Ойыл ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 02 наурыздағы № 218 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 наурызда № 4260 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 24 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 07.06.2016 № 24 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ойыл ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орыны болып:
      Ойыл ауылы Жолмырзаев көшесіндегі Ойыл аграрлық колледжіне іргелес "Даңқ" саябағы анықталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: Г. Жақиева
      Аудандық мәслихат хатшысы: Б. Бисекенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады