2015 жылы әскерге шақыру учаскесіне тiркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қаңтарда № 4183 болып тіркелді. 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 маусымдағы "Әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Қобда ауданы әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2015 жылдың қаңтарынан наурызға дейінгі кезеңде "Ақтөбе облысы Қобда ауданы қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң шақыру учаскесiне тiркеу жылы он жеті жасқа толатын 1998 жылы туған ер жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тiркеуден өтпеген, Қобда ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тiркеуден өткiзу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
      2. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы азаматтардың шақыру учаскесiне тiркелуiн ұйымшылдықпен жүргiзудi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын, тiркеу қорытындысы туралы 2015 жылдың 10 сәуiрiнде аудан әкiмiне хабарласын.
      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Елеусіноваға жүктелсiн.
      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкiмi А.Жүсібалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады