Талдықорған қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы мәслихатының 2015 жылғы 11 наурыздағы № 302 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 06 сәуірде № 3125 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 25 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 20.05.2016 № 25 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына және "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі - кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсан сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
       Келесі тәртіп айқындалсын:
      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді;
      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушы) беріледі;
      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы келесі құжаттарды:
      өтінішті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес;
      алушының жеке басын куәландыратын құжатты;
      тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысын;
      мүгедектігі туралы анықтаманы;
      банктегі шоттың болуы туралы құжатты;
      Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес, кемтар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасын ұсынады;
      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап бір жылға тағайындалады және көрсетілген мерзімге тоқсан сайын төленеді;
      5) алғаш тағайындалған жағдайда оқытуға жұмсаған шығындары өтiнiш берген күннен бастап төленеді.
       Талдықорған қалалық мәслихатының аппарат басшысы Биғожанов Тимур Қапасұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
       Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың "Әлеуметтік қорғау заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
       Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кезекті ХХХХVІІІ сессияның төрағасы,
      қалалық мәслихат хатшысы М.Бопазов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады