"Байғанин ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы" 2015 жылғы 13 наурыздағы № 159 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 176 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 маусымда № 4391 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 28 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 07.07.2016 № 28 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Занының 43-1-бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 13 наурыздағы № 159 "Байғанин ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4279 санымен тіркелген, 2015 жылғы 9 сәуірде аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің атауындағы және мәтініндегі "айқындау", "айқындалсын" сөздері "ұсыну", "ұсынылсын" сөздерімен алмастырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Г. Елеуова
      Мәслихат хатшысы Б. Турлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады