"Қызылсу селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы № 8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қызылсу ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 04 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 қыркүйекте № 4500 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V "Қазақстан Республикасының Конституциалық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциалық Заңына сәйкес, Қызылсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылсу ауылдық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2008 жылғы 28 қарашадағы № 8 "Қызылсу селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-70 тіркелген, 2008 жылғы 29 желтоқсанда аудандық "Хромтау" газетіне жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
      шешімнің кіріспе бөлігіндегі, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс Тұжырымдамасының 3.2. тармағына және Ақтөбе облысы әкімінің 2007 жылғы 24 шілдедегі № 255 "Мекенжай Тіркеліміне тіркеу туралы тәртібі және мекенжай құрылымы жөніндегі Ереже бекіту туралы" қаулысына сәйкес" сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қызылсу ауылдық округінің әкімі:

Н.М.Кульбаев

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады