Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 4 шілдедегі № 21 "Бұлақ ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру және атаулары өзгерту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 ақпанда № 4193 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V "Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизия және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Бұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 4 шілдедегі № 21 "Бұлақ ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру және атаулары өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-113 тіркелген, 2011 жылғы 18 тамызда "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
      "Бұлақ ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы";
      шешімнің орыс тіліндегі бүкіл мәтіні бойынша "аульного", "аула" сөздері тиісінше "сельского", "села" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі А.Темірбай
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады