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыруға жобаларды іріктеу үшін өтініш беруші арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінімді осы қағидалары 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға сауалнаманы осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, сондай-ақ Заңның 10-бабының 2, 3-тармақтарында көзделген құжаттарды берген кезде, арнайы экономикалық аймақтың басқару органына ұсынады.

      Егер заңды тұлға құжаттарды берген кезде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуде жоқ екендігі туралы анықтаманың көшірмесі ұсынылады.

      Шетелдік заңды тұлғалар Заңның 10-бабы 2-тармағының 2), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген заңдастырылған құжаттарды, сауда реестрінен шығу туралы заңдастырылған құжат немесе қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен нотариалды тіркелген, шетелдік заңды тұлған шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлған болып табылаитынын растайтын құжатты ұсынады.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлғамен бекітілген заңды тұлғалар тізіліміне енгізілген және Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық маманданған көрмені ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінім беретін шетелдік заңды тұлғаларға Заңның 10-бабы 2-тармағының 7), 8) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну туралы талап таратылмайды.

      2. Өтінім беруші арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінім берген жағдайда, өтінімдерді тіркеу журналында, өтінім берілген күні өтінімді тіркеуді жүзеге асырады.

      3. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы органы Заңның 10-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген ұсынылған құжаттар жиынтығының толықтығын тексеруді жүзеге асырады.

      4. Қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасуға артықшылықты арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеген кезде 1-тармақпен көзделген негізгі өлшемшарттарға, және кем дегенде, Жобаларды іріктеу өлшемшарттарының 2-тармағында көзделген қосымша өлшемшарттардың біреуіне сәйкес келетін өтініш берушілер ие болады.

      Екі немесе одан көп өтініш берушілердің негізгі және қосымша өлшемшарттарға сәйкес келуі жағдайында, қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу басымдығына қосымша өлшемшарттардың көп санына сәйкес келген өтініш берушілер ие болады.

      5. Негізгі өлшемшарттарға сәйкестік қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудың қажетті шарты болып табылады.

      6. Ұсынылған қызмет түрінің қызметтің басым түрлеріне, өтініш берушілердің Жобаларын іріктеу өлшемшарттарына сай келген жағдайда арнайы экономикалық аймақтың басқару органы он жұмыс күні ішінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасады.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға бекіткен заңды тұлғалардың тізбесіне қосылған, "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берген өтініш берушіге қатысты аталған мерзім бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      7. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы мәлімделген қызмет түрі қызметтің басым түрлеріне, өтініш берушілердің жобаларын іріктеу өлшемшарттарына және (немесе) ұсынылған құжаттар Заңның 10-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, өтініш берушіге қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.

      8 Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасқаннан кейін екі жұмыс күні ішінде бұл туралы мемлекеттік кіріс органдарына хабарлайды.

      9. Қызметті жүзеге асыру туралы жасасқан шарт негізінде арнайы экономикалық аймақ қатысушысы өзінің арнайы экономикалық аймақ сыртындағы құрылымдық бөлімшелерінің қызметін тоқтатады.

      Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақ қатысушылары үшін арнайы экономикалық аймақ сыртында қызмет етуге рұқсат беріледі, егер осы Заңмен басқалары көзделмесе.

  Жобаларды іріктеу
қағидаларына 1 қосымша

      Нысан

      Кімге:_____________________________

      (АЭА басқару органының атауы)

Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде қызметті жүзеге
асыруға арналған өтінім

      ________________________________________________________ арнайы

      (арнайы экономикалық аймақтың атауы)

      экономикалық аймағының қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға

      үшін ______________________________________ қарастыруды сұраймыз.

      (заңды тұлғаның атауы)

      Арнайы экономикалық аймақ аумағында іске асыруға жоспарланған

      инвестициялық жоба туралы ақпарат:

      Қызмет түрі: _________________________________________________;

      шығарылатын өнім және/немесе көрсетілетін қызмет атауы:

      ____________________________________________________________________;

      жобаның жалпы құны, теңге: ___________________________________;

      меншікті капитал көлемі, теңге: ______________________________;

      несиелік қаражат көлемі, теңге: ______________________________;

      тұрақты жұмыс орын саны, адам: _______________________________;

      қосымша ақпарат: _____________________________________________.

      Бірінші басшының аты-жөні: ____________________________________

      Қолы: _________________________

      М.О.
20__ жылғы "___"_______________
Жобаларды іріктеу
қағидаларына 2 қосымша

      Нысан

Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде қызметті
жүзеге асыруға арналған сауалнама

      1. Жалпы мәлiметтер:

Заңды тұлғаның толық атауы


Құрылтайшылар туралы мәліметтер (атау, тегі, аты-жөні, әкесінің аты, қатысу бөлігі)


Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні


Бизнес теңестірілген нөмірі


      2. Мекенжайы:

Өңір (ел, облыс, аудан)


Елді мекен


Көше


Үй №


Индекс


e-mail


Телефон


Факс


      3. Банктiк деректемелерi:

Қызмет көрсетуші банк


Есеп шот №


Бірінші басшы (Тегі Аты Әкесінің аты)


Байланушы тұлға (Тегі Аты Әкесінің аты), телефоны


      4. Арнайы экономикалық аймақтағы инвестициялық жоба туралы ақпарат:

Сала


Кіші сала


Өнім түрі


Қызмет түрi


Жылдық айналым, теңге


Тұрақты жұмыс орын саны, адам


Қосымша ақпарат


      5. Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 9-бабының 2-тармақшасының талаптарына сәйкес өтініш беруші туралы ақпарат:

Жер қойнауын пайдаланушылар


"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар


Арнайы салық режимдерін қолданатын ұйымдар


"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) қабылдануына дейін қарастырылған инвестициялық салықтық преференцияларды қолданушы (қолданған) ұйымдар


Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны және инвестициялық стратегиялық жобаны іске асырушы (іске асырған) ұйымдар


Ойын бизнесін ұйымдастырушылар


      Бірінші басшының тегі, аты-жөні әкесінің аты: _______________________

      Қолы: __________________________

      М.О.

      20___ жылғы "___"_______________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1293 бұйрығына 2-қосымша

Жобаларды іріктеу өлшемшарттары

      1. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу мынадай негізгі өлшемшарттардың негізінде жүзеге асырылады:

      1) өтініш берушінің банк есепшотындағы (картотеканың болмауы туралы) және кредит тарихында болатын толық немесе ішінара ақпарат туралы мәліметтерді қамтитын кредит бюросынан алынған кредиттік есеп бойынша ақша қозғалысы туралы қызмет көрсететін банктің үзінді жазбасымен расталған банк кредиттері бойынша мерзімі өтіп кеткен берешектің болмауы;

      2) тіркеу есебіне қою орны бойынша мемлекеттік кіріс органынан салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша берешектің болуы немесе болмауы туралы анықтамасымен расталған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болмауы.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.04.2017 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу мынадай қосымша өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады:

      1) жобаны жүзеге асыру өңірлері болып табылмайтын өңірлерде ұқсас жобаларды алға жылжыту;

      2) жобаның импортты алмастыратын немесе экспортқа бағытталған бағыты;

      3) индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады