"Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 296 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1297 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 наурызда № 13497 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 57 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 14.02.2019 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 296 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11001 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 мамырда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі келесі мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "

4

Ақпарат алу

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру

Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру

Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру


      ".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларындағы іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ___________ А. Мамытбеков

      2016 жылғы 19 ақпан


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет


      ___________ Б. Имашев

      2016 жылғы 8 қаңтар


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ___________ А. Сәрінжіпов

      2016 жылғы 3 ақпан


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық және

      әлеуметтік даму министрі

      ___________ Т. Дүйсенова

      2016 жылғы 12 ақпан


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2016 жылғы "____"_______


      министрі


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің м.а.

      ___________ Қ. Өскенбаев

      2016 жылғы 21 қаңтар


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ___________ Қ. Қасымов

      2016 жылғы 14 қаңтар



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады