"Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № а-5/222 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 шілдеде № 4857 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 сәуірдегі № а-4/131 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 23.04.2016 № а-4/131 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесіне, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы Д.Б.Есжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Қалжанов

  Есіл ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 27 мамырдағы № а-5/222
қаулысымен бекітілген

"Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы саласында өз құзыреті шегінде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020900, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 13.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде – "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде – государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Есильского района".
      11. Осы Ереже "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметі болып табылатын міндеттемені орындауға кәсіпкерлік субъектілерімен келісім шарт қатынастарына түсуге тыйым салынады.
      Егер "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заң күші бар актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген болса, онда осындай қызметтен алынған кіріс, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, агроөнеркәсіптік кешенді, астық нарығын, тұқым шаруашылығын, өсімдіктерді қорғауды, өсімдіктер карантинін және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту салаларындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
      15. Міндетері:
      1) ауыл шаруашылық өнімі өндірісінің тұрақты өсуі негізінде азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      2) мал шаруашылығының өнімділігін және өнімінің сапасын арттыру;
      16. Қызметтері:
      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiне қолданыстағы заңнамаға және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
      2) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      3) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерiн әзiрлеу;
      4) агроөнеркәсіптiк кешен саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны жергiлiктi атқарушы органға (әкiмдiкке) беру;
      5) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
      6) шаруашылық жүргізуші субъектілерін міндетті сақтандыруды ұйымдастыру;
      7) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша сақтанушыдан, сақтандырушыдан және агенттен сұрату және алу;
      8) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі тиісті аумақта егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу;
      9) өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ағымдағы жылы сақтандырылуға тиіс өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің тізбесін ұсыну;
      10) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыру;
      11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асыру;
      12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден және асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекітілген нысандар бойынша есептер қабылдау;
      13) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша бағалау туралы деректерді қабылдап, қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар ету;
      14) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық өнімді (материалды) жыл сайынғы өткізу көлемдеріне өтінімдер қабылдауды жүзеге асыру;
      15) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін асыл тұқымдық куәліктердің есебін жүргізу;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру;
      17. Құқықтары және міндеттері:
      1) "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне құзыретіне енетін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және басқа да материалдар, лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұрастыру және алу;
      2) "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарауына енетін мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
      3) "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      4) өкілеттіктер шегінде актілер шығару;
      5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қою;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өздерінің қызметтерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады.
      19. "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын өзінің орынбасарының өкілеттігін анықтайды.
      21. "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік және өзге де ұйымдарда көрсетеді;
      2) қабылдау кестесіне сәйкес, азаматтарды жеке қабылдайды, заңнамамен белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша тиісті шараларды қабылдайды;
      3) Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасы тәртібімен "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін қызметке тағайындайды және босатады;
      4) "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің штаттық кестесін және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      6) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қолданады және жеке жауапкершілікте болады;
      7) бюджет қаржысының нысаналы пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
      8) Қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес, оның құзыретіне енгізілген мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігін ол болмаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      22. "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік, коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өзі иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады