2016 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеуден өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 желтоқсанда № 4635 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Мәртөк ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2016 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейінгі кезеңде "Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң әскерге шақыру учаскесiне тiркеу жылы он жеті жасқа толатын 1999 жылы туған Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарын, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, Мәртөк ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарын тiркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
      2. "Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын, тіркеу қортындысы туралы 2016 жылдың 11 сәуіріне дейін аудан әкіміне хабарласын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Күзембаеваға жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Қалауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады