Аудандық мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 70 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 03 сәуірдегі № 200 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 сәуірде № 4307 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 116 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 26.09.2017 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 3529 тіркелген, 2013 жылғы 19 наурызда аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінің № 14 жарияланған) 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 70 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 1 тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы,
мәслихат хатшысы :
А. Кайрушев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады