Жергілікті бюджеттен қаржыланатын "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мен Астана қаласының атқарушы органдары басшылары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 04-877 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 19 маусымда № 917 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 06 сәуірдегі № 04-666 қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.04.2016 № 04-666 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы 16-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған жергілікті бюджеттен қаржыланатын «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен Астана қаласының атқарушы органдары басшылары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.
      2. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Қ. Мамытбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының
      әкімі                                             Ә. Жақсыбеков

Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 3 маусымдағы
№ 04-877 қаулысына  
қосымша       

Жергілікті бюджеттен қаржыланатын «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен Астана қаласының атқарушы органдары басшылары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Жергілікті бюджеттен қаржыланатын «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен Астана қаласының атқарушы органдары басшылары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      2. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
      3. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      Жергілікті бюджеттен қаржыланатын Астана қаласының атқарушы органдарының басшылары үшін бағалау Астана қаласының әкімі немесе оның уәкілеттік беруімен оның орынбасарларының бірімен өткізілуі мүмкін.
      4. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      5. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      6. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      7. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
      8. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      9. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия төрағасы болып «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы табылады.
      Комиссия хатшысы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі - Персоналды басқару қызметі) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 3-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      10. Персоналды басқару қызметі:
      Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді;
      бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      11. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын Персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын Персоналды басқару қызметіне қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      12. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда - қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай Персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      13. Осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      14. Осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
      15. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
      16. Осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      17. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      а = b + с
      мұнда: а - қызметшінің қорытынды бағасы,
      b - тікелей басшының бағасы,
      с - осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      18. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 баллдан төмен - «қанағаттанарлықсыз»,
      21-ден 33 баллға дейін - «қанағаттанарлық»,
      33 баллдан жоғары - «тиімді».

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      19. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      20. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) Персоналды басқару қызметі қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      21. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      22. Осы Әдістеменің 19-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы Персоналды басқару қызметінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      23. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      24. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      25. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде уәкілетті органға береді.

Жергілікті бюджеттен қаржыланатын 
«Астана қаласы әкімінің аппараты»  
мемлекеттік мекемесі мен Астана  
қаласының атқарушы органдары   
басшыларының «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
жыл сайынғы бағалаудың бағалаудың
әдістемесіне 1-қосымша      

нысан

Тікелей басшысының бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің
      Т.А.Ә (бар болған жағдайда): ____________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:__________________________

Р/с №

Өлшем

Көрсеткіштің мәні

Баға (балл)

1.

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін


2.

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 8-ге дейін


3.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін


4.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


Барлығы (барлық бағалардың бағасы):



      Таныстым:

      Қызметші                        Тікелей басшы
      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)    Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
      ____________________________    ____________________________
      күні                            күні 
      ____________________________    ____________________________
      қолы                            қолы
      ____________________________    ____________________________

Жергілікті бюджеттен қаржыланатын 
«Астана қаласы әкімінің аппараты»  
мемлекеттік мекемесі мен Астана  
қаласының атқарушы органдары   
басшыларының «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша             

нысан

Айналмалы бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):_______________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:___________________________________

Р/с №

Өлшем

Көрсеткіштің мәні

Баға (балл)

Бағынышты адам

1.

Жұмысты жоспарлай алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2.

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 5-ке дейін


3.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың сомасы):


Әріптесі

1.

Топта жұмыс істей алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


3.

Лауазымдық міндеттерін орындау сапасы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың сомасы):



Жергілікті бюджеттен қаржыланатын 
«Астана қаласы әкімінің аппараты»  
мемлекеттік мекемесі мен Астана  
қаласының атқарушы органдары   
басшыларының «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне
3-қосымша            

нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
______________________________________________________
(мемлекеттік орган атауы)

Р/с

Қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Тікелей басшының бағасы

Айналмалы баға

Қорытынды баға

1.









      Комиссия қорытындысы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Тексерілді:

      Комиссия хатшысы:___________________________ Күні: ____________
                   (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
      Комиссия төрағасы:__________________________ Күні: ____________
                   (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
      Комиссия мүшелері:__________________________ Күні: ____________
                   (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
                        __________________________
                              (Т.А.Ә., қолы)
                        __________________________
                              (Т.А.Ә. қолы)
                        __________________________
                              (Т.А.Ә. қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады