"Астана қаласының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесін "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен қайта құру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 107-610 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 107-1903 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 27 қарашада № 973 болып тіркелді. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 107-900 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 16.03.2021 № 107-900 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 02.06.2017 № 107-1110 қаулысымен.

      1. "Астана қаласының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесін "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен қайта құру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 107-610 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 23 мамырда № 814 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырдағы № 58 (3115) "Астана ақшамы" және 2014 жылғы 29 мамырдағы № 57 (3133) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 16-тармағы мынадай мазмұндағы 45), 46), 47), 48), 49) тармақшалармен толықтырылсын:

      "45) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

      46) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

      47) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;

      48) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;

      49) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді.".

      2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Э.А. Суханбердиеваға осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласының әкімі

Ә. Жақсыбеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады