"Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидасы туралы" облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 27 шілдедегі № 45 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 291 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 4311 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 351 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 351 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 364-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидасы туралы" облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 27 шілдедегі № 45 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3407 тіркелген, 2012 жылғы 21 және 23 тамызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің кіріспесінде және Қағиданың 1-тармағында, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына және 281-1-бабына" сөздері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 364-бабына" сөздерімен ауыстырылсын.
      22-тармақта "2001 жылғы 30 қаңтардағы" сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы Ғ. ЛАТЫПОВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады