"Тассай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 05 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тассай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте № 4517 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулуар енгізу туралы" Конституциялық заңына сәйкес, Тассай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тассай ауылдық округі әкімінің "Тассай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 05 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-72 тіркелген, 2008 жылғы 18 желтоқсанда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) мемлекеттік тіліндегі шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімінің мемлекеттік тіліндегі деректемелері, атауы және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше, "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспе бөлігіндегі ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қантардағы № 45 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3.2. бөлігіне және Ақтөбе облысы әкімінің 2007 жылғы 24 шілдедегі № 255 "Мекенжай Тіркеліміне тіркеу тәртібі және мекенжай құрлымы жөніндегі Ереже бекіту туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Тассай ауылдық округінің әкімі

Е.Абдиров

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады