Астана қаласының аумағында коммуналдық ақылы автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 108-1875 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 30 қарашада № 974 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 9-бабы 26) тармақшасына, «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 42-1 бабына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының аумағында коммуналдық ақылы автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. «Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Сулейменов Еділ Нұрланұлына осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Рахатұлы Әлиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       Ә.Жақсыбеков

Астана қаласы әкімдігінің  
2015 жылғы 21 қазандағы 
№ 108-1875 қаулысымен   
бекітілген        

Астана қаласының аумағында коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарды (паркингтерді) пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Астана қаласының аумағында коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарды (паркингтерді) пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» заңдарына сәйкес әзірленген, Қазақстан Республикасы астанасының аумағында орынтұрақ қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаттарын белгілейді, сондай-ақ астананың жергілікті атқарушы органының орынтұрақ қызметі саласындағы өкілеттіктерін айқындайды.
      2. Осы Қағиданың талаптарында:
      1) Астана қаласының көше-жол желісіне жүктемені азайту және көшелердің өткізу қабілетін арттыру;
      2) орынтұрақ кеңістігі нысандарында тәртіптің қамтамасыз етілуі;
      3) халықтың арнайы топтарына арналған орынтұрақ орындарының қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделеді.
      3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) диспетчер - құзыретіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасына (бұдан әрі - ІІД ӘПБ) орынтұрақ инспекторлары куәландырған әкімшілік бұзушылықтар фактілеріне қатысты жедел ақпарат беру кіретін, уәкілетті орган айқындаған адам;
      2) орынтұрақ инспекторы - ақылы автоорынтұрақ басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қызметкері;
      3) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орын (паркинг) - астана аумағында орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және көлік құралдарының тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған, астананың жергілікті атқарушы органы айқындаған, автомобиль жолының бөлігі болып табылатын және жүру бөлігімен және (немесе) тротуармен, жол жиекпен, эстакадамен немесе көпірмен шектесетін немесе эстакада астындағы және (немесе) көпір астындағы кеңістіктердің, алаңдардың және көше-жол желісінің өзге де нысандарының, сондай-ақ астананың жергілікті атқарушы органының коммуналдық меншігіндегі тұрған және әкімшілік ғимараттары аумақтарының бөлігі болып табылатын орындар;
      4) орынтұрақ сессиясы - көлік құралын коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орынға (паркингке) қоюдың (оны пайдаланудың) уақыт кезеңі, көлік құралының коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орында (паркингке) тұрған сәті оның басталуы болып есептеледі және көлік құралының коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орыннан (паркингтен) алынуы оның аяқталуы болып есептеледі;
      5) паркоматтар - орынтұрақ үшін ақы алуға және тұру уақытын есептеуге арналған арнайы сертификатталған құрылғылар;
      6) уәкілетті орган - астананың жергілікті атқарушы органы;
      7) аялдау - көлік құралының жүрісін жолаушыларды отырғызуға немесе түсіруге не көлік құралын тиеуге немесе түсіруге байланысты емес себептер бойынша бес минуттан асатын уақытқа әдейі тоқтату;
      8) тоқтап тұру - көлік құралының жүрісін бес минутқа дейін не, егер бұл жолаушыларды отырғызу немесе түсіру, көлік құралын тиеу немесе түсіру үшін қажет болса, одан да көбірек уақытқа әдейі тоқтату;
      9) пайдаланушы - көлік құралын коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орынға (паркингке) қоятын жүргізуші, сондай-ақ өзге адам;
      10) көлік құралының иесі - көлік құралының меншік иесі, сондай-ақ көлік құралын шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не өзге де заңды негізде иеленетін адам;
      11) көлік құралы - адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты жолдармен тасымалдауға арналған құрылғы;
      12) халықтың арнайы топтары - уәкілетті орган айқындаған, коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарда (паркингтерде) көлік құралын тегін қоюға құқығы бар адамдар тобы («Алтын қыран» және «Халық қаһарманы» ордендерімен наградталған адамдар, бала кезінен мүгедектер мен I және II топтағы мүгедектер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, майдандағы әскер құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілер, ұрыс қимылдарының ардагерлері, «Алтын алқамен» және «Күміс алқамен» наградталған және бұрын «Батыр ана», сондай-ақ I, II және III дәрежелі «Ана даңқы» ордендерін алған көп балалы аналар, Семей сынақ ядролық полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен адамдар, әскери қызметтен шығарылған немесе әскери жиындарға шақырылған, Ауғанстан Демократиялық Республикасында (бұдан әрі - Ауғанстан), ұрыс қимылдары болған басқа да елдерде интернационалдық борышын орындаған азаматтар).

2. Уәкілетті органның өкілеттіктері

      4. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
      1) базалық тарифті бекіте отырып, коммуналдық ақылы автомобиль орынтұрағының (паркингтердің) орындарын айқындауды;
      2) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарды (паркингтерді) пайдалану тиімділігін талдауды;
      3) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындардың (паркингтердің) аумақтарында орындарды пайдалану жөніндегі үйлестіруді;
      4) Қағиданы қолдану бойынша түсіндіру жұмысын;
      5) автомобиль орынтұрағы орындарының қолжетімділігі және коммуналдық ақылы автомобиль орынтұрағына (паркингке) сұранысты реттеу мақсатында коммуналдық ақылы автомобиль орынтұрақтарының (паркингтердің) жұмыс режимін реттеуді;
      6) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарды (паркингтерді) уақтылы жөндеуді - жолақтарды жаңартуды, бұзылған белгілерді ауыстыруды, орынтұрақтың бөлігі болып табылатын жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді;
      7) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындардың (паркингтердің) аумағын жинауды;
      8) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындардың (паркингтердің) аумағында Қағида талаптарының орындалуына мониторингті және бақылауды;
      9) саll-орталықты пайдалану арқылы орынтұрақ қызметтерін көрсету сапасын жақсартуды;
      10) астанада мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілген жағдайда коммуналдық ақылы автомобиль тұрақтарының (паркингтердің) жұмысын уақытша тоқтата тұруды жүзеге асырады;
      11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарды
(паркингтерді) пайдалану

      5. Коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарды (паркингтерді) пайдалану өрт, санитариялық құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарына қатаң сәйкестікте орындалады.
      6. Коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарда (паркингтерде) мынадай ақпарат:
      1) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орынның (паркингтің) түрі;
      2) орынтұрақ аймағының сызбасы;
      3) нақты аймаққа қолданылатын тариф, төлеу тәртібі;
      4) орынтұраққа төлеу әдістерінің тізбесі;
      5) саll-орталықтың телефоны қамтылуға тиіс.
      7. Көлік құралдарының коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орында (паркингте) аялдаудың ең ұзақ мерзімі - 24 (жиырма төрт) сағаттан аспауға тиіс.
      8. Коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарда (паркингтерде) пайдаланылатын жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдары:
      1) стационарлық және мобильдік нысандар;
      2) ақы алу нысандары;
      3) орынтұрақ инспекторының бұзушылықтарын фото-, бейне тіркеудің мобильдік кешендері, орынтұрақ инспекторының көлік құралына тіркелген бұзушылықтарының фото-, бейне тіркеудің мобильдік кешендері.
      9. Бұзушылықтарды фото, бейне тіркеудің мобильдік және стационарлық кешендерінен басқа, коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарда (паркингтерде) орнатылған жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдары, жұмыс істеуге арналған стационарлық және мобильдік нысандар, оның ішінде ақы алу нысандары, бейнебақылау нысандары орынтұрақтың бөлігі болып табылады.
      10. Үшінші тұлғалардың коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орында (паркингте) көлік құралдарын айдай әкетуінің және/немесе оларға келтірген залалдың тәуекелдерін көлік құралдарының иелері, коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындардың (паркингтердің) меншік иелерінің кінәсі бойынша келтірілген залал жағдайларын қоспағанда, дербес көтереді.

4. Коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындардың (паркингтердің) аумағында төлем жүргізу және көлік құралдарын қою тәртібі

      11. Көлік құралдарын коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарына (паркингтерге) қою уәкілетті органның шешімі бойынша ақылы болып табылады. Коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орынның (паркингтің) аумағына растау құжаттары (рұқсат) болған кезде мынадай көлік құралдарын тегін қоюға болады:
      1) тиісті анықтау белгілері, түрлі-түсті графикалық бояулары мен жазбалары бар төтенше жедел қызметтерінің (жедел медициналық көмектің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери полициясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің) көлік құралдары;
      2) «Алтын қыран» және «Халық қаһарманы» ордендерімен наградталған адамдарға тіркелген көлік құралдары;
      3) мүгедектердің көлік құралдарын қоюға арналған, тиісті жол белгілерімен немесе таңбаларымен белгіленген орындарда көлік құралдарын тікелей жүргізетін не олардың ішінде отырған бала кезінен мүгедектер мен I және II топтағы мүгедектерге тіркелген көлік құралдары (оның ішінде мүгедектердің арнайы көлік құралдары), сондай-ақ мүгедек баланың заңды өкілдеріне тіркелген көлік құралдары;
      4) көлік құралдарын тікелей жүргізетін не олардың ішінде отырған Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, майдандағы әскери құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, сондай-ақ ұрыс қимылдарының ардагерлеріне тіркелген көлік құралдары;
      5) көлік құралдарын тікелей жүргізетін не олардың ішінде отырған «Алтын алқамен» және «Күміс алқамен» наградталған және бұрын «Батыр ана», сондай-ақ I, II және III дәрежелі «Ана даңқы» ордендерін алған көп балалы аналарға тіркелген көлік құралдары;
      6) Семей сынақ ядролық полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен адамдарға тіркелген көлік құралдары;
      7) көлік құралдарын тікелей жүргізетін не олардың ішінде отырған әскери қызметтен шығарылған немесе әскери жиындарға шақырылған, Ауғанстанда, ұрыс қимылдары болған басқа да елдерде интернационалдық борышын орындаған азаматтарға тіркелген көлік құралдары.
      12. Жеке көлікті коммуналдық ақылы автомобиль орынтұрақтарына (паркингтерге) қою үшін халықтың арнайы топтарына жататын адамдардың коммуналдық ақылы автомобиль орынтұрағын (паркингті) пайдалануы кезеңінде өзімен бірге растайтын құжаты болуы қажет.
      13. Коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орынға (паркингке) қойғаны үшін ақы төлеу тәртібін уәкілетті орган жүзеге асырады. Ақы орынтұрақ сессиясы басталғаннан бастап алғашқы отыз минут ішінде төленуге тиіс. Төлеу мынадай тәсілдердің бірімен:
      1) банк карталарымен немесе қолма-қол ақша қаражатымен коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орынның (паркингтің) жанында орналасқан паркомат арқылы;
      2) көлік құралы жүргізушісінің виртуалдық орынтұрақ шотынан немесе банк картасынан ақша қаражаты алына отырып, Интернет-портал немесе мобильдік қосымша арқылы;
      3) SМS-хабарлама жолдау арқылы жүргізіледі.
      14. Көлік құралдарын коммуналдық ақылы автомобиль орынтұрағына (паркингке) қойғаны үшін ақы банк картасында немесе виртуалдық орынтұрақ шотында жеткілікті ақша қаражаты болған кезде алдын ала төлеу (аванстық төлей) негізінде ғана алынады.
      15. Пайдаланушы көлік құралын коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орыннан (паркингтен) орынтұрақ сессиясының алдын ала төленген уақыты аяқталғаннан кейін 10 (он) минут ішінде алуға не көлік құралын коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орынға (паркингке) қойғаны үшін алдын ала ақы төлеуі қажет.
      16. Коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындардың (паркингтердің) аумағындағы мына бұзушылықтар:
      1) орынтұраққа ақы төлеуден жалтару;
      2) растайтын рұқсатты ұсынбау не қолданылу мерзімі өтіп кеткен рұқсатпен немесе оның иесі осы көлік құралының иесі болып табылмаған кезде мүгедектер көлік құралдарының тоқтап тұруына немесе аялдауына арналған жерлерде көлік құралдарын тоқтатып тұру немесе аялдау;
      3) растайтын рұқсатты ұсынбау не қолданылу мерзімі өтіп кеткен рұқсатпен такси қызметтерінің тоқтап тұруына немесе аялдауына арналған жерлерде көлік құралдарын тоқтатып тұру немесе аялдау;
      4) көлік құралдарын тротуарда, жиекте тоқтатып тұру немесе аялдау;
      5) көлік құралын оқылмайтын, бейстандарттық немесе мемлекеттік стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған мемлекеттік тіркеу белгісімен, сол сияқты көлік құралының сол үшін көзделген орындарында орнатылмаған мемлекеттік тіркеу белгілерімен, сондай-ақ сәйкестендірілуіне кедергі келтіретін немесе оны қиындататын материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттік тіркеу белгілерімен қою;
      6) габариттері (салмағы және/немесе биіктігі және/немесе ұзындығы) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындардың (паркингтердің) орынтұрақ орындарының мөлшерлерінен асатын көлік құралдарын қою;
      7) жол белгілерінде немесе таңбаларында жазылған талаптарды сақтамау;
      8) көлік құралын орынтұрақ орындарынан тыс жерде 5 (бес) минуттан астам уақыт қою;
      9) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындардың (паркингтердің) аумағында көлік құралдарының жүрісі үшін кедергі келтіретіндей тоқтап тұру немесе аялдау және жүру;
      10) пайдаланушының жеңілдікті тоқтап тұру құқығын растайтын құжатсыз не қолданыс мерзімі өтіп кеткен рұқсатпен немесе оның иесі осы көлік құралының иесі болып табылмаған кезде тоқтап тұру;
      11) жөндеу жұмыстарының жүргізілуін көрсететін жол таңбаларынан/жол белгілерінен тыс тоқтап тұру;
      12) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орынның (паркингтің) аумағын толассыз жүру үшін пайдалану;
      13) басып озу;
      14) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындардың (паркингтердің) жұмысы уәкілетті органның шешімі бойынша уақытша тоқтатылған жағдайларда тоқтап тұру немесе аялдау;
      15) темекі, алкоголь және есірткі өнімін пайдалану;
      16) аумақты ластау, оның ішінде қалдықтарды лақтыру және қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер;
      17) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орынның (паркингтің) жабдығын бүлдіру;
      18) жол таңбаларының және жол белгілерінің бетін бүлдіру осы Қағиданың талаптарын бұзу болып есептеледі.
      17. Орынтұрақ инспекторы өз уәкілеттіктерін орындау шеңберінде бұзушылықты анықтаған кезде көлік құралының жүргізушісінен:
      1) жүргізушінің және/немесе иесінің коммуналдық ақылы автомобиль орынтұрағын (паркингті) жеңілдікті пайдалану құқығын растайтын;
      2) жүргізушінің және/немесе иесінің коммуналдық ақылы автомобиль орынтұрағын (паркингті) жеңілдікті пайдалану құқығын растауды салыстыру үшін жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды талап етуге құқылы.
      18. Қағида талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Об утверждении Правил пользования коммунальными платными автопарковками (паркингами) на территории города Астаны

Постановление акимата города Астаны от 21 октября 2015 года № 108-1875. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 30 ноября 2015 года № 974

      В соответствии с подпунктом 26) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года «О статусе столицы Республики Казахстан» и статьей 42-1 Закона Республики Казахстан от 17 апреля 2014 года «О дорожном движении», акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила пользования коммунальными платными автопарковками (паркингами) на территории города Астаны.
      2. Возложить на руководителя Государственного учреждения «Управление пассажирского транспорта города Астаны» Сулейменова Едиля Нурлановича опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан и на интернет-ресурсе акимата города.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Астаны Алиева Нурали Рахатовича.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким                                       А. Джаксыбеков

Утверждены            
постановлением акимата
города Астаны         
от 21 октября 2015 года
№ 108-1875            

Правила пользования коммунальными платными автопарковками
(паркингами) на территории города Астаны

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила пользования коммунальными платными автопарковками (паркингами) на территории города Астаны (далее - Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан «О дорожном движении»«О статусе столицы Республики Казахстан», устанавливают основные принципы организации и осуществления парковочной деятельности на территории столицы Республики Казахстан, а также определяют полномочия органов местного исполнительного органа столицы в области организации парковочной деятельности.
      2. Требования настоящих Правил предусматривают:
      1) снижение нагрузки на улично-дорожную сеть города Астаны и повышение пропускной способности улиц;
      2) обеспечение порядка на объектах парковочного пространства;
      3) обеспечение доступности парковочных мест для специальных групп населения.
      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) диспетчер - лицо, определенное уполномоченным органом, в компетенцию которого входит передача оперативной информации в Управление административной полиции Департамента внутренних дел города Астаны Министерства внутренних дел Республики Казахстан (далее - УАП ДВД) касательно фактов административных нарушений, засвидетельствованных парковочными инспекторами;
      2) парковочный инспектор - сотрудник организации, осуществляющей управление платной автопарковкой;
      3) коммунальная платная автопарковка (паркинг) - места, оборудованные специально сертифицированными устройствами, предназначенными для взимания платы за парковку и учета времени стоянки транспортных средств на территории столицы, определенные местным исполнительным органом столицы, являющееся частью автомобильной дороги и (или) примыкающее к проезжей части и (или) тротуару, обочине, эстакаде или мосту либо являющееся частью подэстакадных и (или) подмостовых пространств, площадей и иных объектов улично-дорожной сети, а также территорий жилых и административных зданий, находящихся в коммунальной собственности местного исполнительного органа столицы;
      4) парковочная сессия - период времени размещения (пользования) транспортного средства на коммунальной платной автопарковке (паркинге), началом которого считается момент размещения транспортного средства на коммунальной платной автопарковке (паркинге) и окончанием которого считается момент фиксации снятия транспортного средства с коммунальной платной автопарковки (паркинга);
      5) паркоматы - специальные сертифицированные устройства, предназначенные для взимания платы за парковку и учета времени стоянки;
      6) уполномоченный орган - местный исполнительный орган столицы;
      7) стоянка - преднамеренное прекращение движения транспортного средства на время более пяти минут по причинам, не связанным с посадкой или высадкой пассажиров либо загрузкой или разгрузкой транспортного средства;
      8) остановка - преднамеренное прекращение движения транспортного средства на время до пяти минут либо на большее время, если это необходимо для посадки или высадки пассажиров, загрузки или разгрузки транспортного средства;
      9) пользователь - водитель, а также иное лицо, размещающее транспортное средство на коммунальной платной автопарковке (паркинге);
      10) владелец транспортного средства - собственник транспортного средства, а также лицо, владеющее транспортным средством на праве хозяйственного ведения или праве оперативного управления либо на ином законном основании;
      11) транспортное средство - устройство, предназначенное для перевозки по дорогам людей, грузов или оборудования, установленного на нем;
      12) специальные группы населения - категория лиц определенная уполномоченным органом, имеющая право на размещение транспортного средства на коммунальных платных автопарковках (паркингах) бесплатно (лица, награжденные орденами «Алтын қыран» и «Халық каһарманы», инвалиды с детства и инвалиды I и II группы инвалидности, ветераны Великой Отечественной войны, военнослужащие, проходившие службу в воинских частях, штабах и учреждениях, входивших в состав действующей армии, ветераны боевых действий, многодетные матери, награжденные подвесками «Алтын алка» и «Күміс алқа», или получившие ранее ордены «Мать-героиня», «Материнская слава» 1, II и III степени, лица, пострадавшие вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне, граждане, уволенные с воинской службы или призывавшиеся на военные сборы, выполнявшие интернациональный долг в Демократической Республике Афганистан (далее - Афганистан) и других странах, в которых велись боевые действия.

2. Полномочия уполномоченного органа

      4. Уполномоченный орган, в пределах своей компетенции, осуществляет:
      1) определение мест коммунальных платных автопарковок (паркингов) с утверждением базового тарифа;
      2) анализ эффективности использования коммунальных платных автопарковок (паркингов);
      3) координацию по эксплуатации мест на территории коммунальных платных автопарковок (паркингов);
      4) разъяснительную работу по применению Правил;
      5) в целях доступности парковочных мест и регулирования спроса на коммунальную платную автопарковку (паркинг) регулирует режим работы коммунальных платных автопарковок (паркингов);
      6) своевременный ремонт коммунальных платных автопарковок (паркингов) - обновление разметок, замена испорченных знаков, техническое обслуживание оборудования, являющегося частью парковки;
      7) уборку территории коммунальных платных автопарковок (паркингов);
      8) мониторинг и контроль выполнения требований Правил на территории коммунальных платных автопарковок (паркингов);
      9) улучшение качества предоставления парковочных услуг путем использования саll-центра;
      10) в случае проведения культурно-массовых мероприятий в столице, осуществляет временное приостановление работы коммунальных платных автопарковок (паркингов);
      11) осуществляет иные полномочия, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

3. Эксплуатация коммунальных платных автопарковок (паркингов)

      5. Эксплуатация коммунальных платных автопарков (паркингов) выполняется в строгом соответствии с требованиями пожарных, санитарных строительных норм и правил.
      6. На коммунальных платных автопарковках (паркингах) должна содержаться следующая информация:
      1) тип коммунальной платной автопарковки (паркинга);
      2) схема парковочной зоны;
      3) тариф, применимый к конкретной зоне, порядок оплаты;
      4) перечень методов платы за парковку;
      5) телефон са11-центра.
      7. Максимальный срок стоянки транспортных средств на коммунальной платной автопарковке (паркинге) - не более 24 (двадцати четырех) часов.
      8. Технические средства организации дорожного движения, используемые на коммунальных платных автопарковках (паркингах):
      1) стационарные и мобильные объекты;
      2) объекты взимания платы;
      3) мобильные комплексы фото, видеофиксации нарушений парковочного инспектора, мобильные комплексы фото, видеофиксации нарушений, закрепленных за транспортным средством парковочного инспектора.
      9. Технические средства организации дорожного движения, установленные на коммунальных платных автопарковках (паркингах), стационарные и мобильные объекты, предназначенные для функционирования, в том числе объекты взимания платы, объекты видеонаблюдения являются частью парковки, кроме мобильных и стационарных комплексов фото и видеофиксации нарушений.
      10. Риски угона и/или ущерба, причиненного транспортным средствам третьими лицами на коммунальной платной автопарковке (паркинге), владельцы транспортных средств несут самостоятельно за исключением случаев, при которых ущерб причинен по вине собственников коммунальных платных автопарковок (паркингов).

4. Порядок оплаты и размещения транспортных средств на
территории коммунальных платных автопарковок (паркингов)

      11. Размещение транспортных средств на коммунальных платных автопарковках (паркингах) является платным по решению уполномоченного органа. На территории коммунальной платной автопарковки (паркинга), при наличии подтверждающих документов (разрешений) размещаются бесплатно следующие транспортные средства:
      1) транспортные средства экстренных оперативных служб (скорой медицинской помощи, Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан, Комитета национальной безопасности Республики Казахстан), имеющих соответствующие опознавательные знаки, цветографическую окраску и надписи;
      2) транспортные средства, зарегистрированные на лиц, награжденных орденами «Алтын қыран» и «Халық қаһарманы»;
      3) транспортные средства (в том числе специальные транспортные средства инвалидов), зарегистрированные на инвалидов с детства и инвалидов I и II групп, непосредственно управляющие либо находящиеся внутри данных транспортных средств, а также транспортные средства, зарегистрированные на законных представителей ребенка-инвалида, на местах для размещения транспортных средств инвалидов, обозначенными соответствующими дорожными знаками или разметкой;
      4) транспортные средства, зарегистрированные на участников Великой Отечественной войны, военнослужащих, проходивших службу в воинских частях, штабах и учреждениях, входивших в состав действующей армии, а также ветеранов боевых действий, непосредственно управляющие либо находящиеся в данных транспортных средствах;
      5) транспортные средства, зарегистрированные на многодетных матерей, награжденных подвесками «Алтын алқа» и «Күміс алқа», или получивших ранее звание «Мать-героиня», а также награжденные орденами «Материнская слава» I, II и III степени, непосредственно управляющие либо находящиеся в данных транспортных средствах;
      6) транспортные средства, зарегистрированные на лиц, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне;
      7) транспортные средства, зарегистрированные на граждан, уволенных с воинской службы или призывавшихся на военные сборы, выполнявших интернациональный долг в Афганистане и других странах, в которых велись боевые действия, непосредственно управляющие либо находящиеся в данных транспортных средствах.
      12. Для размещения собственного транспорта на коммунальных платных автопарковках (паркингах) лицам, относящимся к специальным группам населения, необходимо иметь при себе подтверждающий документ в период пользования коммунальной платной автопарковкой (паркингом).
      13. Порядок оплаты за размещение транспортных средств на коммунальной платной автопарковке (паркинге) осуществляется уполномоченным органом. Оплата должна быть произведена в течение первых тридцати минут с начала парковочной сессии. Оплата производится одним из следующих способов:
      1) через паркомат, расположенный вблизи коммунальной платной автопарковки (паркинга), с помощью банковских карт или наличных денежных средств;
      2) путем списания денежных средств с виртуального парковочного счета или банковской карты водителя транспортного средства через Интернет-портал или мобильное приложение;
      3) путем отправки SMS-сообщения.
      14. Оплата за размещение транспортных средств на коммунальной платной автопарковке (паркинге) взимается исключительно на основе предоплаты (авансовым платежом) при наличии достаточного количества денежных средств на банковской карте или виртуальном парковочном счете.
      15. Пользователю необходимо снять транспортное средство с коммунальной платной автопарковки (паркинга) в течение 10 (десяти) минут по истечении предоплаченного времени парковочной сессии либо произвести оплату за размещение транспортного средства на коммунальной платной автопарковке (паркинге).
      16. Нарушениями требований настоящих Правил считаются следующие нарушения на территории коммунальных платных автопарковок (паркингов):
      1) уклонение от уплаты за парковку;
      2) остановка или стоянка транспортных средств в местах, отведенных для остановки или стоянки транспортных средств инвалидов с непредъявлением подтверждающих разрешений, либо с предъявлением разрешения, срок действия которого истек или, если его владелец не является владельцем данного транспортного средства;
      3) остановка или стоянка транспортных средств в местах, отведенных для остановки или стоянки служб такси с непредъявлением подтверждающих разрешений либо с предъявлением разрешения, срок действия которого истек;
      4) остановка или стоянка транспортных средств на тротуаре, бордюре;
      5) оставление транспортного средства с нечитаемыми, нестандартными или установленными с нарушением требований государственного стандарта государственными регистрационными знаками, без государственных регистрационных знаков, а равно без установленных на предусмотренных для этого местах транспортного средства государственных регистрационных знаков, а также с государственными регистрационными знаками, оборудованными с применением материалов, препятствующих или затрудняющих их идентификацию;
      6) стоянка транспортных средств, габариты (вес и/или высота и/или длина) которых превышают размеры парковочных мест коммунальной платной автопарковки (паркинга);
      7) несоблюдение требований, предписанных дорожными знаками или разметкой;
      8) стоянка транспортного средства вне парковочных мест на время более 5 (пяти) минут;
      9) остановка или стоянка и движение на территории платных коммунальных автопарковок (паркингов), вызывающее препятствие для передвижения транспортных средств;
      10) . стоянка без предъявления документа, подтверждающего право пользователя на льготную стоянку, либо с предъявлением документа, подтверждающего право пользователя на льготную стоянку, срок действия которого истек или владельцем которого является лицо, не являющееся владельцем данного транспортного средства;
      11) стоянка за дорожной разметкой/дорожными знаками, указывающими на ведение ремонтных работ;
      12) использование территории коммунальной платной автопарковки (паркинга) для сквозного движения;
      13) обгон;
      14) остановка или стоянка в случаях, когда работа коммунальных платных автопарковок (паркингов) по решению уполномоченного органа временно прекращена;
      15) употребление табачной, алкогольной и наркотической продукции;
      16) загрязнение территории, в том числе выброс отходов и другие подобные действия, нарушающие общественный порядок и спокойствие физических лиц;
      17) порча оборудования коммунальной платной автопарковки (паркинга);
      18) порча покрытия дорожной разметки и дорожных знаков.
      17. В рамках исполнения своих полномочий парковочный инспектор при определении нарушения вправе потребовать у водителя транспортного средства следующие документы:
      1) подтверждающие право водителя и/или владельца на льготное пользование коммунальной платной автопарковкой (паркингом);
      2) удостоверяющие личность водителя, для сверки подтверждения права водителя и/или владельца на льготное пользование коммунальной платной автопарковкой (паркингом).
      18. Нарушение требований Правил влечет ответственность в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.