"Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № А-1/435 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 тамызда № 4945 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № А-3/165 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 15.04.2016 № А-3/165 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Зеренді ауданы
әкімінің міндетін атқарушы
Ж.Қалабаев

  Зеренді ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "29" 07 № А-1/435
қаулысымен бекітілді

"Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, мемлекеттің атынан мемлекеттік-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган басшысының бұйрықтары мен Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілер мен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Мемлекеттік органның құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 021200, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Мир көшесі, 58.
      9. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы - "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тіліндегі толық атауы - государственное учреждение "Отдел архитектуры, градостройтельства и строительства Зерендинского района".
      10. Осы Ереже "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Мемлекеттік органның қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен пайда әкелетін әрекеттерді жүзеге асыру құқығы ұсынылса, онда осындай әрекеттен түскен пайда мемлекеттік бюджет пайдасына жолданады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан аумағының қала құрылысын игеру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы заңнама нормаларына, мемлекеттік нормативтеріне және белгіленген тәртіппен бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес Зеренді ауданының аумағында сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.
      14. Міндеттері:
      1) Аудан аумағында сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізу;
      2) Тұрғын үйдің қол жетімді болуын көтеру, әлеуметтік-мәдени саладағы қазіргі заман талабына сай объектілерді құру. Зеренді ауданы тұрғындарын тұрақты және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
      3) Ауданның елді мекендерінің құрылыстық, көліктік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын кешенді қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған өкілеттіктерді экология мен қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес жүзеге асыру, сәулеттік, тарихи-мәдени мұра және табиғи кешенді сақтау;
      4) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тағы басқа міндеттерді атқарады.
      15.Функциялары:
      1) аудан аумағында қала құрылысының даму схемасын, сондай-ақ кенттер мен ауылдық елді мекендерінің бас жоспарларының жобаларын жасауды ұйымдастыру және аудандық мәслихатқа бекітуге ұсыну;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған жағдайларда мемлекеттік қажеттіліктер үшін алуға және мемлекеттік мақсаттар үшін жер телімдерін ұсынуға объектілер мен кешендерді орналастыру бойынша жұмыс комиссиясында қатысу және ұсыныстар әзірлеу;
      3) белгіленген тәртіп бойынша қала құрылыстық, сәулет-құрылыстық және басқа да жобалық (жобалық-сметалық) құжаттардың материалдарын келісіп бекітуге дайындау;
      4) құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдауды және оларды пайдаланушы ұйымдарға тапсыруды ұйымдастырады;
      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгілеген тәртібі бойынша салынып жатқан (салынайын деп жатқан) объектілер мен кешендердін мониторингісін жүргізу.
      6) Құрылыс, аумақтың инженерлік дайындығы, аудандық маңызы бар объектілерді қайта кәдеге жарату жөніндегі кешенді жұмыстарды жүргізу туралы аудан әкімдігінің қаулы жобаларын құрастыру;
      7) Жоғары тұрған ұйымдарға мемлекеттік мекеме өз құзырындағы мәселелер бойынша есептер мен ақпараттарды ұсыну;
      8) Мемлекеттік қала құрылыстық кадастр мәліметтер базасына енгізу үшін ақпарат және (немесе) мәліметтерді белгіленген тәртіпте ұсыну;
      9) "Мекенжайлық тіркелім" ақпараттық жүйесін енгізу және толтыру бойынша мониторинг;
      10) Тіреуіш және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелерді және жабдықтарды өзгертумен байланысты емес әрекеттегі ғимараттар бөлмелерін (жеке бөліктерін) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру;
      11) Сәулеттік – жоспарлау тапсырмаларын беру;
      12) Елді мекендерде сыртқы (көзкөрімдік) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру;
      13) Аудан аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын анықтау бойынша анықтама беру;
      14) "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұстауға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
      15) Бөлімге жүктелген құрылыс жобаларының жүзеге асырылуына бекітілген құрылыстық құжаттамасына сәйкес қадағалауды қамтамасыз етеді, құрылыс тәртібін сақтайды;
      16) жобалық жұмыстар, объектілердің құрылысы мен қайта жаңарту бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімін ұйымдастыру;
      17) Мемлекеттік сатып алулар бойынша шарттарды орындау.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша жобалау ұйымдары, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары және жобалардың мемлекеттік сараптамасы облыстық және аумақтық бөлімшелерімен өзара әрекет етуге құқылы;
      2) Сәулет және қала құрылысы саласында міндеттерді жүзеге асыру бөлігінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарларын әзірлеу мен келісуге қатысуға міндетті;
      3) Сот органдарына қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау бөлігінде мемлекет мүдделерін қорғауға жүгінуге құқылы;
      4) "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылған "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттарына жауап бермейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ;
      5) Құрылыстық, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды кешенді қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған өкілеттіліктерді экология мен қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті;
      6) Аудан әкімінің отырыстарына, аудан активіне, комиссияларға, жұмыс топтары мен ауданның мемлекеттік органдары өткізетін іс-шараларға қатысуға міндетті;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына жүктелген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқылы.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатылады.
      19. "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда және шегінде барлық ұйымдарда "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін ұсынады;
      сенімхаттар береді;
      "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тәртіптермен жоспарларын бекітеді;
      банкте шоттар ашады;
      "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлеріне арналған міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін белгілейді;
      "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;
      "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттау мен тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
      жемқорлыққа қарсы әрекет шараларын қолданады және бұл үшін дербес жауап береді;
      "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтық актілеріне қол қояды;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
      20. "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған мемлекетпен тапсырылған мүлік есебінен қалыптасады, және "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің балансында бағасы көрсетілетін негізгі қорлардан және айналым құралдарынан және де басқа да мүліктерден құрылады.
      22. "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады