Жайсаңбай селолық округі әкімінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 8 "Жайсаңбай селолық округінің Жайсаңбай селосының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 қаңтарда № 4189 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жайсаңбай селолық округі әкімінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 8 "Жайсаңбай селолық округінің Жайсаңбай селосының көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-143 тіркелген, 2011 жылдың 25 қазанында аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селосы", "селосының", "селолық" сөздері "ауылы", "ауылының", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Жайсаңбай ауылдық округінің
      әкімі

Ғ. БАЙТАҚОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады