"2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Бұланды ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № а-04/121 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № А-07/213 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 тамызда № 4918 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1)-тармақшасына сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Бұланды ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № а-04/121 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4771 тіркелген, 2015 жылғы 8 мамырда "Бұланды таңы", "Вести Буланды жаршысы" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулы келесі мазмұнда 3-1 тармағымен толықтырылсын:
      "3-1. Осы қаулының іс-әрекеті 2015 жылдың 1 қаңтардан бастап туындаған құқық қатынастарына таратылады".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімнің орынбасары Б.Ш. Тасылбековаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                Қ.Испергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады