"Құдықсай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" 2009 жылғы 9 ақпандағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 14 шілдедегі № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 тамызда № 4461 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Құдықсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 09 ақпандағы № 2 "Құдықсай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-81 санымен тіркелген, 2009 жылдың 12 ақпандағы аудандық "Хромтау" газетіне жарияланған) мемлекеттік тіліндегі шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелері мен бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосында" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылында" сөздерімен ауыстырылсын;
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
      "Құдықсай ауылдық округінің елді мекендеріне көше атауын беру туралы";
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспе бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қантардағы № 45 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3.2 тармағына және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 шілдедегі "Ақтөбе облысының мекенжай тіркеліміне тіркеу тәртібі туралы және мекенжай құрылымы жөніндегі Ережені бекіту туралы" № 255 қаулысына," сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Ауылдық округінің әкімі

Н.Изтлеуов

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады