"Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 463 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 қаңтарда № 4709 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 413 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.09.2016 № 413 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ж.М. Бексарыға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкiмдігінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 463 қаулысымен
"БЕКІТІЛГЕН"

"Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес әзірленді және "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәртебесін және өкілеттігін айқындайды.
      "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесі, жергілікті атқарушы органның құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер саласында немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды өткізу және ұйымдастыру функцияларын іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
      3. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      12. Осы Ереже "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстың бюджетінен жүзеге асырылады.
      14. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырудан және өткізуден тұрады.
      16. Негізгі міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртібімен, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін теңдей мүмкіндік берілуін қамтамасыз ету;
      2) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      3) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаржыны оңтайлы және тиімді жұмсауды қамтамасыз ету.
      17. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыру;
      2) тапсырыс беруші электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырманы қарастыру;
      3) тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлеу және бекіту;
      4) конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
      5) конкурстық және аукциондық комиссия құрамын анықтау және бекіту, сонымен қатар облыс әкімінің төрағалығымен комиссия құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу;
      6) заңнамада белгіленген тәртіппен сараптама комиссиясын құру немесе сарапшыны тағайындау;
      7) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;
      8) конкурстық құжаттама мен аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру;
      9) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған тұлғаларды тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді тапсырыс берушіге жіберу;
      10) мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын заңнамаға сәйкес анықтау;
      11) заңнамада көзделген жағдайларда конкурс немесе аукцион тәсілдерімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджет есебіне енгізу немесе оны әлеуетті өнім берушіге қайтару;
      12) "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің статистикалық және бір мезгілдегі есептерін құрау бойынша жұмыстарын орындау;
      13) іс жүргізуді ұйымдастыру, кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеу, азаматтарды қабылдауды қамтамасыз ету;
      14) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді дамыту;
      15) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
      16) нормативтік-құқықтық актілерді дайындау, сонымен қатар жұмыс үдерісі мен әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      17) веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізу;
      18) мемлекеттік сатып алу саласында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтудың көлемдері туралы ақпаратты ескере отырып есеп-қисапты жинауды, қорытуды және талдауды жүзеге асыру.
      18. Құқықтары:
      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтар әзірлейді және қабылдайды;
      2) облыс әкімдігінің және әкімінің қарауына Ақтөбе облысының аумағында мемлекеттік сатып алу саласының негізгі бағыттарын дамыту, мәселелерін шешу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      3) мемлекеттiк органдардың, лауазымдық тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша белгiленген тәртiппен "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға қатысты мәселелер жөніндегі ақпарат сұратады және алады;
      4) мемлекеттік органдарда, сотта "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      5) өз құзыреті шегінде шарттар мен келісімдер жасайды;
      6) жалпы әкімшілік-аймақтық бірлік үшін есеп әкімшісі және веб-порталға есептілікті беруге жауапты болады.
      19. Міндеттері:
      1) функцияларды орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;
      2) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңдылықтармен белгіленген тәртіппен және мерзімдерінде қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
      3) сыбайлас жемқорлықпен күрестің үдерістерін сақтауды қамтамасыз ету.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      20. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесін басқаруды басшы жүзеге асырады, ол "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты береді.
      21. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      22. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалып және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      23. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:
      1) өз қызметін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;
      2) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      3) штат санының лимиті шегінде "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің штаттық кестесін бекітеді;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме төлеу, сыйақылау және тәртiптiк жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      5) заңнамаға сәйкес "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      6) бұйрықтарға қол қояды;
      7) шарттар жасайды;
      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары бойынша дербес жауапты болады;
      9) "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      10) "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, сонымен қатар өз орынбасарының өкілеттігін белгілейді;
      11) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      12) қызмет этикасы нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
      13) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;
      14) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджет қаражатының тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды.
      "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады