Аршалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 36/8 "Аршалы ауданының ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 тамыздағы № 44/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 қыркүйекте № 4974 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аршалы ауданық мәслихатының «Аршалы ауданының ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 36/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 4619 тіркелген, 2015 жылдың 13 ақпанда аудандық «Аршалы айнасы» газетінде, 2015 жылдың 13 ақпанда аудандық «Вперед» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      қосымшадағы мемлекеттік тілде барлық мәтіндер бойынша «селосы», «селолық», «селосының» сөздері «ауылы», «ауылдық», «ауылының» сөздеріне өзгертілсін;
      қосымшадағы орыс тілде барлық мәтіндер бойынша «аул», «аульный», «аула» сөздері «село», «сельский», «села» сөздеріне өзгертілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық маслихат
      сессиясының төрағасы                       К.Үстенбеков

      Аудандық маслихатының
      хатшысы                                    Ю.Сериков

      КЕЛІСІЛДІ

      Аршалы ауданының әкімі                     Ж.Нұркенов
      2015 жылғы 03 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады