"Астана қаласының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 370-89 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 қаңтарда № 879 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 158-1639 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 17.09.2015 № 158-1639 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Астана қаласының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Астана қаласының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       Ә. Жақсыбеков

Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 370-89 қаулысына қосымша

«Астана қаласының Еңбек инспекциясы жөніндегі
басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. «Астана қаласының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Астана қаласының аумағында еңбек қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      2. Басқарманың филиалдары және өкілдіктері жоқ.
      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауымен мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қазынашылық органдарда шоттары болады.
      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Басқарма егер де оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, № 33.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Астана қаласының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
      13. Басқармаға өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі мақсаттары, функциялары,
құқықтары және міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. Мақсаттары:
      1) ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
      2) қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау;
      4) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;
      5) жұмысқа қабылдау және қызметкерлерді жоғарылату кезінде гендерлік тепе-теңдік нормаларын сақтау;
      6) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.
      16. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      2) жұмыс берушiлер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингiн жүзеге асыру;
      3) өндiрiстiк жарақаттанудың себептерiне талдау жүргiзу, олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзiрлеу;
      4) өндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;
      5) жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізу;
      6) еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау нормативтерiн жетiлдiру мәселелерi бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң уәкiлеттi өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасау;
      7) қызметкерлердiң, жұмыс берушiлер мен олардың өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарау;
      8) өндiрiстiк объектiлердiң еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингiн жүзеге асыру;
      9) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жоспарларын әзiрлеу және бекiту;
      10) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға мерзімді есептердi, сондай-ақ еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі жөнiндегi ақпараттық жүйе базасында еңбекті қорғау мен еңбек қауiпсiздiгiнің жай-күйi мониторингiнiң нәтижелерiн ұсыну;
      11) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажеттi ақпаратты беру;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген өзге де міндеттерді атқару.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу мақсатында ұйымдар мен кәсіпорындарда кедергісіз болуға;
      2) жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, әкімшілік жазалар қолдануға;
      3) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметі және жабдықтардың, тетіктердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келмейтіні анықталған жағдайда, оларды үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап-арыз бере отырып, тоқтата тұруға (тыйым салуға);
      4) жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарының берілуі мен пайдаланылуына тыйым салуға;
      5) жұмыс берушіге (оның өкіліне) хабарлай отырып және тиісті акт жасау арқылы арнаулы киім үлгілерін, пайдаланылатын немесе өңделетін материалдар мен заттарды талдау жасау үшін алуға;
      6) өндірістегі жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-тексеруге;
      7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, нұсқау беруден, білімін тексеруден өтпеген қызметкерлерді жұмыстан шеттету үшін жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беруге;
      8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысуға;
      9) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде белгіленетін айрықша талаптардың орындалуына тексеру жүргізуге;
      10) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау жүргізуінің толықтығы мен дәйектілігін бақылауды жүзеге асыруға;
      11) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;
      12) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша тиісті құқық қорғау органдарына және соттарға ақпарат, талап қою және өзге де материалдар жіберуге;
      13) тиісті мемлекеттік билік органдарынан, меншік түріне қарамастан ведомстволық бағыныстағы аумақтарда орналасқан басқа да ұйымдар мен кәсіпорындардан және жеке тұлғалардан Басқармаға жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау үшін өз құзыреті шеңберінде ақпараттар сұрау және алу;
      14) Басқарманың құзырына жататын мәселелерді шешу үшін қажетті ұсыныстарды Астана қаласының әкіміне (бұдан әрі – әкім) және Астана қаласының мәслихатының қарауына ұсыну;
      15) Астана қаласы әкімдігі және әкімнің актілерінің жобасын дайындауға қатысу;
      16) Қазақстан Республикасының еңбек қатынастары саласындағы талаптардың сақталуына белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде тексерулер жүргізу және өзге де нысандағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      17) Басқарманың құзырына жататын мәселелерді талқылау жөніндегі комиссияның және жұмыс топтарының жұмыстарына қатысу;
      18) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
      19) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
      20) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарауға;
      21) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды, қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысуға;
      22) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтармен және қызметкерлердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасасуға;
      23) анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар етуге, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде ұсынулар енгізуге;
      24) еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беруге;
      25) мемлекеттік құпияны, еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
      26) өз құзыреті шегінде мемлекеттік, сот органдарында талапкер, жауапкер ретінде Басқарманың мүддесін білдіру.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. Басқарма басшысын Әкім лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      20. Басқарма басшысы, сондай-ақ Астана қаласы бойынша Бас мемлекеттік еңбек инспекторы болып табылады.
      21. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      22. Басқарма басшысының өкілеттігі:
      1) Басқарма бөлімдері туралы ережелерді бекітеді, олардың қызметтері мен өкілеттіліктерін белгілейді;
      2) Басқарманың қызметкерлерін, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын жұмысшыларды қызметіне тағайындайды және босатады;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында бекітілген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
      4) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдағаны үшін жеке жауапкершілікте болады;
      6) бұйрықтар шығарады;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      23. Басқарма басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін, қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      24. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      25. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      26. Басқармаға бекітілген мүліктер коммуналдық меншікке жатады.
      27. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      28. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады