Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 ақпанда № 13039 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 29 қазанан Кәсіпкерлік Кодексінің 282-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті (Е.Қ.Хаировқа):

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың

      2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      Е.Ә. Ыдырысов _____________

      2015 жылғы 29 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      В.З. Жұмақанов _____________

      2016 жылғы 05 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      Қ.Н. Қасымов _____________

      2015 жылғы 30 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1265 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.11.2018 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар), 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 282-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, инвестициялық келісімшарттар жасау және олардың орындалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық виза алуға өтінішхатты беруге өтініш беруші (бұдан әрі – өтініш беруші) – Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық виза алуға өтінішхатты беруге өтінімді ұсынған жеке немесе "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілеттіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-тармағына сәйкес құрылған заңды тұлға, оның ішінде шетелдік қатысумен заңды тұлға;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық визаны алуға өтінішхат (бұдан әрі – өтінішхат) - инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаға/тұлғаларға инвесторлық виза беру туралы жазбаша өтініші.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.11.2018 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Егер өтініш беруші заңды тұлға болса, өтінішхаттар өтініш берушінің басшыларына және/немесе басшыларының орынбасарларына, сондай-ақ құрылымдық бөлімше басшыларына беріледі.

      Егер өтініш беруші жеке тұлға болса, өтінішхат өтініш берушіге беріледі.

      4. Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық визаны беру "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес іске асырылады.

2-тарау. Өтінішхаттарды беру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.11.2018 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беруге өтінім (бұдан әрі - өтінім) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушімен Мемлекеттік корпорацияға тапсырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.11.2018 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Өтініш беруші (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтінімге мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмесі (сұратылатың визаның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін үш айдан кем емес паспорттың қолданыс мерзімімен);

      2) өтініш беруші жарғысының көшірмесі (егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса, тұпнұсқа тексерү үшін беріледі);

      3) осы қағидалардың 3-тармағына сәйкес тұғының басшылары және/немесе басшыларының лауазымын растайтын құжаттың көшірмесі (егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса, тұпнұсқа тексерү үшін беріледі);

      4) өтініш берушінің инвестициялық жобаға инвестициялар салу фактісін растайтын құжаттардың көшірмелер (инвестордың нақты растайтын құжаттар (Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген кедендік декларациялар, тұпнұсқа тексерү үшін беріледі).

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.11.2018 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.11.2018 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті беру туралы шешімді мынандай жағдайлардың бірі болған кезде қабылдайды:

      1) "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығына сәйкес өңдеу өнеркәсібінің басым салалар шеңберіндегі өтініш берушінің жобаларын іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне өтініш берушінің мүшелігі;

      3) өтініш берушіде инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келісімшарттың болуы;

      4) өтініш берушінің "2015-2019 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысына сәйкес жобаларды іске асыруы;

      5) өтініш берушіде Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаны іске асыруды растайтын мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұсынымдары болған жағдайда.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.11.2018 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Өтінішхатты беру үшiн өтінімді қарау мерзімі он бір күнді құрайды.

      10. Қарастырылу нәтижелері бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган өтінішхатты беру немесе бас тарту туралы шешімді қабылдайды.

      11.Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келесу туралы сұрауға берген теріс жауабы.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.11.2018 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Өтінішхатты өтініш берушіге беру, өтінімде өтініш берушімен айқындалған тәсілмен жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасының
бейрезиденті болып табылатын және
Қазақстан Республикасының аумағында
инвестициялық қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға
өтінішхатты беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат

      ___________№___________

      _______________________

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      Консулдық қызмет департаменті

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

      Инвестициялар комитетіне_____________________________________________

      (компанияның атауы және компания хатының тіркелеген күні мен нөмірі,

      тұлғаның аты-жөні, лауазымы) инвесторлық виза алу мәселесі бойынша

      өтініш білдірді (хат көшірмесі қоса беріледі).

      Осыған орай, аталған тұлғаға инвесторлық визаны беру мүмкін деп

      санаймыз.

      Қосымша:___ п.

      Лауазымы (қолы) аты-жөні

      Орынд. (өтінішхатты беретін жауапты тұлға): ________________

      Тел. __________

      Электр. мекенжайы ___________

  Қазақстан Республикасының
резиденттері болып табылмайтын
және Қазақстан
Республикасының аумағында
инвестициялық қызметті жүзеге
асыратын тұлғалар үшін
инвесторларға арналған виза беру
туралы өтініш беру қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беруге өтінім

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.11.2018 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  № 1 нысан
  (заңды тұлға үшін)

Өтініш беруші туралы мәлімет


Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы


Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуі туралы ақпарат (күні, негіздеме)


Орналасқан жері; заңды мекенжайы, нақты мекенжайы


Бизнес сәйкестендіру нөмір (БСН)


Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының басшысы
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефон, факс, электрондық пошта)


Эканомикалық қызмет түрінің жалпы жіктеуіші


Инвестициялар көлемі (инвестициялар салу фактісін растай отырып)


Өтініш хатты алуға негіздеме
(осы Қағидалардың 8-тармағының тиісті тармақшасын/тармақшаларын көрсету)


Байланыс деректері
(телефон, факс, электрондық пошта)


Өтінішхатты алу тәсілі
(поштамен, қолма-қол)


Инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлға/тұлғалар туралы мәлімет

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Туған күні және жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер


Жеке басын куәландыратын құжаттың қолдану мерзімі


Резиденттік елде инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның нақты мекенжайы


Атқаратын лауазымы


Байланыс деректері
(телефон, факс, электрондық пошта)


________________________________ (Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

_____________________________ (қолы, мөрі (ол бар болған кезде) және күні)

      Ескертпе: Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім береді, сондай-ақ ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

  № 2 нысан
  (жеке тұлға үшін)

Өтініш беруші туралы мәлімет


Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Туған күні және жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер


Жеке басын куәландыратын құжаттың қолдану мерзімі


Резиденттік елде инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның нақты мекенжайы


Эканомикалық қызмет түрінің жалпы жіктеуіші і


Инвестициялар көлемі (инвестициялар салу фактісін растай отырып)


Атқаратын лауазымы


Өтінішхатты алуға негіздеме
(осы Қағидалардың 8-тармағының тиісті тармақшасын/тармақшаларын көрсету)


Байланыс деректері
(телефон, факс, электрондық пошта)


Өтінішхатты алу тәсілі
(поштамен, қолға)


_______________________________ (Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

_________________ (қолы және күні)

      Ескертпе: Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім береді, сондай-ақ ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады