"Бөгетсай селолық округіне қарасты, Бөгетсай селосының орталығынан көшелерге атау беру туралы" 2010 жылғы 28 маусымдағы № 7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 07 қыркүйектегі № 23 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 құркүйекте № 4514 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121–V "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Бөгетсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөгетсай селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2010 жылғы 28 маусымдағы № 7 "Бөгетсай селолық округіне қарасты, Бөгетсай селосының орталығынан көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-121 тіркелген, 2010 жылы 22 шілдеде аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
      "Бөгетсай ауылдық округі Бөгетсай ауылының көшелеріне атаулар беру туралы";
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелері және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Бөгетсай ауылдық округінің әкімі:

С.Жаназаров

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады