Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қаңтарда № 4686 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 03.03.2017 № 118 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 29.09.2023 № 56 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 505-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, 2-2-тармағына және "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Үлгілік қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 тіркелген) сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 29.09.2023 № 56 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса берілген:

      1) алып тасталды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 29.09.2023 № 56 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 29.09.2023 № 56 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімге қосымшаға сәйкес облыстық мәслихаттың мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Облыстықмәслихаттың хатшысы
      Л. ЖАЗЫҚОВА С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

  2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 349 облыстық мәслихаттың
шешіміне қосымша

Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидалары

      Ескерту. Қағидалар алып тасталды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 29.09.2023 № 56 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 349 облыстық мәслихаттың
шешімімен бекітілген

Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 03.03.2017 № 118 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 23-15) тармақшасына сәйкес әзірленді және құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызметінің нысандарына қарамастан, барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ аула және қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды адамдар үшін Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 162 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Алып тасталды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 162 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қағидаларды мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) абаттандыру - сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитарлық тазалау бойынша) жиынтығы;

      2) аумақтарды жинау - тұрғындардың тіршілік әрекеттері нәтижесінде елді мекендерде түзілетін қоқыстарды (қалдықтарды) жинау, жою және залалсыздандыру мақсаты болып табылатын іс-шаралар кешені;

      3) аулаішілік аумақтар - шағын сәулет нысандарын, балалар, кір жаятын, контейнер алаңдарын, автокөлік орынтұрақтарын, декоративтік құрылыстарды, аулаға кіру, үйге өтпе жолдарды орналастыру үшін пайдаланылатын (бір аулада бірнеше жер пайдаланушылар болған жағдайда бекітілген аумақтың шекаралары пайдаланылатын аумақтың шекараларына барабар немесе тараптардың келісімдері бойынша анықталады) жерлер;

      4) бекітілген аумақ - осы Қағидалармен айқындалған, шекараларда жинау және күтіп-ұстау үшін бекітілген, жер учаскесі.

      Қалалар мен елді мекендердің аумақтарында бекіту нысандары болып табылады:

      бөлінген телімдер шекарасынан бастап өтпе жол жиегімен шектелген көше жақтағы аумақ;

      орамішілік аумақтарының телімдері;

      сақтау, жинақтау және басқа да мақсаттар үшін уақытша пайдаланылатын аумақ;

      іргелес жатқан аумақ;

      5) бөлінген аумақ - жерді пайдаланушының (заңды немесе жеке тұлғаға) иелігіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларда көзделген құқықта, уәкілетті органдардың құқықтық шешімдеріне сәйкес өзіне қарасты нысандарды орналастыру үшін пайдалануға берілген жер телімі;

      6) ғимарат - табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдiк-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн;

      7) жалпыға ортақ жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (жалпыға ортақ инженерлік жүйелер) орналасқан және оларға арналған жерлер;

      8) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар – халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер;

      9) жөн-жосықсыз төгілген қоқыс үйінділері – меншік нысанына қарамастан, жеке немесе заңды тұлғалардың қызметтерінің процесінде пайда болған қатты тұрмыстық қалдықты, ірі көлемді қалдықты, өндіріс және құрылыс қалдықтарын, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен (жөн-жосықсыз) шығару (орналастыру) немесе жинау;

      10) көлік жүретін бөлікті күтіп ұстау - автомобиль жолдарын пайдалану қағидасына жауап беретін, оның нәтижесінде жолдар мен жол құрылғыларының көлік - пайдаланудың жай-күйі сақталатын жұмыстар кешені;

      11) көше (көшенің көлік жүретін бөлiгi) – елді мекендер шекарасының шегiндегi автомобиль жолы;

      12) қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды шығару шарты - тапсырыс беруші мен орындаушы арасында қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды шығару жөнінде жасалынған заңды күші бар жазбаша келісім;

      13) қатты тұрмыстық қалдықтар – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;

      13-1) ірі габаритті қалдықтар – мөлшері биіктігі, ені немесе ұзындығы 0,5 метрден асатын, өзінің тұтыну қасиетін жоғалтқан заттар (жиһаз, тұрмыстық техника, сантехника және басқа да ірі заттар) болып табылатын өндіріс және тұтыну қалдықтары;

      14) қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды жинау және шығару - қатты тұрмыстық қалдықтар жәшіктерін арнайы автокөліктерге тиеу, қоқыс қораптарының, алаңдарын және оларға баратын жолдарды шашылған қоқыстан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан қайта өңдеу және жою орнына тасымалдау;

      15) қасбет – ғимараттың немесе құрылыстың сыртқы жағы;

      16) қоқыс жәшігі - қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған стандартты ыдыс;

      17) маңдайша – ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі жеке және заңды тұлғалардың меншікті (жалдайтын) ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылыстарының шегіндегі шатырлар мен қасбеттерде орналастырылатын, жеке және заңды тұлғаларды дараландыру құралдарын қоса алғанда, олардың қызмет түрі туралы ақпарат;

      18) өндіріс қалдықтары – өндіріс процесінде пайда болған және бастапқы тұтынушылық қасиеттерін толығымен немесе ішінара жоғалтқан шикізаттың, материалдардың, басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары;

      19) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;

      20) тротуар - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған жолдың элементі;

      21) уәкілетті орган – коммуналдық шаруашылықты реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      22) ұйым – абаттандыру саласында маманданып жүрген жеке немесе заңды тұлға;

      22-1) мамандандырылған ұйымдар - коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қайта өңдеу, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жатады;

      23) үй – адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк үдерістерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, мiндеттi түрде жер бетіне салынып, тұйық көлемді құрайтын, тіреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Yйдiң жер асты бөлiгi болуы мүмкiн;

      24) фриз – сәулеттік құрылыстың сол немесе басқа бөлігін аяқтайтын немесе көмкеретін көлденең жолақтар немесе таспалар түріндегі декоративтік құрылым;

      25) шағын архитектуралық нысандар – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

      26) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және жеке немесе заңды тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.

      27) алып тасталды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 29.09.2023 № 56 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      28) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – егде жастағы, мүгедектігі бар адамдар, өз бетінше жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды және (немесе) кресло-арбаларды пайдаланатын адамдар;

      29) жергілікті маңызы бар объектілер - әлеуметтік объектілерді құруға бағытталған мемлекеттік маңызы бар объектілер, оның ішінде: білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары, бос уақытты өткізу және (немесе) сауықтыру мақсатындағы үйлер мен ғимараттар, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының көпшілігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты басқа да объектілер.

      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 162 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 29.09.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.12.2023 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

2 - тарау. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру

1-параграф. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      4. Заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде жеке үй иелігіндегі аумақтарда, жеке қосалқы шаруашылықтар, жергілікті маңызы бар объектілердің иелері, бау-бақша және гараж кооперативтері, пәтер иелері кооперативтері, кондоминиумдарға қатысушылар, басқарушы компаниялар өздерінің нысандарына тиесілі барлық аумақтарда тазалықты сақтайды және тәртіпті қолдайды, абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулет нысандары, жарықтандыру, су бұрулар) зақымдануына және бұзылуына жол бермейді.

      Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда –Ақтөбе облыстық мәслихатының 13.12.2023 № 80 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Терілерді, металлдарды, аккумуляторларды соның ішінде қайталама шикізаттарды осы мақсаттар үшін белгіленбеген орындарда қабылдауға жол берілмейді.

      6. Автокөлік құралдарын осы мақсаттар үшін белгіленбеген орындарда жууға жол берілмейді.

      7. Жергілікті жерлерді ағымдағы санитариялық күтіп-ұстауды аумақтарды абаттандыру саласында маманданған ұйымдар жүзеге асырады.

      7-1. Алып тасталды – Ақтөбе облыстық мәслихатының 05.06.2020 № 532 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы жеке және заңды тұлғалар:

      1) дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етеді;

      2) кез келген меншік объектілеріне ұқыпты қарайды, мемлекеттік меншік объектілеріне залал келтірілген жағдайлар туралы тиісті органдарды хабардар етеді;

      3) көшелер және үй нөмірлері тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;

      4) қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулеттік нысандарды тиісті жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтіп-ұстайды.

      5) дауыс беруге тікелей қатысқан пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен кезде аулаішілік аумақтарда автокөліктер құралдары үшін қоршау орнатуға, сондай-ақ жолдың жүру бөлігіне жасанды бұдырлық орнатуға жол беріледі;

      6) жарамсыз (апаттық) көлік құралдарын (тіркемелерді) жалпыға ортақ жерлерде 10 күнтізбелік күннен артық орналастыруға жол берілмейді.

      Ескерту. 8 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 13.12.2023 № 80 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2-параграф. Аумақтарды жинауды ұйымдастыру

      9. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды жинау және күтіп-ұстау мынадай қызмет түрлерін қамтиды:

      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

      2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

      3) сыпыру;

      4) қамысты, қурайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;

      5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын ағымдағы жөндеу және сырлау.

      Ескерту. 9 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.04.2018 № 278 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда орналасқан парктерді, скверлерді, бульварларды, су айдындарын, жағажайларды, зираттарды, оның ішінде оларда орналасқан тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, саты баспалдақтарын жинауды заңды және жеке тұлғалар мен осы обьектілерге қызмет көрсететін және пайдаланатын аумақтарды бекіту субьектілері жүргізеді.

      11. Жеке және заңды тұлғалар, меншік түріне қарамастан, қарды шығаруды, іргелес аумақтарды (автотұрақтар, боксты гараждар, ангарлар, қоймалық қосалқы құрылыстар, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету нысандары) санитарлық тазалау және жинауды жүйелі түрде жүзеге асыратын субъектілермен шарт жасайды немесе өздері жүргізеді.

      Ескерту. 11 тармаққа өзгеріс енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан тротуарларды, жолаушылар көлігінің аялдама алаңын жинауды жүру бөліктерін жинауға және күтіп-ұстауға жауапты ұйымдар жүргізеді.

      13. Аялдама кешендерін және қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдама алаңында оларға іргелес аумақтарды, ақылы автотұрақтар, гараждардың аумақтарын, сондай-ақ кіреберіс жолдарды, іргелес аумақтарды жинауды және жууды олардың иелері жүзеге асырады.

      14. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізгізу кезінде құрылыс қоқыстарын осы жұмыстарды жүргізген ұйымдар шығарады.

      15. Су ағатын желілерде ластануды болдырмау үшін су ағатын коллекторларға, жауын суын қабылдайтын құдықтарға және арық жүйесіне қоқыстардың тасталуына жол берілмейді.

      16. Жерүстi инженерлік құрылыстарын пайдаланушы ұйымдар мен иелері инженерлiк желілердің қорғалатын аймақтарының шекарасында іргелес аумақтардың санитариялық күтіп-ұсталуын қамтамасыз етеді.

3-параграф. Күзгі – қысқы мезгілде қалалар мен елді мекендердің аумақтарын тазартудың ерекшеліктері

      17. Күзгі – қысқы тазарту мезгілі қазаннан сәуірге дейін белгіленеді.

      18. Жолдарды қыста тазартуға мыналар кіреді:

      жол жабынын тығыздалмаған, жаңа жауған қардан, тапалған қар-мұз бен мұздан тазарту;

      көліктер мен жүргіншілердің қозғалысына арналған алаңдардан жол жамылғыларын тазалау кезінде жиналған қардан және сынықтардан тазарту (орын ауыстыру);

      көктайғаққа қарсы материалдарды пайдалана отырып, көліктің доңғалақтарының жол жамылғысымен ілінісу коэффициентін күрт төмендететін, көктайғақ қабыршақтарын жою.

      Қарды жинау мен сыпыру жол бетіндегі қардың қалыңдығы 4-5 сантиметрден аспай тұрған аралықта жүргізіледі. Қарды қар жауғаннан кейін 4 сағаттан кешіктірмей жинау қажет, қайтара жинау сол аралықта, ал қар толастамай жауғанда аяғына таман жиналады.

      Қарды шығару мына мерзімдерде жүргізіледі:

      Маңызды магистральдарында қар жамылғысы кемінде 6 сантиметр түскен кезде - екі тәуліктен, ал басқа жолдарда төрт тәуліктен кешіктірмей;

      Ал қар 6 сантиметрден аса түскенде - сәйкесінше төрт тәуліктен немесе жеті тәуліктен кешіктірмей.

      19. Саябақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезінде, жасыл желектердің сақталуы мен еріген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңдарда үюге рұқсат етіледі.

      20. Қысқы мезгілде жолдар, саябақ орындықтары, қоқыс қораптары және басқа да элементтер мен шағын сәулет формалары, сондай – ақ олардың араларындағы және жанындағы жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.

      Жолдың тротуарларымен жүру бөлігінде көшелердегі инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұздақтар осы желілердің иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғалармен бөлшектенеді және тазартылады. Бөлшектенген мұздақтар белгіленген орындарға шығарылады.

      21. Көшелер мен өтпе жолдардан қарды шығару, жергілікті атқарушы органмен айқындалған, белгіленген орындарда жүзеге асырылады.

      22. Қарды жинауға жауапты, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қарды уақытша жинау орындарын қар ерігеннен кейін қоқыстардан тазартады және абаттандырады.

      23. Тротуарлар мен көпірлерге шығатын баспалдақтар асфальт – бетон жамылғыларының барлық ені бойына жаңа жауған қар мен тапалған қардан (пайда болған қар-мұздақтардан) тазартылады, қар тоқтаусыз жауған кезеңде көктайғаққа қарсы материалдармен өңделеді.

      24. Аулаішілік аумақтар қар мен мұздақтардан асфальтқа дейін тазартылады. Мұздақ (көктайғақ) пайда болған жағдайда ұсақ құммен өңдеу жүргізіледі. Көктайғаққа қарсы күресу үшін ас тұзын пайдалануға жол берілмейді.

      25. Аула аумақтарынан, кварталішілік өтпе жолдардан және кәсіпкерлік нысандарының іргелес аумақтарынан аршылған қарды, жалпыға ортақ жерлерде жинақталуына жол бермей шығару қажет.

      26. Қысқы мезгілінде үй иелері және жалға алушылар баспалдақтарды, пандустарды, шатырларын қардан, мұздан және сүңгілерден уақытында тазарту жұмыстарын ұйымдастыруы қажет. Бұл жұмыстар кезінде жүргіншілер жолдары аймағы қоршауға алынады. Үйлердің төбесін қардан тазарту, көше жаққа бағытталған шатырлардан қар мен мұздақтарды тротуарларға лақтыру тек күндізгі уақытта жүргізілуі қажет. Шатырдың басқа бағыттарынан, жазық шатырлардан қар түсіру, аулаішілік аумақта жүргізіледі. Қарды түсіру алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жасалады. Үйлердің шатырларынан түскен қарлар, мұздар және сүңгілер жедел түрде жол жиегіне қарай жиналады және одан әрі көшені тазартушы заңды және (немесе) жеке тұлғалармен алып кетуі үшін дайындалады.

      27. Суағар құбырлардың аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға жол берілмейді.

4-параграф. Көктемгі – жазғы мезгілде қалалар мен елді мекендердің аумақтарын тазартудың ерекшеліктері

      28. Көктемгі - жазғы тазарту мезгілі сәуірден қазанға дейін белгіленеді.

      Көктемгі-жазғы тазарту көшелердің, тротуарлардың, алаңдардың көлік жүретін бөліктерін жууды, оларға су шашуды және сыпыруды көздейді.

      29. Жол жамылғыларын, осьтік және қосалқы жолақтарды, көшелер мен өтетін жерлерді сыпыру көліктің интенсивті қозғалысы бар магистралдар мен көшелерде түнгі мезгілде, қалған көшелерде күндізгі мезгілде жол жамылғысын алдын-ала сулау арқылы жүргізіледі.

      30. Тазарту жүргізген кезде көлік жүретін бөлік, тротуарлары, жол жиектері қандай да болмасын ластан, ұсақ қоқыстан, топырақтан және ірі қоқыстан толығымен тазартылуы тиіс.

      Аулаішілік аумақтар мен тротуарларды ұсақ тұрмыстық қалдықтардан, шаңнан сыпыру және оларды жуу жеке меншік пәтер иелері кооперативтерімен (бұдан әрі - ПИК), үй комитеттерімен жүзеге асырылады.

5-параграф. Қалдықтарды жинау және шығару

      31. Жеке және заңды тұлғалар, олардың қызметі нәтижесінде пайда болған коммуналдық қалдықтары пайда болған кезінен бастап қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді және қалдықтарға арналған контейнерлерде (бұдан әрі –контейнер) жинақтауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 31 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 162 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32. Коммуналдық қалдықтарды басқару Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26341 болып тіркелген) нормаларымен реттеледі.

      Ескерту. 32 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 162 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32-1. Өз қызметін қалалар мен елді мекендердің аумағында жүзеге асыратын заңды тұлғалардан, өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілерден сондай-ақ пәтер иелерінен және пәтер жалдаушылардан, жеке тұрғын үйлерден коммуналдық қалдықтарды шығару, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органмен өткізілетін, қалдықтарды шығару бойынша конкурсты (тендер) ұтқан, қоқыс шығарушы ұйымдармен шарт негізінде жүргізіледі.

      Ескерту. Қағидалар 32-1 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32-2. Іргелес аумақта құрылыс қалдықтарын және ірі габаритті қоқыстарды (қалдықтарды) контейнерлік алаңдарға жинауға жол берілмейді.

      Ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығару заңды және жеке тұлғалардың өздерімен немесе арнайы бөлінген орындарға шарт негізінде қоқыс шығарушы кәсіпорындармен жүргізіледі.

      Ескерту. Қағидалар 32-2 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 13.12.2023 № 80 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32-3. Жергілікті атқарушы органдар көп қабатты тұрғын үйлердің аумағында контейнерлер үшін арнайы алаңдарды, мамандандырылған көлік құралдары үшін қол жетімділікті қамтамасыз ете отыра орналастырады.

      Ескерту. Қағидалар 32-3 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32-4. Жеке және заңды тұлғаларға жол берілмейді:

      1) қоқыспен және тұрмыстық қалдықтармен ыдыстарды көшелерге, жалпы пайдалану орындарына, баспалдақ алаңдарына қоюға;

      2) мамандандырылған орындарды қоспағанда, үйінді жасауға, қоқысты жерге көмуге;

      3) контейнерлік алаңдардың аумақтарын ластауға, қатты тұрмыстық қалдықтарға жатпайтын, қоқыстарды контейнерлерге салуға және алаңдарға және оған іргелес аумақтарға жинауға;

      4) қазылған шұңқырларға құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды тастауға;

      5) жеке тұрғын үйлердің, ғимараттар мен құрылыстардың іргелес аумақтарына қоқыстарды жинауға.

      Ескерту. Қағидалар 32-4 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32-5. Жеке және заңды тұлғалар аулалық дәретханалардың шұңқырларын олардың толуына қарай тазартады.

      Ескерту. Қағидалар 32-5 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32-6. Жеке тұрғын үйлердің және тұрғын емес құрылыстардың меншік иелері күл жинауға арналған контейнерлерге ие болуға құқылы.

      Ескерту. Қағидалар 32-6 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32-7. Құрылыс қоқыстарын, жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде асфальттің сынықтарын шығару, жұмыстарды жүргізуші ұйымдармен қаланың басты магистральдарында - тез арада, қалған көшелер мен аулаларда – бір тәулік ішінде жүргізіледі.

      Ескерту. Қағидалар 32-7 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32-8. Қаланың аумағындағы өзендердің, су қоймаларының, каналдардың су айдындарынан қоқыстарды жинау және оларға іргелес аумақтарды күтіп-ұстау, қызмет көрсетуші ұйымдармен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. Қағидалар 32-8 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32-9. Жеке және заңды тұлғаларға іргелес аумақта ыдыстарды көгалдарға, киоскілерге және басқа сауда нысандарына, сауда шатырларының төбесіне жинауға жол берілмейді.

      Ескерту. Қағидалар 32-9 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32-10. Жұмыс үшін құрылыс алаңдарын, учаскелерді ұйымдастыру Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағидалар 32-10 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 08.12.2017 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      33. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол берілмейді.

      34. Алып тасталды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 162 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      35. Үй иелерінің аумағында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 болып тіркелген) талаптарына сәйкес мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады.

      Ескерту. 35 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 162 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      36. Контейнерлерге және контейнерлік алаңдарға тек коммуналдық қалдықтарды тастауға және жинауға жол беріледі.

      Ескерту. 36 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 162 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      37. Алып тасталды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 162 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      38. Контейнерлер босатылғаннан кейін сол жерде дезинфекциялық ерітіндімен өңделеді немесе босатылған орындарда өңдеуден өткен тазаларына ауыстырылады. Контейнерлерді өңдеу орындарын тазалауға, жууға және дезинфекциялауға арналған, ыстық және суық су өткізілген, судың ағып кетуі ұйымдастырылған құрылғылармен жабдықтау қажет.

      Ескерту. 38 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 162 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      39. Сұйық тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқыстарды қоқыс шығару құбырына тастауға болмайды.

      40. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй бар пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.

      41. Алып тасталды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 162 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      42. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдар:

      1) контейнерлік алаңдарды, контейнерлерді және оған іргелес аумақтарды санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;

      2) оларға уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлерді ауыстырады;

      3) қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.

      Ескерту. 42 тармақ жаңа редакцияда –Ақтөбе облыстық мәслихатының 13.12.2023 № 80 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      42-1. Алып тасталды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 13.12.2023 № 80 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      43. Коммуналдық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын жұмыскерлер контейнерлерден мамандандырылған көлікке түсіру кезінде төгілген қоқыстарды дереу жинайды.

      Ескерту. 43 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 29.09.2023 № 56 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      44. Вокзалдарда, базарларда, әуежайларда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлiгі аялдамаларында, кәсіпкерлік нысандарының кіреберістерінде қоқысқа арналған құтылар орнатылады. Халықтық жаппай баратын орындарында құтылар бір-бірінен кемінде 50 метр арақашықтықта, аулаларда, саябақтарда, алаңдарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта құтылар орнатылады. Жолаушылар көлiгі аялдамаларында және сауда объектілерінің кіреберістерінде екi құтыдан орнатылады.

      45. Құтыларды орнатуды, тазартуды және жууды аумақты пайдаланатын ұйымдар немесе аумаққа иелік ететін немесе пайдаланатын ұйымдар жүргізеді. Құтылар толуына қарай, бiрақ кемінде күніне бір рет тазартылады.

      Құтылар ластануына қарай, бiрақ кемінде аптасына бір рет жуылады.

6-параграф. Көшелерді, тұрғын үй орамдарын және шағын аудандарды абаттандыру

      46. Қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын қоса алғанда, халықтың барлық санаттары үшін жалпыға ортақ пайдаланылатын, тұрғын және рекреациялық мақсаттағы орындарға, сондай-ақ Заңның 20-бабының 23-16) тармақшасына сай бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін оңтайлы жағдайлармен және құралдармен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 46 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 05.06.2020 № 532 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      47. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген қалалар мен елді мекендердің аумақтарындағы абаттандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлері бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 47 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 05.06.2020 № 532 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      47-1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды өз қаражаты есебінен жүргізген адамдар күнтізбелік отыз күн ішінде бүлінген және (немесе) бұзылған абаттандырудың бастапқы пайдалану қасиеттерін қалпына келтіреді. Жолдар мен жаяу жүргіншілер тротуарларының жабындарын қозғайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды жүргізген адамдар бастапқы жабын материалынан бүлінген және (немесе) бұзылған жабынның бастапқы пайдалану сапасын қалпына келтіреді.

      Ескерту. Қағидалар 47-1 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 29.09.2023 № 56 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      48. Қарамағында жер асты коммуникациялары бар ұйымдар, көшенің жүру бөлігі мен жүргінші жолдарында орналасқан люктер мен құдықтардың қақпақтарының болуын және жарамды күйде күтіп-ұсталуын бақылауды жүзеге асырады, олар зақымдалған немесе бұзылған жағдайда дереу қоршалады және бір күннің ішінде олармен қалпына келтіріледі.

      49. Облыстың елді мекендерінің аумақтарындағы жол жамылғыларының, тротуарлардың, көкжелектердің және басқа да нысандардың, шаруашылық элементтерінің бұзылуымен байланысты, жер қазу және өзге де жұмыстарды жүргізетін барлық заңды және жеке тұлғалар, тиісті жергілікті атқарушы органнан жұмыстарды жүргізуге рұқсат алады.

      50. Құрылыс, жөндеу, коммуникацияларды қайта жаңарту кезінде жұмыстарды рұқсатсыз жүргізу жер қазу жұмыстарын өз еркімен жүргізу болып танылады.

7-параграф. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау

      51. Қарамағында ғимараттар мен құрылыстар бар жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері көрсетілген объектілердің қасбеттерін және олардың жекелеген элементтерін (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қасбеттерде орналастырылған ақпараттық тақтайшаларды, ескерткіш тақтайларды таза және дұрыс жағдайда ұстайды. Ұйымдар мен кәсіпорындардың меншік нысанына қарамастан жарықпен безендіру жүргізіледі.

      51-1. Жарнамаларды, хабарландыруларды және ақпараттық хабарламаларды ғимараттарға, дуалдарға, қоғамдық көлік аялдамаларына, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және ілуге жол берілмейді.

      Ескерту. Қағидалар 51-1 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 29.09.2023 № 56 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда –Ақтөбе облыстық мәслихатының 13.12.2023 № 80 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      52. Көп қабатты тұрғын үйлердің көшеге шығатын қасбеттерінде спутникалық антенналарды орнатуға жол берілмейді.

      53. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың конструктивтік элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді.

      54. Ғимараттардың, құрылыстар мен үй-жайлардың, оның ішінде шағын және орта бизнес нысандарының қасбеттеріне жазуы бар маңдайшалар ілуге жол берілмейді:

      1) терезе және есік орындарын жауып тастауға;

      2) маңдайшаларды тұрғын орынжайлар шегінде, соның ішінде қасбеттің тұйық жағында орналастыруға;

      3) маңдайшаларды лоджия мен балконда орналастыруға;

      4) маңдайшаларды объектілер қасбеттерінің сәулеттік бөліктерінде, соның ішінде колонналарда, пилястраларда, ою-өрнектерде, жапсырылып мәнерленген заттарда орналастыруға;

      5) маңдайшаларды орнатылған мемориалдық тақтайшалардан кемінде екі метр қашықтықта орналастыруға;

      6) көше атауы мен үй нөмірінің сілтемелерін жабуға;

      7) маңдайшаларды қасбеттің үстіне сәнді-көркемдік және (немесе) мәтіндік бейнені (сырлау, жабыстыру әдісімен) тікелей салу;

      8) маңдайшаларды қоршау құрылғы (қоршауда, шлагбаумда) орналастыруға.

      55. Маңдайшалар мыналардан тұрады:

      1) ақпараттық алаңнан (мәтіндік бөліктен);

      2) сәнді-көркемдік бөлшектерден.

      Сәнді-көркемдік бөлшектердің биіктігі маңдайшының мәтіндік бөлігі биіктігінен бір жарым еседен аспауы тиіс.

      56. Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылғылардың сыртында орналастырылатын маңдайшалар мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

      1) маңдайшалар жоғарғы бір қатарда біркелкі көлденең сызықта (бірдей деңгейде, биіктікте) орналасуы керек;

      2) қасбет ұзындығынан 70 пайыз шегінде ұқсас өзара байланысқан бөлшектер кешені түріндегі (ақпараттық алаң (мәтіндік бөлігі) және сәнді - көркемдік бөлшектер) маңдайшаларды орналастыру кезінде әрбір көрсетілген бөлшектің барынша көлемі ұзындығынан 10 метрден аспауы тиіс;

      3) объект қасбетінде фриз болса, қабырғадағы маңдайша тек фризге ғана оның биіктігі бойынша орнатылады;

      4) объектінің қасбетінде күнқағар болса, қабырғадағы маңдайша күнқағардың фризінде оның мөлшері бойынша орналастырылуы мүмкін;

      5) терезелер мен сөрелерді безендіру мынадай талаптарға сәйкес жүргізіледі: витринаның әйнегінің ішкі жағынан орналастырылатын витриналық конструкцияның ең жоғары шектік көлемі витрина әйнегінің биіктігі бойынша жартысынан және витрина әйнегінің ұзындығы бойынша жартысынан аспауы тиіс;

      6) сөрелер бүлінбеуі керек және таза ұсталуы тиіс.

      57. Егер кәсіпкерлік субъект ғимараттардың, құрылыстар мен құрылғы иесі болса немесе оның ғимараттардың, құрылыстар мен құрылғылардың төбесінде маңдайшаларды орналастыру туралы шарты болса, рұқсат беріледі; 

      58. Маңдайшалар техникалық қалыпты жай-күйде ұсталу, кір мен өзге де қоқыстан тазартылу тиіс.

      59. Төбе құрылғыларындағы жарнаманы ақпараттық құрылғымен бірге бөлшектеу кезінде қаттылық пен бекітілудің құрылғы бөлшектерін (бұранды бірігулер, тірек бөлшектері, технологиялық жабынды және басқалар) бөлшектеу қажет. 

      60. Маңдайшаларды орналастыру эскиздері сәулет және қала құрылысы, тілдерді дамыту салалары бойынша жергілікті атқарушы органдармен келісілуі тиіс.

8-параграф. Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп-ұстау

      61. Көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарығын қосу жергілікті атқарушы орган бекіткен кесте бойынша табиғи жарық деңгейінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі – таңғы күңгіртте 10 люкске дейін артуы кезінде жүргізіледі.

      62. Сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желілерінің элементтері, металл бағаналары, кронштейндер тазалықта ұсталып, тот басу ошағы болмай, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиісті ұйымдар жүзеге асырады.

      63. Алаңдардағы, магистральдардағы және көшелердегі, аула аумақтарындағы шамдардың жанбауы белгілі бір аумақтағы жалпы санының 5 пайызынан аспауы керек.

      64. Орталық көшелердегі жарықтандыру және декоративті жарықтандыру элементтерін алмастыру және жөндеу бір тәулік ішінде жүзеге асырылады, қалған телімдерде үш тәулік ішінде.

      65. Істен шыққан құрамында сынап бар газ разрядты шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы бөлінген үй-жайларда сақталады және олар кәдеге жарату үшін арнайы кәсіпорындарға шығарылады. Көрсетілген шамдардың түрлері полигонға шығарылмайды.

      66. Электрлендірілген көліктің жарық және байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын шығаруды негізгі магистральдарда бағана иелері дереу жүзеге асырады, басқа аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелген бағаналар - тәулік ішінде шығарылады.

      67. Уәкілетті орган коммуналдық меншіктегі субұрқақтардың тиісті жағдайын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      68. Субұрқақтарды қосу мерзімдерін, олардың жұмыс істеу режимдерін, тостағандарын жуу және тазарту кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмыс істеуінің аяқталуын уәкілетті орган айқындайды.

      69. Субұрқақтар жұмыс істеп тұрған кезеңде судың беті күн сайын қоқыстан тазартылады. Пайдаланушы ұйымдар субұрқақтардың тазалығын жұмысы тоқтаған кезеңде де оларды тазалықта ұстайды.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      70. Осы Қағидалардың сақталуын бақылауды және өз құзыреттерінің шегінде шаралар қабылдауды ішкі істер органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ орман, балық және аңшылық шаруашылықтары саласындағы уәкілетті органдар жүзеге асырады.

      71. Осы Қағидалардың бұзылуына жол берген, жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

  2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 349 облыстық мәслихаттың
шешіміне қосымша

Облыстық мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидасы туралы" облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 21 қарашадағы № 71 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3462 тіркелген, 2014 жылғы 21 желтоқсанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған);

      2. "Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидалары туралы" облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 15 тамыздағы № 232 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4037 тіркелген, 2014 жылғы 30 қыркүйекте "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған);

      3. "Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидасы туралы" облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 21 қарашадағы № 71 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 264 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген, 2014 жылғы 21 желтоқсанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған);

      4. "Ақтөбе облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидалары туралы" облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 15 тамыздағы № 232 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 265 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4124 тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады