"Көкшетау қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы"

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы № С-34/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 наурызда № 4675 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № С-2/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 26.04.2016 № С-2/8 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 24.12.2015 № С-44/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Көкшетау қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Бесінші шақырылған
Көкшетау қалалық мәслихатының 34-ші

кезектен тыс сессиясының төрағасы
А.Аузаров
      Бесінші шақыралған
Көкшетау қалалық

мәслихатының хатшысы
Б.Бегалин

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Көкшетау қаласының әкімі Е.Маржықпаев

      2015 жылғы "_____" ақпан

  Көкшетау қалалық мәслихатының
2015 жылғы 16 ақпандағы
№ С-34/2 шешімімен бекітілді

Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Көкшетау қаласында, Станционный кентінде, Красный Яр селолық округінде, Чайкино кентінде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады.
      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) тұрғын үй көмегін тағайындауды және төлеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес өтініш береді.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижесін беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 24.12.2015 № С-44/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
      5. Коммуналдық қызметтер бойынша шығындар жеткізушілердің коммуналдық қызметтер төлемдеріне ұсынған шоттары бойынша алынады.
      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган болып "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) анықталды.
      7. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің жеке өтінішіне сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады, тұрғын үй көмегі төлемдері коммуналдық қызметтердің жеткізушілеріне жіберіледі. Тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтері үшін өтемақы; жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар үшін өтемақы, отын (көмір) құнының шығыстарына өтемақы өтініш берушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 29.04.2015 № С-37/10 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      8. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын өкілетті орган қолданыстағы заңнамаларда белгіленген тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді.
      9. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі:
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминимум объектісінің жалпы мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      егер отбасының жиынтық табысы айына он жеті айлық есептік көрсеткіш аспаса жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге жалғыз тұратын зейнеткерлер, жалғыз басты аналар, 1, 2, 3 топ мүгедектері және мүгедек балалары бар отбасылар, көп балалы отбасылар, Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылардың отбасылары, интернационалист жауынгерлердің отбасылары үшін отбасының жиынтық табысының 6 % (пайыз), ал басқа аз қамсыздандырылған отбасылар (азаматтар) үшін 10 % (пайыз) мөлшері белгіленді.
      10. Жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминимум объектісінің жалпы мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың төлемдері және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр мөлшерінде қабылданады.
      11. Жергілікті жылу берілетін жекеменшік үйлерде тұратын отбасыларға тұрғын үй көлеміне қарамастан жылу беру маусымына өтемақылық норма 5 (бес) тонна мөлшерінде қатты отын белгіленді. Отын шығыны айына 1 шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшері есепке алынады. Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегі есептелген алдыңғы тоқсандағы, тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша қалалық ақпарат және статистика басқармасының ұсынған қала бойынша орташа баға пайдаланылады.
      12. Электрқуатын беру (тұтыну) нормасы бір адамға айына 150 (жүз елу) киловатт. сағат белгіленсін.
      13. Телекоммуникация тораптарына қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу ережесіне сәйкес жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады