"Көптоғай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 9 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 тамызда № 4470 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Көптоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 8 "Көптоғай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-94 санымен тіркелген, 2011 жылғы 27 қазанда аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "аульного", "аула" сөздері тиісінше "сельского", "села" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Көптоғай ауылдық округінің әкімі Г. Амирова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады