"Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 5075 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 1 ақпанда № 4729 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 4566 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 14.08.2017 № 4566 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауы "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      2. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Арынғазиеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Б.Сағын

  Қала әкімдігінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 5075 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ

"Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қала аумағында мемлекеттік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саясаты саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Президент, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, облыс әкімі және қала әкімінің өкімдері мен шешімдеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және мемлекеттік басқару органы Ақтөбе қаласының әкімдігі болып табылады.

      Мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті орган "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады.

      4. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тілде өз атауы мен мөрі, белгіленген үлгідегі бланкісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоты бар ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

      5. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан шыға алады.

      6. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері:

      Қазақстан Республикасы, 030000, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 289 "А".

      10. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      Мемлекеттік мекеменің орыс тіліндегі толық атауы: Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ города Актобе".

      11. Осы Ереже "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қала аумағында мемлекеттік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саясатын жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауға өкілетті мемлекеттік мекеме болып табылады.

      15. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі алдына келесі міндеттерді қойды:

      1) қала аумағында кедейлікті төмендету және тұрғындарды жұмыспен қамтуға ықпал ету бағдарламасын жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау және қолдауды ұйымдастыру;

      3) жұмыс іздеген, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға жәрдемақы, тұрғын үй көмегін тағайындауды сұрап келген азаматтарды қабылдау сапасын арттыру;

      4) қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;

      5) жұмыссыздықты қысқарту кезеңіне бағытталған жаңа прогрессивті үлгілер мен әдістер енгізу;

      16. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қойған келесі функциялары:

      1) оқу орындары мен бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәлімет қорларын жинақтау және осы негізде қала тұрғындарын және жұмыс берушілерді еңбек нарығының жағдайы, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, кәсіби оқу жөнінде ақпараттармен қамтамасыз ету;

      2) тұрғындардың әлеуметтік осал бөлігіне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын тағайындау және төлеу;

      3) тұрғындардың барынша мұқтаж бөлігіне бірінші кезекте көмек көрсетуді ұйымдастыруға ықпал жасау;

      4) аз қамтылған отбасыларды анықтап, қаладағы тұрғындардың осал бөлігі туралы мәліметтер қорын жинақтау;

      5) тұрғындар мен заңды тұлғалар арасында жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау заңнамалары бойынша ақпаратты - түсіндірме жұмысын жүргізу;

      6) жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың шешімдері мен қаулыларына сәйкес құжаттар қабылдау және жеңілдіктер ұсыну;

      7) жалғыз басты азаматтардың құжаттарын мүгедектер мен қарттар үйіне рәсімдеу;

      8) денсаулығына байланысты қамқорлық пен қорғаншылыққа мұқтаж кәмелет жасындағы азаматтарға қамқорлық және қорғаншылық рәсімдеу;

      9) тұрғындардың әлеуметтік осал бөлігін қорғау мәселесі бойынша (мүгедектер, белгілі тұрағы жоқ тұлғалар) мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс атқару;

      10) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына жүру ақысын рәсімдеу;

      11) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, мүгедектерге жеке көмекшілер және ымдау тілі маманы, техникалық көмекші (орынын толтырушы) құрылғылар, арнаулы қозғалып жүру заттары, санаторлы - курорттық емделу әлеуметтік қызметтерін ұсыну мен құжаттар қабылдау;

      12) арыз-шағымдарды қарау, азаматтарды қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру;

      13) сотта "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтарын ұсыну мен қорғау.

      17. "Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келесі құқықтары мен міндеттері бар:

      1) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардан, білім беру ұйымдарымен, мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын әртүрлі ұйымдардың оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтерді, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы, нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлануы мен бітіруі жоспарланып отырған мамандар саны туралы ақпарат сұратуға;

      2) жұмыс берушілерден кадрларға деген болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратуға;

      3) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту тәуекелдері бар кәсіпорындардың мониторингін жүзеге асыруға;

      4) жергілікті атқарушы органға қарау үшін ұсыныс беруге:

      а) жұмысқа орналасуда қиындық көретін әлеуметтік қорғауға мұқтаж тұлғаларды жұмысқа қабылдауға квота белгілеу туралы;

      б) жаппай жұмысшыларды босатуға байланысты шаралардың мерзімін ауыстыру немесе уақытша тоқтатуды жүзеге асыру туралы;

      5) атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегі мен 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды таңдап тексеру жүргізуде, арызданушының және оның отбасының материалдық жағдайын учаскелік комиссия тексеруі туралы шешім қабылдауға;

      6) мекемелерден арызданушының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, тұрғын үй көмегін тағайындау құқығын растайтын мәліметтер сұрауға;

      7) жалған мәлімет берген азаматтар мен лауазымды тұлғалар белгіленген заңнама тәртібінде жауапкершілікке тартылатыны жөнінде мәселе қоюға;

      8) атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегі, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын тағайындау кезінде заңнама бұзылғаны белгілі болған жағдайда рәсімдеуді тоқтатуға;

      9) "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметін бақылауды және жұмысына көмек көрсетуді жүзеге асыру;

      10) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және бұл туралы халыққа, орталық және жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беруге;

      11) құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс шараларды іске асыруға міндетті.

3. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылықты "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімінің өкімі бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі: 

      1) "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және ұйымдастырады, алдына қойған міндеттерін жүзеге асыруға жүктелген қызметтеріне жеке басымен жауап береді.

      2) "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және секторлардың құрылымын штаттық кестеге сәйкес бекітеді;

      3) өз орынбасарларының және сектор меңгерушілерінің өкілеті мен міндеттерін белгілейді;

      4) заңға сәйкес қызметкерлерді лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;

      5) белгіленген заңнамалық тәртіпте қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады;

      6) "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды;

      7) секторлар туралы ережені бекітеді;

      8) барлық мемлекеттік органдар, басқа да мекемелер алдында "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсынады;

      9) қызметкерлердің іссапар, тәжірибе жинақтау, біліктілігін арттыру жөніндегі жоспар және тәртібін бекітеді;

      "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік.

      24. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық жеке меншік болып табылады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және оның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1) "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі;

      2) "Ақтөбе қаласының белгілі тұрағы жоқ тұлғаларды және қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Әлеуметтік жәрдем орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады