Байғанин ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 наурыздағы № 155 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда № 4246 болып тіркелді. Күші жойылды Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 29.04.2016 № 18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Байғанин ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Н.Шекеева
      Мәслихат хатшысы Б.Турлыбаев

  Аудандық мәслихаттың
2015 жылғы 2 наурыздағы
№ 155 шешіміне қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 09.11.2015 № 191 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).


р/с
Елді мекендердің атаулары
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізілетін орындар
1
Қарауылкелді ауылы
Қарауылкелді ауылы Барақ батыр көшесі бойындағы "Байғанин аудандық Мәдениет үйі" Қазыналық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының алдындағы алаң
2
Жарлы ауылы
Жарлы ауылы Ардагерлер көшесі бойындағы ауылдық клубы ғимаратының алдындағы алаң
3
Ноғайты ауылы
Ноғайты ауылы Орталық көшесі бойындағы ауылдық клубы ғимаратының алдындағы алаң
4
Ебейті ауылы
Ебейті ауылы Жеңіс көшесі бойындағы ауылдық клубы ғимаратының алдындағы алаң
5
Алтай батыр ауылы
Алтай батыр ауылының Бұлақ көшесі бойындағы "Асылтас" дүкенінің ғимараты алдындағы алаң
6
Жарқамыс ауылы
Жарқамыс ауылының Орталық көшесі бойындағы жаңа үлгідегі модельді Жарқамыс ауылдық кітапханасы ғимаратының алдындағы алаң
7
Кемерши ауылы
Кемерши ауылы Орталық көшесі бойындағы "Көркем" сауда дүкенінің ғимараты алдындағы алаң
8
Оймауыт ауылы
Оймауыт ауылы Мәдениет көшесі бойындағы ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң
9
Миялы ауылы
Миялы ауылы Жем өзені көшесі бойындағы ауылдық клубы ғимаратының алдындағы алаң

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады