"Байғанин ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2015 жылғы 2 наурыздағы № 155 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2015 жылғы 9 қарашадағы № 191 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 желтоқсанда № 4621 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 28 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 07.07.2016 № 28 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 2 наурыздағы № 155 "Байғанин ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4246 санымен тіркелген, 2015 жылдың 2 сәуірінде аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Т. Мұстафа
      Мәслихат хатшысы Б. Турлыбаев

  Аудандық мәслихаттың
2015 жылғы 9 қарашадағы
№ 191 шешіміне қосымша
  Аудандық мәслихаттың
2015 жылғы 2 наурыздағы
№ 155 шешіміне қосымша


р/с
Елді мекендердің атаулары
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізілетін орындар
1
Қарауылкелді ауылы
Қарауылкелді ауылы Барақ батыр көшесі бойындағы "Байғанин аудандық Мәдениет үйі" Қазыналық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының алдындағы алаң
2
Жарлы ауылы
Жарлы ауылы Ардагерлер көшесі бойындағы ауылдық клубы ғимаратының алдындағы алаң
3
Ноғайты ауылы
Ноғайты ауылы Орталық көшесі бойындағы ауылдық клубы ғимаратының алдындағы алаң
4
Ебейті ауылы
Ебейті ауылы Жеңіс көшесі бойындағы ауылдық клубы ғимаратының алдындағы алаң
5
Алтай батыр ауылы
Алтай батыр ауылының Бұлақ көшесі бойындағы "Асылтас" дүкенінің ғимараты алдындағы алаң
6
Жарқамыс ауылы
Жарқамыс ауылының Орталық көшесі бойындағы жаңа үлгідегі модельді Жарқамыс ауылдық кітапханасы ғимаратының алдындағы алаң
7
Кемерши ауылы
Кемерши ауылы Орталық көшесі бойындағы "Көркем" сауда дүкенінің ғимараты алдындағы алаң
8
Оймауыт ауылы
Оймауыт ауылы Мәдениет көшесі бойындағы ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң
9
Миялы ауылы
Миялы ауылы Жем өзені көшесі бойындағы ауылдық клубы ғимаратының алдындағы алаң

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады