"Бадамша селосының көшелері мен тұйықтарын атау және қайта атау туралы" 2012 жылғы 16 мамырдағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 06 қарашадағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 желтоқсанда № 4619 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулуар енгізу туралы" Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бадамша ауылдық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі "Бадамша селосының көшелері мен тұйықтарын атау және қайта атау туралы" 2012 жылғы 16 мамырдағы № 1 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімде № 3-6-140 тіркелген, аудандық "Қарғалы" газетінің 2012 жылдың 4 маусымдағы № 31 санында жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген шешімінің мемлекеттік тіліндегі деректемелерді, атауы және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "ауылдық", ауылының" сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы К.Жиенбаеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қарғалы ауданының


      Бадамша ауылдық округі әкімінің м.а.

А.Ержанбаев

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады