Аршалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № А-104 "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № А-311 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 тамызда № 4954 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № А-178 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 21.05.2019 № А-178 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 4673 болып тіркелді) "Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Ақмола облысы әкімінің және Ақмола облыстық мәслихатының кейбір бірлескен шешімдеріне, Ақмола облысы әкімдігінің қаулылары мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" біргелікті Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 17 ақпандағы № 5С-34-6 шешіміне сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аршалы ауданы әкімдігінің "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" 2015 жылғы 26 ақпандағы № А-104 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 4687 тіркелген, "Вперед", "Аршалы айнасы" газеттерінде 2015 жылғы 25 наурызда жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      1 және 2 қосымшаларда мемлекеттік тілде "селосы" сөзі "ауыл" сөзімен, орыс тілінде "аул" сөзі "село" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданының әкімі аппаратының басшысы Ә.Қ. Балташевқа жүктелсін.

      3. Аршалы ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы ауданының әкімі Ж.Нұркенов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Аршалы аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Л.Асанова

      "21" 07 2015 жылғы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады