Алматы облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 45-264 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 29 мамырда № 3185 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алматы облысының теміржол көлігі саласындағы әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлына жүктелсін (келісім бойынша).
      3. Алматы облыстық мәслхаты аппаратының басшысы Құрманбаев Ерлан Бақытжанұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыстық мәлихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы К. Дөнсебаев
      Облыстық 
      мәслихаттың хатшысы Е. Келемсеиіт

  Мәслихаттың 2015 жылғы "20" мамырдағы № 45-264 шешімімен бекітілген

Алматы облысының теміржол көлігі саласындағы әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесі


Қатынас
1
Жетіген-Достық-Жетіген

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады