Ақтөбе қаласында жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 692а қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 сәуірде № 4287 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 5962 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 28.09.2018 № 5962 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе қаласында барлық маршруттар үшін жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бір рет жүруге 55 (елу бес) теңге мөлшерде бірыңғай тариф белгіленсін.
      2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 1320 "Ақтөбе қаласында жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 28 сәуірде № 3850 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 52-53 "Ақтөбе", "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Қалдығұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Е.Омаров
      КЕЛІСІЛДІ:
Ақтөбе қалалық
мәслихатының хатшысы
С.Шынтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады