"Қарғалы ауданының ауылдық елді мекендерге 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" 2015 жылғы 11 наурыздағы № 273 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 9 қазандағы № 347 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 қарашада № 4575 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1..Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 11 наурыздағы № 273 "Қарғалы ауданының ауылдық елді мекендерге 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 4273 тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірдегі аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің атауы мен 1 тармағындағы "2015 жылы" сөздері "2015 жылға" сөздерімен ауыстырылсын.
      2..Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы И.Кунакбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады