"Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 180-1675 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 13 қазанда № 951 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 06-400 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.02.2018 № 06-400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңының 17-бабы 7) тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының ұлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазаңдағы № 410 Жарлығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Астана-жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Ілияс Қанатұлы Жанғаскин осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.

      3. Астана қаласы әкімдігінің "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2014 жылғы 24 шілдедегі № 180-1213 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2014 жылғы 2 қыркүйекте нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 833 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 қыркүйектегі № 100 (3157) "Астана ақшамы", 2014 жылғы 6 қыркүйектегі № 99 (3175) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Р. Әлиевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласының әкімі

Ә. Жақсыбеков


  Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 180-1675 қаулысына қосымша

"Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) инвестициялар, концессиялармен байланысты, "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрі – АЭА) қызметіне, туристік саланы дамытуға, сондай-ақ Астана қаласы аумағындағы экономиканың барлық саласындағы реттелетін басқа инвестициялық қызметіне басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Басқармасының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Достық көшесі, № 13.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға Қазақстан Республикасы заңнамасының актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: экономиканың барлық салаларында оның ішінде индустриялық-инновациялық салада және туристік секторда инвестицияларды тарту, қолдау және дамыту, қаланы дамыту үшін стратегиялық бастамаларды әзірлеу және енгізу арқылы елорданың әлеуметтік экономикалық өсуіне ықпал ету.

      15. Міндеттері:

      1) аймақтық инвестициялық саясатты іске асыру және инвестицияларды тарту стратегиясын қалыптастыру;

      2) инновацияларды тиімді енгізуді және жоғары технологиялық өндірістерді дамытуды қолдау;

      3) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

      4) Астана қаласы экономикасының басым бағыттарын, салаларын және секторларын айқындауына қатысу;

      5) белгіленген тәртіпте инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

      6) отандық және халықаралық іскер ортада Астана қаласының инвестициялық тартымдылығын жасау, елорданың сыртқы экономикалық байланыстарын нығайту, сондай-ақ инвестицияларды тарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

      7) жаңа кәсіпкерлік субъектілердің дамуын жеделдету үшін жағымды инвестициялық климат пен жағдайлар жасау;

      8) экономика мен бизнестің кәсіпкерлік секторын дамыту мен қолдау, Астана қаласы кәсіпкерлерінің және кәсіпорындарының қызметіндегі әкімшілік бөгеттерді жою;

      9) инвестициялық үдерісті белсенді қолдаумен қоса Астана қаласының аумағында инвестициялық қызмет құқықтық кеңістігінің бірлігін қамтамасыз ету;

      10) инвестициялық қызметтің қатысушылары үшін инвестициялық режимдер және Астана қаласының инвестициялық инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      11) құрылыста озық технологияларды қолдануға, заманауи инфрақұрылымды құруға, ақпараттық технологияларды дамытуға ықпал ету;

      12) инновацияларды, дамыту мен енгізу үшін қолайлы жағдай жасау және инновациялық бағыт бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

      13) шетелдегі Қазақстандық және Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық және сауда өкілдерімен, құзыреттеріне халықаралық қызмет кіретін шетелдік мемлекеттік, қоғамдық және жеке ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

      14) астананың сыртқы экономикалық байланыстарының дамуын тездету және нығайту үшін жағымды инвестициялық климат жасау;

      15) туризмді дамытуды қамтамасыз ететін, аймақтық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

      16) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау;

      17) жұмысқа қабылдау және қызметкерлерді қызметтік-кәсіптік көтермелеу кезінде гендерлік теңгерім нормаларын сақтауға ықпал жасау.

      16. Функциялары:

      1) әлеуетті шетелдік инвесторларды индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында іздестіруді жүзеге асыруды және олармен келіссөздер жүргізу;

      2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференцияларға және семинарларға қатысуға тарту;

      3) шетелдік инвестицияларды тарту;

      4) арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;

      5) АЭА қатысушыларын тарту;

      6) АЭА қатысушыларының есебін жүргізу;

      7) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ мониторинг деректерін талдау;

      8) қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды жасасу және бұзу;

      9) АЭА қатысушылардың жыл сайынғы есептерінің негізінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен АЭА қызметінің нәтижелері туралы есептілікті уәкілетті органға ұсыну;

      10) инфрақұрылым объектілерін салу үшін және АЭА өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту;

      11) АЭА қатысушыларына берілмеген жер учаскелерінде бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асыру;

      12) АЭА құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың нақты тұтынылуын растау;

      13) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 22.02.2017 № 180-363 қаулысымен.

      14) Астана қаласының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асыру;

      15) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және Астана қаласының аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс ету;

      16) Астана қаласының туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізу;

      17) Астана қаласының аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіру;

      18) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсету;

      19) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

      20) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдау;

      21) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру;

      22) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;

      23) гидті (аудармашы гидті) кәсіптік даярлауды ұйымдастыру;

      24) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту;

      25) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;

      26) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

      27) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;

      28) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқармаға жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асыру.

      29) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      30) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобасының тұжырымдамасын, конкурстық құжаттамасын және шарт жобасын әзірлеу;

      31) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларына қатысты конкурс немесе тікелей келіссөздер ұйымдастырушысы болу;

      32) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу;

      33) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүзеге асыру.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 22.02.2017 № 180-363 қаулысымен.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) осы Ережемен белгіленген міндеттерді орындау үшін қажетті мәліметтерді және материалдарды әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінен, Астана қаласының орталық органдарынан және жергілікті атқарушы органдарынан, басқа да ұйымдардан белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

      2) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің және Астана қаласы жергілікті атқарушы органдарының басшылары мен мамандарын тартумен белгіленген тәртіпте кеңестер өткізу;

      3) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарастыру үшін Басқарма ғылыми-экономикалық кеңестер, комиссиялар және басқа кеңесші органдар құра алады;

      4) реттелетін қатынастар мәселелері бойынша ұсыныстарды әкімдікке енгізу;

      5) кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден Басқармаға жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттарды сұрату және алу;

      6) Басқарма қызметіне қатысты мәселелер бөлігіндегі Астана қаласының атқарушы органдарымен әзірленетін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын келісуді жүзеге асыру;

      7) Басқарма қызметіне қатысты мәселелер бойынша ведомствоаралық комиссиялардың жұмысына қатысу;

      8) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзған тұлғаларға қатысты шаралар қолдану үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға материалдар жолдау;

      9) шағым, талап-арыз жазу, соттарда талапкер және жауапкер ретінде әрекет ету;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;

      11) АЭА аумағында қызметтерді жүзеге асыру туралы келісім шарттары орындалмаған жағдайда АЭА қатысушыларымен келісім шарттарды бұзу;

      12) инвестициялық қызметпен байлысты объектілерді салу кезінде жаңа технологиялар енгізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, ақпараттық семинарлар өткізу;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жедел басқарудағы мүлікке иелік ету, пайдалану және билік етуді жузеге асыру;

      14) АЭА аумағындағы мемлекеттік уәкілетті органдардан және шаруашылық жүргізу субъектілерінен белгіленген тәртіпте қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      15) Басқарманың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ведомствоаралық кеңестер шақыру;

      16) мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетел және отандық сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарту.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. Басқарманың басшысы әкімнің өкімімен қызметке тағайындалады.

      20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) өз орынбасарларының және Басқарма бөлімдері басшыларының міндеттерін анықтайды және жауапкершілік деңгейін бекітеді;

      2) Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      4) Басқарма қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

      5) өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Басқарманы ұсынады.

      Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгiлейдi.

4. Басқарманың мүлкi

      23. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

      Басқарма мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк есебінен қалыптастырылады.

      24. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады