"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақы алуға және әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш бiлдiрген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ереженi бекiту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 382 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 489 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 1 ақпанда № 4728 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 260 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 04.07.2019 № 260 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 382 "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақы алуға және әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3718 тіркелген, 2014 жылғы 7 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақы алуға және әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ережеде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақы алуға және әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi № 246 "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы", 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы", 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" бұйрықтарына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнiң 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө "Учаскелiк комиссиялар туралы үлгiлiк ереженi бекiту туралы" Бұйрығына сәйкес әзiрлендi және учаскелiк комиссиялардың мәртебесi мен өкiлеттiгiн айқындайды.";
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Комиссия:
      уәкiлеттi органнан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнен құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күн iшiнде ұсынылған құжаттар және (немесе) атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер өтiнiш берушiнiң материалдық жағдайын тексерудiң нәтижелерi негiзiнде осы Ережедегi 1, 2 - қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қорытынды дайындайды және оны уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне бередi;
      құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күн iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Ережедегi 1, 2 - қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш бiлдiрген адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкiмiне жiбередi;".
      2. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады