2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 98 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 сәуірде № 4288 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27, 31 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1011 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 135 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1011 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылады.
      3. Ұсынылсын:
      1) "Мәртөк аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;
      2) Мәртөк аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) мерзімді әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.
      4. Ауылдық округ әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың және оқу орындарының басшылары әскерге шақырылушыларды "Мәртөк ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақырылғаны туралы хабардар етілуін және азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.
      5. "Мәртөк ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақыру қорытындысы туралы 2015 жылдың 5 шілдесінде және 2016 жылдың 5 қаңтарында аудан әкіміне ақпарат ұсынсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Күзембаеваға және "Мәртөк ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Утарбаевқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі Н. Қалауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады