Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № А-4/123 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 мамырда № 4784 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/176 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 16.04.2021 № А-4/176 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.

      3. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ А-4/123 қаулысына
қосымша

Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 03.03.2020 № А-3/107 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Субсидия нормативі, теңге/килограмм

Шикі сүт

сары май

39

Шикі сүт

қатты ірімшік

42,7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады